Сабақ тақырыбы Риторика туралы жалпы мағлұмат. Жалпы мақсат


Бекіту Үйге тапсырма беру



бет4/27
Дата31.03.2023
өлшемі166.51 Kb.
#471500
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
1 топ-поурочный план

Бекіту
Үйге тапсырма беру

Сұрақ-жауап.
Шешендік сөздер жаттау.

Үйірме жетекшісі: А.А.Балғожа




Бекітемін:________________



Уақыты:


28.09.2022
29.09.2022



«Тарихи риторика» үйірмесі

Тобы:2

Сабақ тақырыбы

Ежелгі Грециядағы шешендік өнер: Сократ, Аристотель.
Ежелгі Римдегі шешендік өнер: Демосфен, Цицерон.

Жалпы мақсат

шешендік өнердің Грекия мемлекетінде тууы мен дамуы, атақты шешендер өмірлері мен шешендік шеберліктері туралы түсінік беру.

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

Шешендік сөздер кітаптары.

Жаңа тақырып

Б.д.д.V ғасырда Афинада құл иеленушілік демократиялық қоғам жанданды. Мұнда халық жиналысының үлкен рөлі болды. Афинадағы осындай еркін демократиялық қоғамда азаматтарға халық жиналыстары мен соттарда жиі сөйлеп, әлеуметтік мәселелерге араласып тұруға тура келген.
Сөйтіп, шешендік өнер Афинаның қоғамдық өмірінде, мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждағатпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер-ұстаз (ритор) мамандығы шықты, осы кезде риторика ғылымы пайда болды.
Грецияда шешендік өнердің дамуына б.д.д. 594 жылы Афинаның басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократияландыруға бағытталған заңы себеп болған. Ол заң бойынша әрбір азамат өз мүддесін өзі қорғауға міндетті болды. Сотта қорғану үшін қызыл тілге жүйрік болу керек. Сот алдында айтылатын сөзді алдын-ала дайындайтын сөз шеберлері - логографтар болды. Демосфен шешен алғашында осындай логограф болған.
Көне дәуірдегі шешендік өнердің дамып, көркеюінің 2 кезеңі болды:
- Б.д.д V-ІV ғғ Грекиядағы Периклден бастап, Демосфенге дейінгі кезең;
- Б.д.д 1 ғасыр - Римдегі Цицерон заманы.
Шешендік өнер ғылым ретінде Риторика деп аталады. Зерттеушілердің пікірінше, риториканың негізін салған грек софисі Протогор болған. Протогор өз кезіндегі Сократ, Платондармен замандас болған.
Ежелгі Грецияда б.д.д. V-ІІІ ғасырларда атақты он шешен шыққан. Олардың ішінде Лисий мен Исократтың, Демосфеннің есімдері ерекше аталады. Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталып жеткен.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ. Сократ ғылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс тапқан. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда жиын-топқа сөйлеп, айтып отырған.
Сократтың тәсілі — асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші ғалым С.Негимов былайша бағалайды: «Олар риториканы -шешендік, эвристиканы — тартыс өнері, диалектиканы — дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді» — дейді.
Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.
Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: «Шешендік -нандырудың шебері, оның маңызы мен мақсаты осында» — деп, анықтайды.
Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін тудырған атакты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы.
Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейте түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.
Шешендік өнердің жалпылық мәнін, мақсатын тиянақгаған соң, Аристотель шешеннің мақсатқа жету жолында нені меңгеру керек екендігін үйретеді.
Шешеннің сөйлеу барысындағы нандырудың амалдарын қарастыра отырып, Аристотель өзінің «Риторика» еңбегін үш бөлімінен түзеді. Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін принциптері сараланады. Екінші бөлім тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін қажетті шешеннің жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері сипатталады.
Үшінші бөлімде Аристотель шешендік өнердің техникалық жақтарын: сөйлеу процесінде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың амалдарын, сөйлеу мәтіндерінің құрлысын қарастырады. Ол сөйлеудің алғы сөз, әнгіме, дәлелдеме, қорытынды секілді төрт түрлі бөлшегін бөліп көрсетіп, әрқайсысының нандыруға, сендіруге қажетгі маңызын жан-жақты негіздейді.
Көне Грецияның маңдай алды шешендерінің бірі — Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Құл иеленушілік дәуірдің өкілі, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдік әрекеттеріне қарсы дербестік үшін болған Афина күресінің тұсындағы саясат шешен сөздері, әсіресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегі және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздері тарихта қалып, тағылымдық сөздердің қатарына енді.
Шешендік өнер Демосфен өмірінің мәні болды, ол оны аталмыш өнердің ұстазы етіп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектің арқасында «өзін-өзі қайта туындатты», әлем шешендерінің эквивалентіне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегіне жеткізді. Ол өзінің болмысы арқылы Цицеронның «Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады» деген аталы сөзін дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптің қазақ топырағындағы көрінісін бабаларымыз «көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады» деп ұлағатты оймен өрнектеген.
Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдісін кеңінен пайдаланған. Осылайша, сөздің драмалық қасиетін күшейтті. Ол нақтылы дерек көздерімен сөйлеген, ойды түсінікті, еркін баяндаған. Сөйлеудің техникасын еркін меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздері сөйлеу мәнерімен туған. Қарапайым және көтеріңкі пафоспен (екі стильде) келеді. Ол осы екі стильді де еркін игерген. «Демосфеннен 170 қолжазба біздің дәуірімізге келіп жетті.
Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында көне Римде де бүл өнер дами бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр Рим мен Грек елдерінде эллиндік дәуір деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де тікелей қатысты.
Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлімдеуінше, Римде сөз күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар «адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасылық, екіншісі — шешендік» деп білген. Рим мемлекеттік істерді халық жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың сөйлеу мүмкіндігіне ие болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына шешен сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы шешендік өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда «демократия — шешендік өнердің анасы».
Цицеронның шешендік өнер іліміне арналған еңбектерінде шешен үшін сөйлеу композициясы, стилі, айшықты тіл оралымдары, сөйлеудің дыбыстық жағы, артистік қасиет сияқты тәлім алатын көптеген жақтар қамтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет