Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Күні:
Сынып: 3 «Б», «В»
|
Мектеп: Кішкенекөл №1 орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні:Жүямерген Д.С
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қайырымды бала
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер негізінде мазмұндайды,
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін бойыншаоқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды,мәтіннің негізгі ойын түсінеді.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтінді өз бетінше мазмұндайды, тақырыпқа қатысты пікірін білдіреді.
|
Бағалау критерийлері
|
- оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- негізгі ойын анықтайды;
- жоспар және тірек сөздер негізіндемәтінді мазмұндайды.
|
Тілдік мақсат
|
Қайырымды, көтер
|
Жіктік жалғаулары
Мен ақылды+мын Біз ақылды+мыз
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
|
Пән аралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану
|
АКТ қолданудағдылары
|
Таныстырылым
|
Бастапқы білім
|
ІІ бөлім. «Әнел ақылды» № 5 сабақ.
|
Сабақтыңбарысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Ертеңгілік шеңбер «Жүректен жүрекке»
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
Сабақтың тақырыбын болжау
(Т) Оқушыларға шашылған суреттер беріледі, пазл ретінде жинайды. Жиналған суреттер бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді.
|
|
|
Әр топта қандай сурет шыққаны туралы айтады. Мұғалімнің көмегімен сабақтың тақырыбын болжайды. (Мысалы: торғай мен ұяның қандай байланысы бар? Ал жапырақтар ше?)
Қоршаған ортамызды қандай адамдар қорғайды?
Сөйтіп мұғалімнің жетелеуімен сабақтың тақырыбын анықтайды
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады)
- оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
- негізгі ойын анықтаймын;
-жоспар және тірек сөздер негізіндемәтінді мазмұндаймын.
|
|
Жaңa caбaққa кiрicпе
(3–7 минут)
|
(МК,Ұ)Жаңа сөздерді меңгерту: қайырымды, көтер.
Осы сөздерді мағыналарынсиноним, антоним келтіру арқылы меңгерту.
Қайырымды- мейірімді(мағынасы жақын сөз)- қатыгез (мағынасы қарама-қарсы сөз).
Көтер – түсір (мағынасы қарама қарсы сөз),қимылмен көрсету
Мысалы: сөмкені көтер, кітапты көтер
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады: қайырымды, көтер
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Қайырымды бала, қайырымды жан, қарсы шығу, қарсы тұру
4. Сөйлемдер құрастыру:
Әлібек – қайырымды бала. Қайырымды болу - өте жақсы қасиет. Әлібек інісінің сөмкесін көтереді.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |