Сабақ тақырыбы: Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?



Дата15.07.2016
өлшемі137.9 Kb.
#200528
түріСабақ

Тарау:

Еңбек жағдайлары



Сабақ тақырыбы:

Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?



Уақыты: 40 минут

Мұғалімнің аты - жөні: Сатиев А.К.

Мектеп: Көкшетау қаласы НЗМ

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

  • Ауызша және жазбаша түрде тиімді қарым-қатынасты жүзеге асырады;

  • Дәлелдер мен дәйектер қолдана отырып, өз ой пікірін білдіреді

  • Құқықтық мәселелер мен жағдайларға талдау жүргізеді және өзіндік баға береді

  • Еңбек жағдайларын анықтайды

  • Жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды

Сабақтың мақсаты

Еңбек жағдайларын анықтайды

Жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды



Тілдік мақсаттар

Құқықтық жағдайларды топта талқылайды (айтылым, жазылым дағдысы)

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары

Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері: ...

Қызметкердің құқықтары мен міндеттері ....

Қызметкерге құқықтары мен міндеттерін білу маңызды, себебі ...



Алдыңғы меңгерілген білім


Мектеп бағдарламасы көлемінде қоғамдық гуманитарлық пәндері бойынша алған білімдерін, күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін және БАҚ көздерінен берілетін еңбек құқығы туралы ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Басы

7 мин



Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Б Сыныпқа бейне материал көрсетіледі («Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау» (20 сек – 1 мин.40сек), сұрақтар қоя отыра сабақтың тақырыбы ашылады. Оқу мақсаттар мен жетістік критерийлері таныстырылады.

Еңбек жағдайлары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы)

Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері



http://adilet.zan.kz

Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау



www.youtube.com/watch?v=SmG0uP3Fv8U



Ортасы

20 мин



Б «Әркім әркімді оқытады» («Броун қозғалысы»)

Жеребе бойынша әр оқушы еңбек құқықтары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы) жазылған 1 «тілшеден» (қосымша 5) алады.Оқушылар 5 минут ішінде өз «тілшелеріндегі» ақпаратпен барынша көп оқушыны таныстыруы және өзі де ақпараттарды жинауы қажет.



Б/Ж Ең көп ақпаратпен бөліскен 3-4 оқушыны тыңдаймыз.

Б «Өз тобынды тап».

 Оқушылар қолдарындағы «тілшелерді» тақырыптары жазылған қорапшаларға салу ұсынылады.



  1. Жұмыс уақыты.

  2.  Демалыс уақыты

  3. Жалақы

 Әр қорапшадан бір оқушы қорапшалардағы «тілшелерді» атай отыра өз «отбасыларымен» таныстырады. Сынып толықтырады немесе қателерді дұрыстай алады.

Б/Т Кейс-стади технологиясы

Топтардағы (3 топ, «өз тобынды тап» әдісінің нәтижесі бойынша бөлуге болады) оқушылармен бірге төмендегідей ситуациялар талқылатып, еңбек субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін ашамыз. Топтық жұмыс бағаланады. (кейс құрамы: топта жұмыс істеу ережелері (қосымша 1), бағалау критерийлері (қосымша 3), құқықтық ситуация, ҚР Конституциясының 24-бабынан, ҚРЕК 22, 23-баптарынан, 16-тарауларынан қажетті тармақтар, сондай-ақ тапсырманы шешуге қатысы жоқ ақпараттар)



1ситуация:

«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмілетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).


2 ситуация:

«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)


3 ситуация:

«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».

(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)
4 ситуация:

Он алты жасар Қасым фирмада істейді, жүк жеткізіп, басқа да «ауыр» дене жұмыстарын атқарады. Онымен бірге жиырма жастағы Қайрат та сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол Қайратқа өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Қайраттың еңбегіне төлем арасындағы айырманың неден тұратынын сұрайды. Бухгалтер, біріншіден, Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте, екіншіден, Қайрат қалай болғанда да

директордың алыстан келетін туысы, деп жауап береді. Бухгалтердің дәлелі қаншалықты сендіре алады?

Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады. Оқушылар жауабына талдау жасап, қорытындылаймыз.



  • Мен еңбек субьектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін білуі маңызды деп танимын, себебі ....

  • Менің бұған келтірер дәлелім ...

  • Барлық адамдардың бұнымен келісе бермеу себебі ...


Ж Өз білімінді пысықта. (қосымша 2) Үйде олар берілген жағдайдың құқықтық шешімін табады


ҚРЕК 22-бап

ҚРЕК 23-бап

ҚР Конституциясының 24-бабы,

ҚРЕК 16-тарау. ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН


РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Соңы 3 минут

Рефлексия. (қосымша 4)




Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.



Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.




Отбасы құқығы және некенің түрлерін зерттеу барысында оқушылардың бойында отбасылық құндылықтар , өзара түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Отбасы қоғамның ең басты тірегі екенін сезінеді.


Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

Қосымша 1

  1. Пікірталастың мақсатын ешқашан ұмытпа:

ақиқатты, шешімді, мәселеден шығу жолын табу.

2. Достарыңның пікірін құрметте.

3. Кез келген айтылған ой дәлелді болуы керек.

4. Барлық пікірлер қарастырылуы керек.

5. Достық қарым-қатынасты ұстаныңдар.

6. Дауласу үшін дауласпа! 



Қосымша 2


Мира: Сәлем, Айым!
Айым: Сәлем, Мира, жағдайың қалай?
Мира: Жақсы, заңгерге оқып жатырмын, ал сен қайда жүріп жатырсың? Неге көңіл-күйің жабырқау?
Айым: Қиындықтар басыма түсіп тұр. Оқуға түсе алмадым, сондықтан дүкенге жұмысқа орналастым, сатушымын.
Мира: Жақсы ғой, ақша табасың, отбасыңа көмек бересің!
Айым: Иә, жалақым жақсы, бірақта мені уақытша алды, мен орнына алған сатушы декреттік демалыста. Күніне 10 сағат, жұмасына 6 күн жұмыс істедім, қатты шаршадым. Директорға бұлай жұмыс істей алмаймын десем, жоспарды орындау керек дейді.
Мира: Сен жұмысқа тұрғанда еңбек шартында жұмыс уақытын белгілемеп пе едіңдер?

Айым: Ешқандай шарт жасалған жоқ, басында ол 8 сағат жұмыс істейсің деп айтқан. Бір ай бұрын жұмысқа кешігіп қалдым, ескертусіз, сөгіс жариялап еңбек кітапшама жазып қойды. Бұл да түк емес. Мен кеше ауруханадан шықтым, соқыршегіме ота жасалды. Аурулықтың парағын жұмысқа апарайын деп барсам, менің орнымда басқа қыз отыр. Директор маған ауру-сырқау қызметкерлер керек емес деп, жұмыстан шығарып жіберді.
Мира: Енді уақытыңды бос өткізбей өз құқықтарыңды қорғамайсың ба?!

Айым: Мен қай жерде оныкі дұрыс,қай жерде қате екенін де білмеймін.
Мира: Мен де білмеймін, бірақ сенің директорыңның іс әрекеттері заңға қайшы екенін сеземін.

Сұрақ: «Қыздарға қандай көмек берер едіңіз. Айымның қандай құқықтарын директор бұзып отыр?»
Қосымша 3


  • Топта ситуациялық сұрақты талдайды, ортақ пікірге келеді

  • Кем дегенде 1-2 заң бұзушылықты анықтайды;

  • Мәселені шешудің кем дегенде 1-2 жолын көрсетеді

  • Нақтылық. Екіұшты жауап болмауы керек;

  • Тапсырманы орындау барысында теориялық білімін пайдаланады;

  • Әр анықталған заң бұзушылық кем дегенде 1-2 заң бабымен дәлелденеді.


Кейс құрамы: құқықтық ситуация, ҚР Конституциясының 24-бабынан, ҚРЕК 22, 23-баптарынан, 16-тарауларынан қажетті тармақтар, сондай-ақ тапсырманы шешуге қатысы жоқ ақпараттар (қажетті ақпаратты бөліп алу керек)
Қосымша 4
Оқушының аты-жөні:

Оқушының іс-әрекеті Сабақтың мазмұны

Сабақтың түрі, Мұғалімнің іс-әрекеті

барысы



Қосымша 5 («тілшелер»)
Жалақы

  1. Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс).




  1. Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді.




  1. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу уақытына, істеген жұмысына қарай немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып табылады.



  1. Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек.



  1. Жалақыны еңбегіне қарай төлеу—алдын ала белгіленген бағалауларға қарай нақты шығарған өніміне сәйкес жүргізіледі.



  1. Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді.



  1. Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді




  1. Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді.


Демалыс уақыты

  1. Демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін бекітілуі тиіс.

2. Ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;

3. Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес)

4. Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады;

5. Іссапардағы жұмысшы бағытталған жұмыс берушінің еңбек тәртібіне сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.

6. Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу үшін жұмыс берушінің ықыласымен, жұмысшының жазбаша келісімі қажет;

 

7. Жұмысшының келісімінсіз демалыс және мейрам күндері мына жағдайда жұмысқа жұмылдырылады:төтенше жағдайларды, табиғи апаттар немесе өндірістік апаттардың алдын алу үшін, немесе олардың салдарын жедел жою үшін




  1. Еңбек демалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату.   


Жұмыс уақыты

1. Жұмыс уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі.

2. 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын‚ 14 жастан – 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚ зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген.

3. Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс.



4. Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.

8. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе шығарған өніміне қарай төленеді.

5. Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт деп есептеледі. Және де жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі уақытқа келетін болса, ауысым түнгі деп есептеледі.

6. 18 жастан төмен және түнде жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық анықтамалары бар өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.

7. Жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жасалатын жұмыс мерзімінен тыс жұмыс деп танылады. Бұл жұмыс қызметкердің еңбек міндеттемесіне кірді ме, жоқ па немесе қызметкер оны жұмыс берушінің тапсыруы бойынша орындады ма, бұл арада оның мәні шамалы. Мерзімнен тыс жұмысқа жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы қосымша төленеді.


Оқу мақсаты

Еңбек жағдайларын анықтайды

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы ұғымдарын біледі

Қолдану

5 минут ішінде кем дегенде 5 оқушымен ақпаратпен бөліседі

Топпен жұмыс жасай білу

Топта ситуациялық сұрақты талдайды, ортақ пікірге келеді.



Оқу мақсаты

Жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Берілген мәселеге нақты жауап береді

Қолдану

Әр анықталған заң бұзушылық кем дегенде 1-2 заң бабымен дәлелденеді

Сыни ойлау және зерттеу

Кем дегенде 1-2 заң бұзушылықты анықтайды;

Мәселені шешудің кем дегенде 1-2 жолын көрсетеді







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет