(Әр топқа 3 минуттан 6 минут беріледі.) Ұпай саны-5
«Балаға ат қою» рәсімі жасалады.
Мұғалім сөзі:Сәбиге ат қоюдағы салт - дәстүр негізінен, қазақ халқында балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар.
Олар:
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою.
Есімдері: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
2. Балаға тіл - көз тимейді деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.
3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою.
Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою.
Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т. б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т. б.
7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою
Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит т. б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою.
Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою.
Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою.
Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б.
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою.
Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.
12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
13. Соңғы балаға ат қою.
Есімдері: Кенжебай, Кенже - гүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою.
Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т. б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою.
Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |