Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы»



бет1/3
Дата20.05.2022
өлшемі1.46 Mb.
#458125
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман –эпопеясы, мазмұны, кейіпкерлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, мазмұнын түсіндіру, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;
Дамытушылық – жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;
Тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, даралап, жұппен, ұжымдық,ой қорыту, топтау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, сурет
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаақын портреті, шығармалар жинағы, слайдтар.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары», Рауан-1990ж.

  2. М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» А., 1980ж.

  3. Қазақ әдебиеті журналы, №12. 2000ж.

  4. «Біздің Мұхтар» (М.Әуезов туралы естеліктер)

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.
Қалайша бас имессің оған, сірә.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Білімгерлерді түгендеу

  2. Сабаққа көңілдерін бұру

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің « Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында, Ұлттық бірегейлікті сақтау бөлімінде: «Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар бізідің рухани әдебиетіміздің бір парасы ғана»- деп атап өтеді.
І Үй тапсырмасын тексеру
Ілияс Жансүгіровтың өмірі, шығармашылығы
Білімгерлерді 3 топқа бөліп, әр топқа атау беріліп, жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
І топ. Өмірі
ІІ топ. Шығармашылығы
ІІІ топ. Кейіпкерлер әлемі
1.Ілияс Жансүгіров қашан дүниеге келді?
2. Ілияс Жансүгіров қайда дүниеге келді?
3. Әкесі Жансүгіров қандай адам болған?
4. Ілияс Жансүгіров 1911 жылы қандай мектепті бітірді?
5. Ілияс Жансүгіров Мәскеуге оқуға қашан аттанды?
6. Мәскеудегі оқуын қай жылы бітірді?
7. Қандай мамандық алып шықты?
8. Ташкентте қандай оқу орнында оқыды?
9. Ілияс Жансүгіровтің қандай шығармалары бар?
10.Сакен, Ілияс, Бейімбеттердің қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі» деп аталуы туралы әңгімелеу.
1 - тапсырма
1. “Бозінген” аңызың білесіңдер ме?
«Ыстық орындық»
Үш топтан үш оқушы шығарып ыстық орындыққа отырғызу.
Тағы үш оқушы шығарып қарсы топқа сұрақ қойғызу.

ІІ Үй тапсырмасын бекіту


Ілия Жансүгіровтың шығармаларынан үзінділерді жатқа айту




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет