Сабақ тақырыбы Трапецияның ауданы



бет1/4
Дата13.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#483095
түріСабақ
  1   2   3   4
26.02.2019


ҰМЖ: Аудан



Мектеп: Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені

Күні: 13.02.2020

Мұғалімніңаты-жөні: Төлегенова А.С

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Трапецияның ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.13 трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;



Сабақ
мақсаттары

Білу және қолдану.

  1. Трапецияның ауданын табудың формуласын біледі және қолданады:

  2. Трапецияның ауданы мен басқа да элементтері бойынша биіктігін табады.

Синтез.

  1. Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығара алады.

Анализ.

  1. Трапецияның ауданын тауып формуласын қорытып шығара алады:

Күрделі есептерді талдай отырып шығара алады.

Тілдік
мақсаттар

Оқушылар:
- фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды;
- формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды;
- фигуралар аудандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді;
- есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды.
Пәнге тән лексика мен терминология:
- шама, өлшем бірлігі;
- ауданы, ұзындығы, ені;
- периметр, жарты периметр;
- жай фигура, жазық фигура;
- тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар;
- көпбұрыш ауданы;
- төртбұрыш ауданы;
- параллелограмм ауданы;
- квадрат ауданы;
- тіктөртбұрыш ауданы;
- ромб ауданы;
-үшбұрыштың ауданы.
-трапецияның ауданы.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм
/ромб/ ауданын анықтау үшін ... қажет
- ...формуланы қолдану үшін ..... қажет.
- егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы ….
- тең шамалас ... бөліңіз.



Құндылықтар-ды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік,қарым-қатынасты қалыптастыру

АКТ қолдану
дағдылары

Интерактивті тақта, презентация, видеоролик

Бастапқы
білім

Ауданның қасиеттері.
Параллелограмм мен ромбының анықтамалары.
Параллелограмм мен ромбының қасиеттері.
Фигуралардың теңдігі.
Тең шамалы фигуралар.
Тең құрамдас фигуралар.
Параллелограмның ауданы
Үшбұрыштың ауданы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет