Сабақ тақырыбы/ Тема урока: «Тыныс алу, көру және тері мүшелерін қорғайтын дербес құралдар» Модуль /пән атауы : ас техника



бет4/4
Дата21.11.2022
өлшемі157.49 Kb.
#465327
түріСабақ
1   2   3   4
Ас тех 3 курс 6 лек

Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-2
Медициналық қорғаныс құралдарына АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы жатады.
АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасыөз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациамен, ұлағыш заттармен және бактериалдык қүралдармен зақымданудың алдын алуға арналған.

АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі - 90*100*20 мм, массасы – 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:


1-ұярезервтік, ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті ( 2% промодел ерітіндісі – 1мл) салуға арналған.


а — жалпы көріндісі: 1 — корпус; 2 — канюли мен ине; 3 — қорғау қалпағы; б — қолдануы: 1 — канюли дегенді тірелгенше бұрап корпустағы мембрананы тесуі; 2 –инеден қалпағын алып тастау; 3 — иненің қадалау жол-жобасы


2-ұя – қызыл түсті пеналды, фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткасы (тарен, 6 таблетка). Бір таблеткада 0,006 гр таза тарен бар. Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланады.
3-ұя – үлкен түссіз пеналды, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2 (әрқайсысы 0,2 гр сульфадиметоксидінің 15 таблеткасы). Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан қабылдайды, екінші немесе үшінші күннен кейін тәулік сайын 4 таблеткадан).
4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1 (әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин). Бір таблеткада 0,2 гр препарат бар. Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30-60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды (6 таблетка). Таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.

5-ұя – екі ақ пеналдағы кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек
№ 1. Тетрациклиннің бір таблеткасында 1 000 000 бірлік антибиотик бар. Хлортетрациклинді бактериялық зақымдану қаупі кезінде шұғыл дәстүрлі емес профилактикалық мақсатта қолданады. Бір жолғы мөлшері 500 000 бірлік. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды. Әр пенал 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін сол мөлшерде тағы қабылдауға болады.

6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2 (йодты калий – 0,125*10 таблетка). Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда қабылдайды (10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан).
7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек (этаперазин – 0,006 гр 5 таблетка). Бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде пайдаланылады.

Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар.


ІV. Қорытынды бөлім – 12 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Р-2 не үшін қолданылады?

  • Теріні қорғаудың қарапайым құралдарына нелер жатады?

  • Мақта – дәке таңғышын қалай жасайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет