Сабақ Тақырып: Тәрбие технологиясы тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі



Дата18.05.2022
өлшемі23.88 Kb.
#457103
түріСабақ
4практика


4 практикалық сабақ
Тақырып: Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі.
Мақсаты: Студенттердің тәрбие технологиясы, оның жіктелуі, түрлері туралы білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
Сабақ мазмұныәдебиеттермен жұмыстана отырып мынандай тақырыптар бойынша кесте немесе сызбанұсқа құру арқылы түсінік беру:

  1. «Педагогикалық технологиясы» ұғымдары.

  2. Тәрбиелік технологиялардың ерекшеліктері.

Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері.
Тәрбие технологиясы - тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі
Олардың қатарына кіретіндер:
1. Дамушы жеке адамның тәрбиесі сол адамды тікелей іс әрекетке қосу барысында орындалады.
2. Тәрбие-ұйымдастырылған іс әрекеттегі жеке адамның белсенділігі арттыруға ықпал етуші фактор.
3. Тәрбие барысында тәрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті.
4. Тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс қуанышына ере білуге көмектесу.
5. Тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет.
6. Тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескеру орынды.
7. Тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет.
8. Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет. Мектептегі оқу жұмысы да, оқушылардағы жеек адамдық сапаларды тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие заңдылықтары туралы түсінік
К.Д. Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану өте қажет. Себебі, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді қара дүрсін жаттау ешбір пайда бермейді. Сол ережелерді туындататын ғылыми негіздерді зерттеу міндетті іс. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс-әрекетін сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға ойластырған жөн. Сонымен тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсініктің мәні: орындалу жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын-ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелі мән бағдар беруге болады.
Олар:
1. Тәрбие процесінің өндірісінің процестен айырмашылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді- параллель схеме емес, комплексті түрде орындалады.
2. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни «технологиялық операцияларды» игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке шеберлікпен ұштасады.
3. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ, ол тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезеңдерімен толық қабылдануы тиіс. Тәрбие мәселелерін технологиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің мехнатты жолын алдын-ала белгілеген «өзекті нүктелердің» арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
ЖОСПАР:

  • Тәрбие технологиясы туралы түсінік

  • Мектептегі тәрбие жүйесіндегі технология дамуы

  • Қазіргі тәрбие технологиясының талаптары

  • Тәрбие жүйесіндегі заңдылықтар

Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары «Технология » сөзі «техно»-өнер, шеберлік және «логос»-ғылым деген сөздерден құралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні- бұл қолдану кезінде алдын-ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми - өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі.
Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әр түрлі іс-әрекеттерін басқара ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникативті желіні іске қосады.
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
1. Барша тарих кезеңдерінде тәрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен туындайды және ол қоғамға қызмет етеді.
2. «Технология » сөзі «техно»-өнер, шеберлік және «логос»-ғылым деген сөздерден құралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні- бұл қолдану кезінде алдын-ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми - өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі.
Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әр түрлі іс-әрекеттерін басқара ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникативті желіні іске қосады., бір-бірінсіз нәтиже бермейді.
3. Бір тұтас педагогикалық процестегі оқу мен тәрбие (тар мағынадағы ) өзара кіріге ұштасқан. Келтірілген заңдылықтар тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тәрбиелік процесті іске асырудағы педагогикалық құрал ретінде танылуы тиіс.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып мынандай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету;
2. Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
3. Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі- тәрбиеге комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
4. Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады.
5. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйеллігін талап етеді. Тәрбие ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі болуы шарт.
Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет