Сабақ тақырыбы : ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Сабақ мақсаты: 1



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі20.57 Kb.
#457763
түріСабақ
  1   2   3
Информатика сабақ жоспары № 1


Сабақ жоспары


Күні ___________ Пәні Информатика және ЕТН Курс І «а,б,в » Сабақ реті ___1____


Сабақ тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының
ережелері.
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Студенттердің өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда
көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Студенттерге эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: теориялық, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, таратпа материалдар, карточкалар
Пәнаралық, пәнішілік байланыс:


Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау- 7 мин
Жаңа сабақты түсіндіру- 18 мин
Жаңа сабақты бекіту- 10 мин
Үйге тапсырма беру –5 мин
Оқушыларды бағалау – 3 мин


І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру

  • Оқушыларды түгендеу



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
1. Қауіпсіздік техникасы ережесі туралы не білесіңдер?
2. Қандай алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білесіңдер?
3. Қандай көзді талдырмау және шаршатпау жаттығуларын білесіңдер?
Жаңа сабақ :
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

  5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

  7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет