Сабақ (тренингтерімен) Сынып: мақсаты: Мамандықты саналы таңдау дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау



Дата15.08.2023
өлшемі23.38 Kb.
#476081
түріСабақ
Кім болғым келеді. Заманауи мамандықтар атласы


Кім болғым келеді?
Ақпараттық-танымдық сабақ (тренингтерімен)
Сынып: 8 – 9
Мақсаты: Мамандықты саналы таңдау дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.
Міндеттері:

  1. Мамандық таңдау процесі туралы түсінік қалыптастыру.

  2. Өз қызығушылықтары мен икемі негізінде мамандық таңдау маңызын түсінуді дамыту.

  3. Өзінің кәсіптік орнын тиімді анықтау мақсатымен болашақ мамандықтардың үлгілерін болжау дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыздандыру.

Құрал – жабдықтар: топтық жұмысқа бланктер, «Адамдар жұмыстан не іздейді?» кестесі. Интербелсенді тақта. «Жаңа мамандықтар атласы» электрондық нұсқасы
ТРЕНИНГТІК САҒАТТЫҢ БАСЫ
«Кімнің кім екені...» сергіту ойыны (3мин)
Ойын басталмас бұрын мұғалім балалардан оларды қандай мамандықтар көбірек қызықтыратын сұрап алып, тақтаға жазып қояды (шамамен 5-7). Содан соң осы тізімдегі мамандықтарды атайды.
Мұғалім: «Қазір мен мамандықтарды атап шығамын (тақтадағы тізімнен), ал сендердің әрқайссың бірнеше секунд ішінде өз сыныптастарыңа қарап шығып ол мамандық көбірек кімге сәйкес келетінін анықталуларының керек. Содан соң мен алақан соққан кезде барлығы бір мезгілде таңдалған адамды (аталған мамандыққа көбірек сәйкес келетін) қолмен көрсету керек. Барлығы сыныптасын қолмен нұсқаған күйінде қатып қалуы керек, ал мұғалім әр адамға шамамен қанша адам нұсқап тұрғанын, яғни бұл мамандыққа кімнің бейнесі көбірек сәйкес келетінін анықтайды.
Мұғалім түсіндірмесі:
Жақын арада сіздер 9 сыныпты бітіресіздер және сіздер өздеріңіздің әрі қарайға жолдарыңды таңдау керек боласыздар: оныншы сынып немесе жұмыс, колледж немесе т.б. біреулеріңіз ол таңдауды саналы және өз бетінше жасайды. Ал біреулер әлі де өзіне не қажет екенін білмейді. 9 сынып оқушылары көптеген формулалар, теоремалар, ережелер, заңдарды біледі, күрделі есептерді шеше алады және әдеби кейіпкерлерге баға береді, бірақ кез-келгені «мен қандаймын?» «кім болғым келеді?» деген қарапайым сұрақтарға жауап бере алмайды. Ал әлемде 50000-нан аса мамандықтар бар. Өмір жолын таңдау, мамандық таңдау – белгісіз көп есеп. Ол есепті қалай қателеспей, дұрыс шешуге болады? Ал, жоғалып кеткен мамандықтар туралы не білеміз?
//Оқушылардың жауабы//
«Мамандықтар – зейнеткерлер» миға шабуыл
Кей мамандықтар қазір жоғалып кеткен. Соларды атай аласыздарма? Оқушылар жоғалып кеткен мамандықтарды атап шығады (мысалы, жәмшік, себебі арбаны автомобильдер ығыстырды; тоқымашы, себебі тоқу станоктарын қол еңбегі ығыстырды және т.б. сонымен қатар соңғы кезде өзгеріске ұшыраған мамандықтар бар, қандай? Оқушылар жауап береді (мыс: фотограф, себебі үлдірлі фотоаппараттардың орнын цифрлық фотоаппараттар басты; дәрігер, себебі сырқат диагностикасын жасау үшін УДЗ аппараттары, биорезонансты, изотопты диагностика қолданылады; бағдарламашы, себебі қазір жобалауды автоматтандыру жүйелері, бұлтты технологиялар қолданылады және т.б.)
«Болашақ бейнесі» жаттығуы
Әр оқушы болашақтың мамандығын алады. Сіздердің міндеттеріңіз – ол мамандық өкілдері немен айналысатынын және қандай салада жұмыс істейтінін анықтау. Мұғалім мамандық атауларын каточка таратады (ресурстық материалды қараңыз) және топтық жұмысқа уақыт беріледі.
Талқылау
//Оқушылар қысқаша жауап береді.// Мұғалім оқушылардың айтқанын жалпыландырады:
«Сіздер талқылаған мамандықтар болашақтағы мамандықтардың мысалдары.
«Болашақ мамандандыру» жаттығуы
Мұғалім оқушыларға 5 топқа бөлінуді және әр топқа мамандардың бір бағытын таңдауды ұсынады. Бес мамандықтар бағытының тізімі: Медицина, АТ-секторы, құрылыс, туризм және қонақжайлылық, медиа мен ойын-сауық. Осылайша, оқушылардың әр тобында өз қызмет саласы болады. Алдымен бар мамандықтардан бөлек тағы қандай мамандықтар алдағы 10 жылдықта қажет болатынын болжаңыздар. Қағазға өз көзқарастарыңызды жазыңдар. Әр топ өкілі өз нәтижелерін ұсынады.
Мұғалім «Жаңа мамандықтар атласы» авторлары белгіленген мамандықтар жазылған карточкалар таратады (ресурстық материалды қараңыз). Балалар, енді сіздер қай мамандықтарды таңдағандарың қандай мамандықтар ұсынылғанын салыстырыңдар. Сәйкестіктер көппе? Оқушылар жауап береді.
Талқылау
ХХІ ғасыр дағдылары, олар қандай дағдылар?
Мұғалім «Болашақ мамандарының дағдылары» плакатын іледі (ресурстық материалды қараңыз). Егер сендер әлі өздеріңе қандай мамандық сай келетінін білмесіңдер, онда сендер осы дағдылардың қайсысы сендерге жақын екенін, не істей білетініңдерді немесе нені болашақта меңгере алатындарыңызды көре аласыздар. Оқушылар мұғалім көмегімен ұсынылған дағдыларды талқылай отырып өздерінде бар дағдыларды, дамытуға тиісті дағдыларды белгілейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Рефлексия
Оқушылар қандай жаңа нәрсе білгендерін, бойларын қандай сезім мен эмоция билегенін Білім алушылар мұның не жайлы және не үшін қажет екендігі, қандай жағдайда керек болатындығы жайында өзіндік қорытынды жасайды. Әрбір оқушы бір ауыз сөзбен өз сезімдері мен көңіл – күйлері, қандай ойлармен бөлісетіні туралы айтып береді.
Рефлексияны былайша әсерлі аяқтауға болады: Білім алушы алға қарай бағыт алып, оң қолын алға созады. Барлық қол бір орталыққа жиналған кезде «Біз бір командамыз» деп бірауыздан айтады.
ТРЕНИНГТІК САҒАТТЫҢ СОҢ
Үйде сіздер «Жаңа мамандықтар атласы» авторлары белгіленген түрлі бағыттардың тізімімен толығырақ зерттей аласыздар. Ол мына сайтта берілген: http://atlas100.ru сіздер осы кезге дейін өздеріңнің болашақ мамандықтарың туралы ойланған боларсыздар. Мүмкін бүгін сіздер мамандықтар туралы білімдеріңізді кеңейтіп, болашақта оқу бітірген соң айналысқың келетін нәрсені табарсыз..»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет