№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Мал азықтандырудың негіздері
Сабақтың мақсаты: Азықтардың химиялық құрамымен, қоректілігімен, сонымен қатар олардың сапасын анықтайтын мемлекеттік стандартпен танысу.
Сабақтың мазмұны: Азықтандыру организмде зат алмасу үрдісінің жүруіне, мал денсаулығына, және олардан алынатын өнімдер сапасына шешеуіші әсер етеді. Жұқпалы емес аурулар, азықтандыру жеткіліксіз болғанда туатын –гиповитаминоздар, сүйек аурулары және басқалары мал өнімділігн төмендетіп, шаруашылықта қолдану мерзімін кемітеді. Азықтанджыру малдың өсіп-жетілу жылдамдығын, дене массасын және өнімін анықтайды. Сыртқы ортадан азық түріндегі қоректік заттар организмде физикалық және биохимиялық ыдырауға түседі, бір бөлігі сіңіріледі және игеріледі, қорытылмаған бөлігі нәжіспен, ішек газдарымен, зәрмен сыртқа шығарылады. Қоректік заттар организмде энергия көзі ретінде, дене температурасын қалыпты ұстауға, жұмыс жасауға, органдар мен такндердің қалыптасуына құрылыстық материал болу үшін және денеде қор болып жиналатын заттар, дене сұйығы мен клеткада алсмасуды реттеуші заттың көзі ретінде пайдаланылады. Қоректілік деп –азықтандыруда малдың табиғи мұқтаждығын жан-жақты қанағаттандыратын жемшөп қасиетін айтады.
Шаруашылықтағы мал басын көбейтіп, өнімділігін арттыру үшін, малды дұрыс азықтандырудың маңызы зор. Тек дұрыс азықтандырылған жағдайда ғана мал басының денсаулығы сақталып, тұқым тегіне қарай өнімділігн көрсете алады.
Малды дұрыс та тиімді азықтандыру үшін екі мәселені шешу қажет: біріншісі азықтандыруда пайдаланатын жемшөп құрамы мен қоректілігін анықтау; екіншісі – сол жемшөпті мал мен құс түріне және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеретін энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын дұрыс және үнемді жұмсау. Осы бір-бірімен байданысты әрі бір-біріне тәуелді мәселені шешкен жағдайда, шаруашылықтағы мал мен құсты физиологиялық және экономикалық тұрғыдан ұтымды азықтандыруды ұйымдастыруға болады. Мұны сіздер үш бөлімнен тұратын «Мал азықтандыру» пәнін оқу барысында игересіз. Пәннің бірінші бөлімі – мал азығына пайдаланылатын түрлі жемшөп пен азықтық қосындылар құрамы мен қоректілік қасиеттерін бағалауға арналса, екінші бөлімі – оларды жіктеп, қоректілігі мен құнары бойынша топтастырып, дайындау технологиясы мен сақтау жағдайына байланысты орын алатын өзгерістерін сипаттайды, ал үшінші бөлімі – мал түліктері мен үй құсының мұқтаждығына сәйкес мөлшерлеп (нормалап) азықтандыру ережелерін келтіреді.
Бақылау сұрақтары:
Мал ызқтандырудың ерекшеліктері
Азықтандыру үшін малдың физиологиялық жағдайлары
Қолданылатын әдебиеттер:
А.А.Егеубаев және басқалар «Ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру» 1-2 том. –Алматы, 2003
А.А. Егеубаев және басқалар. «Ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру» тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
Достарыңызбен бөлісу: |