Сабақ Өлшеу жұмыстарының материалдарын өндеу



бет1/4
Дата18.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457153
түріСабақ
  1   2   3   4
презентация

  • “Гидрометрия және гидрология” ПӘНІ
  • Оқытушы: Абдиров М. А.
  • Тараз 2022ж
  • Су өлшеу бақылауларын жазуға арналған кітапшаларды өңдеу
  • Су өлшеу бекетінде жүргізілген бақылау материалдарын өңдеу жұмысының құрамына:
  • 1) бақылаушының далалық кітапшашасын дұрыс және толық толтырылғанын анықтау максатында тексеру;
  • 2) бақылау нөлінің ақырғы келтіру шамасын есептеу және су деңгейі есептерін «0» графикке келтіру;
  • 3) бақылау нәтижелерін талдау;
  • 4) «Күнделікті су деңгейлерінің» жылдық кестесін кұрастыру кіреді.
  • Бекеттің бақылаушысы күн сайынғы жазбаларды алғашқы өңдеуден өткізеді, яғни анықталған су деңгейлерін «0» графикке келтіреді және орташа тәуліктік су деңгейін есептейді.
  • Бақылаушының жазбалары өткен айдың кітапшасы гидрологиялық станцияға келіп түсісімен тексеруден өткізіледі. Су деңгейінің мәнін есептеу келтіру шамасы тексеріліп, белгіленгеннен кейін барып жүзеге асырылады.
  • Бақылау материалдарын қадағалап тексеру үшін, көршілес бекетпен осы бекеттің су деңгейлері мәндерінің арасындағы байланыс графигі тұрғызылады. Мұндай графиктерді тұрғызу кезінде келтіру шамасына қатысты күдік туғызатын кезеңге қарағанда, анағұрлым ұзақ кезеңді қамтитын бақылау қатары пайдаланылады. Байланыс графиктерінен басқа, осы гидрологиялық станцияға бекітілген барлык бекеттер бойынша су деңгейі жүргісінің біріктірілген уақыт бойынша хронологиялық графиктері тұрғызылады және олардың үйлесімділігі тексеріледі. Су деңгейі жүргісі үйлесімінің бұзылғандылығы келтіру шамасының өзгеру сәті және осы өзгерістің сипаты мен шамасын айқындайды.
  • Далалық кітапшада су деңгейінің «0» графикке келтірілген шамасы бақылаушы жазбасының қатарына қызыл сиямен жазылады. Су деңгейінің лездік және қосымша бақылауларының ішінен су деңгейінің экстремалдық - ең жоғары және ең төменгі айлық мәндері таңдалады. Су деңгейінің экстремалдық мәндері таңдалғаннан кейін, су деңгейі шамаларының қасына шартты белгілермен мұздық түзілімдер көрсетіледі.
  • Бақылау материалдарын өңдеу кезінде келесі жұмыстар: жазбалардың толық және дұрыс жүргізілгенін тексеру; бақылаудың түпкілікті келтіру шамасын есептеу; бақылаулардың нәтижелерін сараптау; «Күнделікті су деңгейі» кестесін жүргізу тексеріледі.
  • Айкындалған шамаларды түпкілікті тексеріп сараптау үшін, гидрометеорологиялык байқаулардың кешенді графигі тұрғызылады (бұл график бір жылдық кезеңге тұрғызылады).
  • Су өлшеу бекеттерінде бақыланған су деңгейлері шартты түрде алынған салыстырмалы жазықтыққа, яғни гидрологиялық бекеттің «0» графигіне келтіріледі. Бекеттің «0» графигінің биіктік белгісі бекет жұмыс істейтін барлық кезең ішінде өзгермей тұрақты болып қалуы керек.
  • Бекетті орнату кезінде бекеттің «0» графигінің биіктік белгісі өзендегі (көлдегі) байқалуы мүмкін ең төменгі су деңгейінен 0,5 м кем емес шамада төмен орналасатындай етіп таңдалуы тиіс. Бұл арқылы ең төменгі су деңгейлері байқалған кездің өзінде «0» графиктің үстіндегі су деңгейінің есебі үнемі оң шамада болуына қол жеткізіледі. Арнасы тұрақсыз өзендерде бекеттің «0» графигі, байқалуы мүмкін өзен арнасының шайылу тереңдігін есепке ала отырып белгіленуі тиіс. Өзен арнасы терең болмаған жағдайда бекеттің «0» графигі бекет тұстамасындағы немесе одан ағысты бойлай аздап төмен орналасқан өзен арнасы түбінің ең төменгі биіктігіне қатысты алынады. Құламасы шамалы қысқа өзен учаскесінің (5-10 км) бойында бірнеше бекет орналасқан жағдайда, барлық бекеттер үшін ортак «0» графигін белгілеген орынды. Ортақ «0» графигін, сондай-ақ бір көлдің немесе бір бөгеннің жағалауында орналастырылған бекеттерге берген дұрыс. Бөгендерде «0» графигінің биіктік белгісі су қоймасының бөгетке жақын тұсындағы бөгеннің жобалық судан босау деңгейінің биіктік белгісінен 0,5-1,0 м төмен белгіленуі тиіс.
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет