Сабақ тақырыбы Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/2
Дата13.10.2022
өлшемі24.61 Kb.
#462565
түріСабақ
  1   2
Дүние жүзі тарихы 10 сынып Әлем өркениеттерінің тарихы Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы Сабақ жоспары


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10А.3. Әлем өркениеттерінің тарихы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.3.6 дүниежүзілік діндердің кезеңі мен дамуының өзгешіліктерін сипаттау;
10.1.3.7 дүниежүзілік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру;
10.1.3.8 дүниежүзілік діндердің жалпыморальдық құндылықтарын айқындау

Сабақ мақсаттары

әлемдік діндердің ерекшеліктерін анықтау

Бағалау критерийлері

әлемдік діндердің ортақ моральдік құндылықтарын анықтайды


Дескрипторлар:

  • діндер белгілі бір құндылықтарға қалай баулитынын түсіндіреді;

  • аталған құндылықтардың өркениеттердің дамуына әсерін бағалайды

Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика мен терминология:
әлемдік дін, нимб, уағыз
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
ортақ құндылықтар болып келесідей түсініктер табылады:

Құндылықтарды дарыту

құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды)
толеранттылық (мазмұн арқылы: діндер басқа адамдарға қатысты шыдамды болуға үйретеді)

Пәнаралық байланыстар

география (мазмұн арқылы: діндер әлемнің түкпір-түкпіріне таралған)

Бастапқы білім

оқушылар діннің не нәрсе және қандай діндер бар екендігін біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (2 минут).

Тақырыпты және сабақ мақсатын таныстыру (1 минут).


Әлемдік діндердің таралу картасын көрсету, діндердің пайда болу уақыты мен негізгі қағидалары туралы сұрақтар қою:


1. Біз қандай әлемдік діндерді білеміз?
2. Діндерді «жастарына» қарай орналастырыңыз, әр дін қай кезде пайда болғаны туралы есіңізге түсіріңіз
• Буддизм;
• Христианство;
• Ислам.
3. Осы діндердің пайда болуы қандай тарихи тұлғалардың есімімен байланысты?
4. Өнерде діни образдарды қалай атайды?
5. Будданы суреттеген кезде қандай канондарды негізге алады?
6. Будданың денесінің қай жерлері ерекше роль атқарады?
7. Дева Мария – ол кім болған?
8. Христостың басындағы нимб нені білдіреді?
9. Неге исламда Мұхаммед пайғамбардың көркем образы жоқ?
(7 минут).

Презентация «Әлемдік діндер»

Сабақтың ортасы

Оқушыларды атақты философтардың дінге дейтін көзқарасымен қысқаша таныстыру (5 минут).


Жұптық жұмыс. Оқушыларға келесі дереккөздерін беру:
1. Христостың уағызы;
2. Мұхаммедтің қоштасу уағызы;
3. Будистердің сегізгерлік құтқару жолы
Осыдан кейін оқушылар әлемдік діндердің жалпы моральдық құндылықтарын табады (12 минут).


Бекіту. Қорытынды шығару үшін әр оқушыға ортақ зерттеудің нәтижесі туралы үш сөйлемнен жазып және басқа оқушылардың алдында оқып беруін ұсыну (10 минут).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет