Сабақ тақырыбы Алматы қаласы Оқу мақсаты



бет1/2
Дата03.02.2020
өлшемі1.2 Mb.
#447915
түріСабақ
  1   2
Дюсенбекова С.Т. 21 ЖОМ

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Қазақ тілі (орыстілді сыныпта)

Мұғалім

Дюсенбекова Сандыгуль Тендиковна

Мектеп, сынып

Павлодар қаласы, №21 ЖОМ

4-сынып


Сабақ тақырыбы

Алматы қаласы




Оқу мақсаты:

- әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;

- жаңа сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.



Жетістік критерийлері:

- бейнежазбадағы жаңа сөздерді, сөз тіркестерін жазып алып,

сөздікпен жұмыс жасайды;

- тапсырмаларда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;

- жаңа сөздерге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастырады.



Алдыңғы тақырып:

Қазақстанның үлкен қалалары

Сабақ кезеңдері:

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут

3 минут


1 минут


Сергіту сәті: 1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Топқа бөлу: «Атомдар мен молекулалар » 

Әр қатысушы- жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Миға шабуыл. Өлең жолдарын толықтыр: Жап жасыл ағашы.

Қып-қызыл алмасы,

Ақ бастын тауы бар,

....... .........

Ақындар ағасы.

Тұр Абай данасы

Көшесі көрікті,

....... ..... . 

Балалар, сонымен бүгін сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? –Дұрыс, Алматы қаласы


Оқушылармен бірге бірлесіп мақсат айқындалады. Жетістік критерийлерімен таныстыру.





Сабақтың ортасы

6 минут

+

5 минут

10 минут

10 минут

Мұғалім: үш топқа әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады. Сендер берілген аудиожазба мен оның негізінде құрылған тапсырмаларды орындау керексіңдер. Ең алдымен аудиожазбаны мұқият тыңдап шығыңдар. Одан кейін таныс емес сөздерді дәптерлеріне жазып алып, сөздіктен аудармасын табыңдар. Аудиожазбадағы ақпаратты қаншалықты түсінгендіктеріңді анықтау үшін тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындау керек.

1-топ. BILIM LAND сайтынан "Жазылым" әрекетін ашып, тапсырмаларды орындаңдар (3-деңгей).

1. Ребусты шешіңдер.

2. Сөзерден дұрыс сөйлем құрастырыңдар.

3. Сөзжұмбақты шешіңдер


2-топ. BILIM LAND сайтынан «Тыңдалымды» ашыңдар. Жаңа сөздерді дәптерлеріңе жазып алып, сөздіктен аудармасын іздеңдер. Тыңдалымның астында берілген тапсырмаларды орындаңдар. (2 деңгей)
http://bilimland.kz/kk/content/structure/1629-1_tarau#lesson=12108

Тыңдап, сұрақтарға дұрыс жауап таңдаңыз





http://bilimland.kz/kk/content/structure/1629-1_tarau#lesson=12108

Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңдер


Мағынасы жуық сөздермен сәйкестендіріңдер





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет