Ақпарат дегеніміз не?



Дата12.03.2022
өлшемі1.77 Mb.
#456205
prezentasiya vedenie

Ақпарат дегеніміз не?

  • Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Біз бәріміз жарық дүниені көргенімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледи-дар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойлау – ақпарат алмасусыз жүзеге аспайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
  • Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т.б. түрінде болады.

Ақпарат

  • Ақпарат дегеніміз – хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе дадыда болатын мәліметтер. Басқаша айтқанда ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
  • «Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымды білдіретін information сөзінен шыққан.
  • Ақпараттық процестер, яғни информацияны сақтау, өңдеу және таратупроцесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Адамдар ауызша хаттармен, хабарламалармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бірбіріне өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп отырады; көне хаттармен құжаттардысақтайды; алынған хабарлар туралы көп ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының барлығы ақпараттық процестер.

Ақпараттың маңызы

  • Ақпарат мөлшерін көлемдік тәсілмен анықталғанда объектіге мәндік қатысын бөліп көрсетпейтін, дербессіздендірілген ақпаратпен операциялайды. Мұнда ақпарат көлемі хабарламадағы символдар санымен өлшенеді.
  • Ақпарат қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңы болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастады.
  • Ақпараттық жаңа әлемде бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол жеткізуі. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен әдепттерлерінің саны көп есе өсіп кетті.

Адам ақпаратпен не істейді?

  • Адам ақпаратпен не істейді?
  • Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.Біз кітап , газет-журналдар оқығанда, ақпаратты есте сақтап жинаймыз.
  • Екіншіден, біз ақпаратты жеткізе аламыз. Адам ақпаратты сөйлескенде, теледидардан хабар көргенде, кітап оқығанда жеткізеді. Хабар жеткізуге арналған құралдарды  ақпарат жеткізу арнасы деп атайды.

Ақпаратты кодтау

  • Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау.
  •  Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.
  • Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.
  • Мысалы, мектепте оқитын балалар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 967, 1707, 3С7, 1111000111 сияқты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавитті де ондық, сегіздік, он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.
  •  Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодтау) түріне байланысты болады.

ASCII

  • ASCII коды.
  • Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код-ASCII американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады. Кодтау кестесінің 16 жолы және 16 бағаны бар. Кестедегі симводың орны оның 16-лық коды арқылы анықталады.
  • Кесте екі бөлік тен тұрады:
  • Стандартты бөліктегі-бірінші 128 симводар, 0-джен 127-ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

Ақпараттық түрлері

  • Адам ақпаратты қалай қабылдай алады?
  • Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп екіге бөлуге болады.
  •  Бейнелік ақпарат деп–табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс сезу мүшелері арқылы алынатын ақпаратты айтады.
  • Таңбалы  ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.
  • Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі  дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып бөлінеді.

Баламалы бөліктегі

  • Баламалы бөліктегі –екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін, псевдографикалық және кеібір арнайы символдарды орналастыруға арналған.
  • ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің реттілігі мен ережелерін және оған қосылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьтердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндікдерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет