Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.1А. Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
|
Мектеп: Амангелді атындағы орта мектеп
|
Күні: 27.09.2018 ж
|
Мұғалімніңаты-жөні: Оспанова Э.С
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.1.6
тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу және қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
|
Сабақ мақсаттары
|
-тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу;
- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін білу;
- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
- тіктөртбұрыш қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;
- ромб қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;
-квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Лексика және терминология:
- параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, квадрат,
- диагональ;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ... ;
- параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ... ;
- ромбының қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі ... ;
- параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан ... қияды;
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының бесінші құндылығы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
- Өмір бойы білім алуға бейімделеді;
- Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.
|
Бастапқы білім
|
көпбұрыштар, параллелограмм
|
Пәнаралық байланыстар
|
Сызу, математика
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен сәлемдесу.
2) Психологиялық ахуал туғызу. Жағымды оқу ортасын қалыптастыру мақсатында әр топ бір – біріне сәттілік тілейді
2. Топқа бөлу.
Төртбұрыштың түрлері («Ромб», «Тіктөртбұрыш», «Квадрат») арқылы топтарға бөлінеді . «Буклет» әдісі арқылы әрбір топ оқушылары өздерінің топтарының атауындағы фигураның анықтамасын тұжырымдауы керек, олардың белгілерін және қасиеттерін сипаттайды. Жұмыстарын аяқтаған соң оқушылар өздерінің жұмыстарын көрсетеді.
|
Геометрия, 8 сынып
|
Сергіту сәті
|
|
|
Сабақтың ортасы
10 мин
|
«Буклет» әдісі «Автобус аялдамасы» әдісімен жалғасады. «Автобус аялдамасы» жұптық дидактикалық ойын. Ол үшін сыныптағы парталарды қала үлгісінде орналастыру. Әрбір партаға аялдама атын жазып қою. «Ромбының бұрыштары», «Тіктөртбұрыштың диагональдары», «Квадраттың қабырғалары», «Төртбұрыштардың периметрі». Әрбір аялдаманың атына сәйкес есептер дайындалады. Сабақ басында оқушылар өздерінің қозғалыс бағытын (маршрут) таңдайды, өздерінің қозғалыс бағыты бойынша аялдамадан аялдамаға келген кезде сәйкес тапсырманы орындайды, шешімін «жауаптар парағына» жазады. Қозғалыс аяқталған соң оқушылар «жауаптар бетшесін» бағалау үшін мұғалімге (немесе бақылаушыға) тапсырады. Ұпайлар дұрыс шешімдерге (дұрыс шешім – 1 ұпай) және шапшаң орындағандығына (бірінші келгендерге – 10 ұпай, екінші келгендерге – 8 ұпай, үшіншілерге – 6 ұпай және т.с.с) беріледі.
|