Сабақ тақырыбы Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару



бет1/3
Дата07.09.2022
өлшемі190.12 Kb.
#460414
түріСабақ
  1   2   3
1-ҚМЖ






Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:6.4А Статистика. Комбинаторика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару.

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

6.5.1.5
қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;



Сабақмақсаттары

Барлығы:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табу ережесін қолдануды біледі

Басым көпшілігі:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табуды қолданып, тапсырмаларды орындайды

Кейбірі:
қозғалыстың орташа жылдамдығын табуды тиімді тәсілмен күрделі есептерде пайдаланады

Бағалаукритерийлері

Қозғалыстыңорташажылдамдығын табу анықтамасынесепшығарудақолданады



Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

  • қозғалыстың орташа жылдамдығын табуды түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • жылдамдық

  • уақыт

  • ара қашықтық

  • қозғалыс

  • орташа жылдамдық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • қозғалыстың орташа жылдамдығын табу үшін ...

Құндылықтардыдарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, мәдениетке құрметпен қарауға баулу.

Пәнаралықбайланыстар

Физика, тарих

Бастапқы білім

Қашықтық, жылдамдық, уақыт ұғымдарын және оларды табу формулаларын біледі.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

2 мин


Ұйымдастыру.
І. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын алуын қадағалау. Сабақтың мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
ІІ. Топқа бөлу. 3 топқа. «Кімге керек?»әдісіарқылы
Оқушыларға белгілі бір сөз немесе сурет салынған карточка таратылады. Мұғалім сұрақтар қояды: «Кімге телефон керек?», «Кімге майшам керек?», «Кімге бұлт керек?». Сұрақтарға қолында осы сурет бар үш оқушы жауап беру арқылы топқа бөлінеді.
1-оқушы «Маған телефон керек, себебі мен дыбыс шығаратын заттарды жинаймын: домбыра, қоңырау және т.б.»
2-оқушы Маған майшам керек, себебі мен жарқыраған заттарды жинаймын: от, күн, т.б.»
3-оқушы Маған бұлт керек, себебі мен суға қатыстынының барін жинаймын: көл,қар т.б.»
Әр топқа бағалау парағын тапсыру.


ІІІ.Қайталау сұрақтары:

  • Қашықтық пен қозғалу уақыты белгілі болған жағдайда жылдамдықты қалай табуға болады?

  • Қозғалыс жылдамдығы артатын болса, белгілі қашықтықты жүріп өту барысында уақыт қалай өзгереді?

  • Қозғалу жылдамдығы тұрақты, ал қозғалыс уақыты артатын болса, жүріп өткен жол қалай ауысатын болады?

Оқушыларды ауызша бағалау қолданылады, яғни қалыптастырушы бағалау
Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

Қағазға шығарылған түсті суреттер мен жазулар

Интербелсенді тақта, презентация



Сабақтыңортасы
8 мин
8 мин

9 мин


1 мин

Жаңа сабақты түсіндіру, түсіну
Тақтаға мысал көрсете отырып, нұсқау беремін. Негізгі қолданылатын формуламен таныстырамын.
Орташа жылдамдық барлық жолды оны жүруге кеткен кеткен уақытқа бөлгенге тең.


Кім шапшаң(есептер шығару)Жұптық тапсырма
№1
Ұшақ 480 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ, 600 км/сағ жылдамдықпен 0,3 сағ ұшты. Ұшақтың орташа жылдамдығын табыңыз.
Дескриптор:

№2
Велосипедші 13,6 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ тасжолмен жүріп, 0,2 сағ демалған соң, 9,8 км/сағ жылдамдықпен 0,5 сағ қара жолмен жүрді. Велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығын табыңыз.
Дескриптор:

  • Тасжолмен және қара жолмен жүрілген жолды табады;

  • Жолға кеткен барлық уақытты табады;

  • Барлық жүрілген жолды табады;

  • Велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығын табады.

Жұптық тапсырма болғаннан кейін әр дұрыс бағалау критерийіне стикер беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет