Сабақ тақырыбы Модуль/пән атауы: Компьютерлік техниканы ақпараттық қамтамасыз ету



бет1/2
Дата07.11.2023
өлшемі23.28 Kb.
#482555
түріСабақ
  1   2
Вирусқа қарсы бағдарламалар


«Отырар» колледжі


Оқу сабағының жоспары


(теориялық немесе өндірістік оқыту)


Вирусқа қарсы бағдарламалар
(сабақ тақырыбы)
Модуль/пән атауы: Компьютерлік техниканы ақпараттық қамтамасыз ету
Педагог:
Курс,топ : ББ-2211Б,ББ-2212Б,ҚТ-219Б,ҚТ-2211Б,ЕТ-2211Б,ЕТ-2212Б,ДТ-2211Б,ДТ-2212Б
Мақсаты, міндеттері
Білімділік: АКТ-ны пайдаланып, «компьютерлік вирус» түсінігін беру. Оқушыларға теориялық білім бере отырып, ойлау қабілетін, әскерлік белсенділігін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы берілген тапсырманы топпен орындауға дағдыландыру
Тәрбиелік: Білімгерлердің тәрбие үрдісімен қатар сабаққа деген ынта, дағдыларын кеңейту
Дамытушылық: - Компьютерлік вирустар түрін;
- Вирустардың таралу жолдарын;
- Антивирустік программаларын түрін;
Вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыстана білуін;
Кәсіби дағдылар тізбесі: Вирус, антивирус дегеніміз не, компьютердің вирус жұқтыру белгілерін, антивирустық қауіпсіздік ережелерін оқып үйренеді.
Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі.
Өз ойын қорғай алады.
Шығармашылықпен жұмыс істей алады.
Сабақты жабдықтау
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: оқу құралы – 390 б. Урмашев Б.А. Гусманова Ф.Р. Газиз Г.Г. Тюлепбердинова Г.А. Сақыпбекова М.Ж. Алтыбай А 2017
2. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б. Жаңа информациялық технологиялар:
Техникалық құралдар, материалдар:Презентация, Ноутбук, плакаттар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабаққа зейінін шоғырландыру ( пән бойынша қызықты сұрақтар қою арқылы)
Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет