Сабақтың басы
5 минут
|
Психологиялық ахуал туғызу
Жұмбақ шешу
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Абайлаңдар, балалар,
Жолда ойнауға болмайды.
Шешуі: доп
«Допты қағып ал» әдісі бойынша допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алу, назарларын сабаққа аудару, қызығушылықтарын туғызу.
Жағдаяаттарды шешу:
1 жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ,сенің әрекетің?
2 жағдаят : Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сенің әрекетің?
3 жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті , сенің әрекетің?
4 жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты , сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды,сен не істер едің?
|
Жұмбақты шешеді
Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.
|
ҚБ
Мадақтау, қолдау
|
Доп
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
Тақырыпқа назар аударылады.
«Мектебім-мейірім мекені»
-Осы тақырып туралы не айтуға болады? Қандай сөздер түсінікті? Қай сөздермен жұмыс жасауымыз керек деп ойлайсыңдар?
Ақын-жазушыларымыз оқу-білім туралы не айтқанын есімізге түсірейік.
Астарлы әңгіме
Жол бойында аяңдап келе жатқан ақсақалдың алдынан бір топ жігіт шығып, əлгілердің біреуі ғана:
"Ассалаумағалейкүм, ата!" деп амандасқанда, ақсақал:
"Уағалейкүмассалам. Шырағым, неге жалғыз өзің жүрсің?"- деген екен.
-Атай неге қызық сұрақ қойды?
-Жігіттер қандай қателік жасады?
-Қатені қалай түзеуге болатыны туралы ойлан.
-Сен қандай мейірімді сөз қолдандың?
-Тағы қандай мейірімді сөздерді білесің?
« Мейірімділік нұры» жаттығуы.
Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.
|
Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.
Қойылған сұрақтарға жауап берді. Өткен сыныптағы материалдар бойынша білім, оқу, мектеп туралы шығармаларды еске түсіреді.
|
ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»
ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату
ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату
ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
|
Слайд
Суреттер
Стикерлер
Стикер
маркер
|