Сабақ тақырыбы 2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Менің мектебім



бет1/5
Дата15.03.2024
өлшемі1.95 Mb.
#495756
түріСабақ
  1   2   3   4   5
4-апта ҚМЖ



Пән:Дүниетану
Қысқа мерзімді жоспа бөлімі:
2.Менің мектебім

Мектеп: Болашақ кемеңгер


Күні: 20.12.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Маликқазы Л.Н

Сынып:1

Қатысқандар саны: 15
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Менің мектебім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1 Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындайды:
• Жалпы мектеп туралы ұғымды біледі;
• Мектептегі арнайы орындарды атауымен атайды;
• Кітапхана қызметінің маңызы туралы талқылайды.
Көптеген оқушылар орындайды:
• Әр түрлі кәсіп өкілдерін атауларымен сәйкестендіреді;
• Мектеп қызметкерлерінің атқаратын жұмысы туралы әңгімелейді.
Кейбір оқушылар орындайды:
• Мектеп қызметкерлерінің атқаратын жұмысы туралы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

• Мектептің адам өміріндегі рөлін анықтайды.
• Мектеп қызметкерлерінің атқаратын жұмысын анықтайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар
Басқаларды тыңдап,диалогқа қатыстыра отырып,өзі және мектептегі қызметкерлері мен олардың жұмысы туралы айта алады;
Негізгі сөздер,тіркестер:
Мұғалім-учитель-teacher
Кітапханашы-library
Аспаз-повар
Дәрігер-доктор-doctor
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Мектепте кімдер жұмыс істейді?
-Кім қайда жұмыс істейді?
-Кім қандай қызмет атқарады?
-Бұл кәсіптердің қайсысы маңызды?
-Бұл қызметкерлердің бізге қадай пайдасы бар?
-Олар жоқ болса қалай болады?



Құндылықтарға баулу

Оқушылардың мектепке және мектеп қызметкерлеріне деген құрметін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану,АКТ,Көркем еңбек



АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс, слайдпен жұмыс

Бастапқы білім

Мектеп туралы жалпы түсінігі бар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақты бастамас бұрын оқушыларды ынтымақтастыру мақсатында
Мен соғамын қоңырау”
Шарты: Оқушылар орындарынан тұрады.Мұғалім қоңырау соғып,түрлі жағдаяттар атайды,оқушылар оларды іс-әрекетпен көрсетеді.
• Сабақ басталды/оқушылар қолдарын жиып тұрады.
• Қоңырауға шығамыз/бір орында тұрып жүреді.
• Сабақ айтамыз/қолдарын көтереді.
• Оқимыз/алақандарын ашады.







Сабақтың ортасы
29 минут

Ұжыммен жұмыс: “Сұраққа жауап” әдісі арқылы жаңа
Балалар,мектепке ең алғаш келген күнді бір сәт еске түсірейік.
Менің қоған сұрағыма жауап беруге тырысайық.
-1-қыркүйек күні қайда келдіңдер?
-Мектепке
-Ең алғаш күні сендерді кім күтіп алды?
-Мұғалім
-Мұғалім сендерді қайда ертіп апарды?
-Сыныпқа
-Сыныпта сендер не істейсіңдер?
-Білім аламыз
-Білім алуға бізге не көмектеседі?
-Кітаптар
-Кітап қайда орналасқан?
-Кітапханада
Ой қозғау: “Маған көмектес” әдісі
-Мектеп деген кезде ойымызға қандай сөздер келеді ?
/оқушылар жауабы тыңдалады/
Мектепте жұмыс жасайтын қызметкерлердің құрал-жабдықтарын тауып көрейік

-Кәне тақтаға қарап жауабын тексеріп көрейік

Кері байланыс
-Мұғалімнің құрал-жабдықтарына нелер жатады?
-Дәрігердің құрал-жабдықтарына нелер жатады?
-Кітапханашының басты міндеті қандай?
-Аспазшылардың құрал-жабдықтарына нелер жатады?
-Бұл қызметкерлер бұл заттарсыз қызмет жасай алады ма?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет