Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: №10 Дарынды балалар арналған «Білім инновация» мектеп – лицейі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу, дәрежеге шығару
|
Сабақтың түрі
|
Сынау сабағы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.2.1.20 алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды орындау;
|
Сабақ мақсаттары
|
Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды қайталау.
|
Бағалау критерийлері
|
алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығару ережесін қолданды;
ықшамдауды дұрыс орындап, соңғы нәтижені жаза алды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Бөлім бойынша лексика және терминология
алымы, бөлімі; айнымалының мүмкін мәндері; өрнектердегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиыны; рационал өрнек; бүтін өрнек; бөлшек өрнек; алгебралық бөлшек; бөлшектерді қысқарту; бөлшектің негізгі қасиеті; толықтауыш көбейткіш; қысқартылмайтын бөлшек; бөлшектерді көбейту (бөлу); бөлшекті дәрежеге шығару; сатылы бөлшек.
Оқытудың тілдік мақсаты
- алгебралық бөлшектерге көбейту амалын қолдануды түсіндіреді.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- … бөлшектің мағынасы болмайды;
- ...болғанда ғана бөлшек нөлге тең болады ;
өрнектің мүмкін мәндер жиынын табу үшін …;
бөлшекті ортақ бөлімге келтіру үшін … керек;
… үшін бөлшектің алымы мен бөлімін көбейткіштерге жіктейміз;
бөлшектердің ортақ бөлімін табу үшін … керек;
әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін табу үшін …;
алымындағы қосылғыштардың таңбаларынын (бөлшектің алдындағы таңбасын) өзгерту үшін ...;
өрнектердің мәні ондағы айнымалылардың мәндеріне тәуелсіз екенін көрсету үшін …;
- бөлшекті оған теңбе-тең бөлшекпен алмастыру деп ... түсінеміз.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Бірін-бірі тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, өздігінен үйренуге талпыну, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика тарихы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақтаны қолдану
|
Бастапқы білім
|
Өрнектерді түрлендіре білу, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара білу, қысқаша көбейту формулаларын қолдану.
|
|