Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.1А бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Сандардың жуық шамалары
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білім меңгерту
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.1.2.11 шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу;
7.1.2.12 жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Шамалардың жуық мәндерін таба алу және оларды стандарт түрде жазу;
Жуық шамалардың абсолюттік қателіктерін есептеу;
Жуық шамалардың салыстырмалы қателіктерін есептеу;
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
-эксперимент жасай отырып жуық мәндерді таба алады және салыстырмалы қателіктерінің жуық шамасын есептей алады;
- абсолюттік және салыстырмалы қателіктерді есептей алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді.
Пәнге тән лексика мен терминология:
- дәреженің негізі;
- дәреже көрсеткіші;
- натурал көрсеткішті дәреже;
- бүтін көрсеткішті дәреже;
- дәрежеге шығару;
- санның квадраты, санның кубы;
- көбейтіндінің дәрежесі;
- санның стандарт түрі;
- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;
- ... дәреже түрінде жазыңыз;
негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);
негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;
санды стандарт түрде жазыңыз;
егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ... ;
келесі/жетіспейтін мүшесі ... болып табылады;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Тапсырмаларды жұпта (жеке) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыстар
|
Сандардың жуық шамалары көптеген ғылыми облыстарында және техникада қолданылады
|
|