2-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Циклдер
Бөлімі:
|
Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Циклдер
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушы үшін:
Циклдің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін кедергілерді біледі.
Оқушылардың көбі үшін:
Программаны орындау кезінде цикл тоқтамаса не істеу керектігіне мысал келтіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch ортасында циклдік алгоритмді іске асыруды үйренеді.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің ісәрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ)
Ұйымдастыру
кезеңі
1-7 мин
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Айдаһар» ойыны
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «Айдаһардың басы», соңындағы оқушылар – «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек. Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылардың сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді.
|
Топтастыру:
|
Топтастыру
«Социометрия» әдісі
Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жердің аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |