Сабақ тақырыбы Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару



бет2/3
Дата07.09.2022
өлшемі190.12 Kb.
#460414
түріСабақ
1   2   3
1-ҚМЖ

«Бірге ойлаймыз»топтық жұмыс
№1
ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Бұл график үш километрлік айналма трассаның екінші айналма шеңберін өту кезінде жарыс машинасының жылдамдығын өзгеруін көрсетеді.

1 сұрақ. Старт сызығынан трассаның ең ұзын тік сызықты учаскесінің басына дейінгі қашықтық неге тең?
A. 0,5 км.
B. 1,5 км.
C. 2,3 км.
D. 2,6 км.
2 сұрақ. Екінші шеңберді өту кезінде трассаның қай учаскесінде ең төмен жылдамдық тіркелді?
A. старт сызығында.
B. шамамен 0,8 км белгісінде.
C. шамамен 1,3 км.
D.трассаның ортасында.
3 сұрақ. Машинаның 2,6 км және 2, 8 км белгілері арасында трассадан өту кезіндегі жылдамдығы туралы не айтуға болады?
Дескриптор:
- сызба бойынша жолдың басынан ең ұзын тік сызықты бөлікке дейінгі арақашықтықты табады;
- сызба арқылы қашықтықтың қай мәніне ең төмен жылдамдық тіркеледі;
- сызба арқылы берілген аралықта жылдамдықтың кемуін немесе өсуін көрсетеді.

№2
ВЕЛОСИПЕДШІ ЕЛЕНА


Елена жаңа велосипед сатып алды. Оның рөлге бекітілген спидометр бар. Спидометр Елена өтіп кеткен қашықтықты және оның сапарының орташа жылдамдығын көрсетеді.
1 сұрақ. Сапарлардың бірінде Елена алдымен 10 минуттың ішінде 4 км, одан кейін келесі 5 минуттың ішінде 2 км жүріп өтті.Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A. Еленаның орташа жылдамдығы келесі 5 минутқа қарағанда алғашқы 10 минуттан артық болды.
B. Еленаның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минут және кейінгі 5 минут ішінде бірдей болды.
C. Еленаның орташа жылдамдығы келесі 5 минутқа қарағанда алғашқы 10 минуттан аз болды.
D. қолда бар ақпарат негізінде Елена орташа жылдамдығы туралы ештеңе айту мүмкін емес.
2 сұрақ. Елена өзінің тәтесінің үйіне дейін 6 шақырым жүріп өтті. Спидометр орта есеппен ол сапарда 18 км/сағ жылдамдықпен жүргенін көрсетті.Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін 20 минут кетті.
B. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін 30 минут кетті.
C. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін 3 сағат кетті.
D. Еленаның тәтесінің үйіне бару үшін қанша уақыт кеткенін айту мүмкін емес.
3 сұрақ. Елена 4 шақырым жерде орналасқан өзенге велосипедпен барды. Оған 9 минут кетті. Ол 3 шақырымнан тұратын қысқа жолмен үйге барды. Жолға 6 минут кетті. Еленаның өзенге және кері сапарының орташа жылдамдығы қандай болды?
Сапардың орташа жылдамдығы: ...................... км/сағ.


«Көз жаттығуы» сергіту сәті

Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов 6 математика оқулығы

PISA тапсырмалар жинағы


PISA: математическая грамотность. – Минск: РИКЗ, 2020. – 252 с.



Сабақтыңсоңы

5 мин

2 мин

2 мин




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет