Әдістемелік нұсқау
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
|
С. Торайғыров атындағы Павлодлар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАу
дәріс сабақтар жүргізуге арналған
«Бұқаралық мәдениет теориясы»
пәні бойынша
050204 «Мәдениеттану»
мамандықтары студенттері үшін
Павлодар
Әдістемелік нұсқаулықты бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
|
БЕКІТЕМІН
Тарих және құқық
факультетінің деканы
________ Ақышев А.А.
«____»_____200 ж.
Құрастырушылар: аға оқытушы Кабиденова Ж.Д.
Философия және мәдениеттану кафедрасы
дәріс сабақтарын жүргізуге арналған
Әдістемелік нұсқау
«Бұқаралық мәдениет теориясы»
бойынша
050204 – «Мәдениеттану» мамандықтары студенттері үшін
Ұсынылған
Кафедра отырысында «___»____200__ж. хаттама №__
Ф және М кафедра меңгерушісі ____________________Ахметова Г.Г.
Мақұлданған
Тарих және құқық факультетінің ӘК «____»____ 200__ж., хаттама №___
ӘК төрайымы ________________________ Мошна Н.И.
"Бұқаралық мәдениет теориялары" пәні бойынша типтік бағдарлама МЖБС сәйкес мәдениеттану бөлімінің студенттеріне арналып, кредиттік білім беру технологиясы негізінде құрастырылған. "Бұқаралық мәдениет теориясы" – жаңа оқу пәні. Бұқаралық мәдениеттің теоретикалық концепцияларын оқу 20 ғасырмен қазіргі күн мәдениетінің ерекшелігі мен қалыптасуын түсінуге мүмкіндік береді.
Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.
Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:
Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:
А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;
Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.
Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);
Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;
Дәріске алдын–ала дайындықстудентті шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.
Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.
Студент дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.
Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.
Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)
Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтыњ кұні, тақырып, мақсаты, сабақтыњ жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.
Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.
Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:
Дәрістің негізгі сұрақтары
|
Негізгі тезистермен, дәлелдер, қортындылар. Негізгі сұрақтар бойынша өз ойлары.
|
|
|
Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға болады:
Дәрістің негізгі сұрақтары
|
Негізгі ережелер, негізгі фактілер, жалпылау, дәріс мазмұнын қорытындылау
|
Студенттің ескертпесі және оның оқытушыға сұраѓы.
|
|
|
|
Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.
Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.
Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді
Студентің жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.
ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Тақырып 1 Кіріспе
Оқу пәннің зерттеу объектісі ХХ ғасырдың және қазіргі заманның бұқаралық мәдениеті болып табылады. Оқу пәннің заты бұқаралық мәдениеттің негізгі ағындарын, теорияларын, ХХ ғ. бұқаралық мәдениет теорияларының бағыттарын оқу болып табылады. Бұқаралық мәдениет феномені бұқаралық және ақпараттық қоғамда адамды құрастыру әдісін сипаттайды. ХХ ғ. бұқаралық мәдениеттің құрылымы мен типологиясында өнердің түрлері мен жанрларының жоғалуы және «маргиналдануы» көрінікті. Бұқаралық мәдениет қазіргі заман жағдайында техника мен коммуникация технология жетістіктеріне сүйенеді. ХХ ғасырдың және қазіргі заманның бұқаралық мәдениеті мифтер, архетиптер өрнегі мен әртүрлі киыстыру нәтижесінде қалыптасып, мәдениеттің дегуманизация процессімен қоса өтіп жатыр.
«Бұқаралық мәдениет теориялары» деген оқу пән бұқаралық мәдениеттің архетиптері, мифтердің ерекшелігін ұғыну, анықтау философиялық-теоретикалық ізденістердің реконструкциясын жүзеге асырады. «Бұқаралық мәдениет теориялары» деген оқу пәнін оқып білу барысында студент бұқаралық мәдениет туралы негізгі концептілермен танысады, бұқаралық мәдениет феноменнін талдап, зерттеп өткен ХХ ғ. батыс философиялық ойының көрнекті кемеңгерлердің шығармаларымен танысады. Бұқаралық мәдениеті сындап талдауына теоретикалық үлес қосқан Т. Адорно, В. Беньямин, Г. Маркузе, Ф. Ливис, К. Ливис, Х. Ортега-и-Гассет, У. Эко және т.б. «Бұқаралық мәдениет теориялары» пәнін оқып білу барысында студент модернизм дәүірі филосфия мен бейклассикалық философияның бұқаралық мәдениет ерекшелігі туралы сын мен деконструкциядағы түсүніктердері рөлі туралы біледі.
«Бұқаралық мәдениет теориялары» пәнін өту ХХ ғ. мен қазіргі заманның бұқаралық мәдениетінің динамикасының реконструкциясында ғана емес, онымен қатар студенттерді ХХ ғ. бұқаралық мәдениетінің негізгі архетиптерімен де таныстырады. «Бұқаралық мәдениет теориялары» пәні студенттерге бұқаралық мәдениеттегі негізгі рәміздер мен мифтердің орны мен рөлін анықтауға, бұқаралық мәдениет феноменін талдау ерекшелегі туралы түсінік шығаруға мүмкіндік береді.
«Бұқаралық мәдениет теориялары» пәнін зерттеу басқа мәдениеттанулық және гуманитарлық пәндер арасында басымды орын алады, өйткені ол қазіргі заман мәдениетін түсүнуіне ықпал етеді. «Бұқаралық мәдениет теориялары» пәнін оқу бұқаралық мәдениет феномендерін талдау, ХХғ. Және қазіргі заман бұқаралық мәдениеттің түрлері мен өңін топтастыру дағдыларын дамытады. Қазіргі заман мәдениетін зерттеулердің негізгі тәсілдері – диахрония мен синхрония, мәдени релятивизм тәсілі, тарихилық тәсілі, контент-талдау тәсілі, және т.б.
Тақырып 2 Мәдени модернизмнің теориялары
Таңдаулы (элитарная), халықтық және көпшілікке ұнамды(популярная) мәдениет туралы түсінік. Бұқаралық мәдениет туралы түсінікпен арасалмақ. Бұқаралық мәдениеттің қалыптасу бастаулары. Бұқаралық мәдениет пен бұқаралық өнер теорияларының қалыптасуы. Дж.Бентамның бұқаралық қоғам туралы теорисы және оның мәдени модернизм теориялары құрастырылуына тиген ықпалы. Қоғамның индустияланыру мен урбанизациялануы бұқаралық мәдениеттің қалыптасу негізі ретінде. Жеке адамның әлеуми және моральды атомизациялануы. Лебона айқындамасы. Біртектіліктің үш себебі. Бұқаралық қоғам және бұқараның қалыптасуы. Ф.Ливис және оның «Массовая цивилизация и культура меньшинства» деген еңбегі – бұқаралық мәдениетті ұнатпаушылық және әдеби модернизмнің манифесті. Мәдениеттің американдылықтануы және бір үлгіге салу процесстері. Кино – девальвацияланған эмоциялардың маңызды рекреакция түрі ретінде. Көзбен шолуына акцент қою – эмоционалды әсер етудың ең қарапайым әдісі ретінде. «Тарзан» фильмі. Кинофильмдер – енжарлық қабылдау және бір үлгіге салудың өңдеуы ретінде. Ұйыту мен көз шолу бұқаралық мәдениет тәжірибесіндегі әсер ету түрлері: газеттер, бестселлерлер, жарнама.
Тақырып 3 Мәдени пікір алуандағы және бұқаралық мәдениет бұқаралық қоғамның мәдениеті ретінде талдау
Мәдениеттің алып сатарлықтану феномені. Көпшілікке ұнамды триллер, қызық оқиғалық және эротикалық романдар. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы мәдени келісім. Х.Ортега-и-Гассет және оның бұқаралық қоғам туралы айқындамасы. «Восстание масс» шығармасы және бұқаралық мәдениеттәң талдауы. Бұқаралық адамның негізгі сипаттамасы. Халық санының өсуі, кәсіпшілік мамандану бұқаралық мәдениеттің қалыптасуының факторы. Бұқаралық мәдениет бұқаралық адамның мәдениет ретінде. Х.Ортега-и-Гассеттің «Дегуманизация искусства» еңбегін талдау және оның бұқаралық мәдениетті теоретикалық талдау үшін маңыздылығы. Бұқаралқ мәдениеттің бұқараның мәдени шығармашылығына деген мәдени қауыпы. «Адамшіліқтан» бас тарту- бұқаралық мәдениеттің өзгешелік белгісі. О.Хаксли және оның «Искусство и банальность» деген мақаласы. Бұқаралық мәдениеттің табыстылық себебінің талдауы. Бұқаралық мәдениеттің халықтық және элитарлық мәдениеттерге «қарсылығы» мәселесі. Бинарлық оппозиция. П.Бурдье зерттеулерінде бұқаралық мәдениетпен элитарлық мәдениет. Мәдени диспозиция және мәдени хабардарлық.
Тақырып 4 Бұқаралық мәдениеттің марксистік талдауы
Бұқаралық мәдениет буржуазиялық қоғамның феномені ретінде. Марксистік философшылардың зерттеулерінде бұқаралық мәдениетті талдау барысында идеологияның басымы. Бұқаралық мәдениеттің класстық сипаты. Бұқаралық мәдениеттің апологетикалық сипаты. Бұқаралық мәдениет идеологиялық қондырма ретінде. Бұқаралық мәдениет капиталистік қоғамның рухани дағдарысының көрінісі ретінде. Бұқаралық мәдениеттің халыққа, гуманизмге қарсы сипаты. Бұқаларық өнер шығармаларының тұтыну мінезі. Бұқаралық мәдениет мәдени «американизмнің» экспансия ретінде. Бұқара үшін батыр-кейіпкер. Аса күшті батыр мінездемелері. Аса күшті батырға аса ерік берілілу мен жазаға тартылмауы. Тілек пен рақат машинасы. Рақат алу индустриясы. Зәре феномені. Зәре адамның «еркін малтып» жүрген мазасындануының объективациясы ретінде. Зәре эффектілері. Мәдениет тауар ретінде.
Тақырып 5 Бұқаралық мәдениеттің психоаналитикалық талдауы
Классикалық психоанализ және бұқаралық психология мәселелерін жете зерттеу. Бұқаралық психологияның негізгі сипаттамалары. Идентификация және еліктеу. Санасыздық және и либидоздық. Бұқаралық психологияның либидоздық мінезі. Қағыну және орнын баса тұру. Бұқаралық психологияға санасыздықты ығысытру. Психоаналитикалық айқындаманың бұқаралық мәдениет тәжірибесінің қалыптасуына ықпалы. Бұқаралық мәдениеттің эротизация мен сексуализация ығысытру және орыны баса тұру механизмы. Бұқараның негізгі бет ілпеті: қозғыштық, сынсыздық, ассоциативтік, иланушылық. Классикалық психоанализ әдістемесінің бұқаралық мәдениеттің теоретикалық зерттеулеріне тигізген ықпалы. Бұқаралық мәдениет феномендерінің психоаналитикалық талдау.
Тақырып 6 Франкфурт мектебінің теориялары және бұқаралық мәдениет феномені
Франкфурт мектебінің философтарының копшілікке ұнамды және бұқаралық мәдениеттің эмпирикалық талдауы. Бұқаралық мәдениет конформизм, инфантилизм, манипуляция механизмі. «Ағартушылық» жобасын сынау – мәдени индустрияны сынау ретінде. Мәдени индустрияны бақылау. Тауарлық фетишизм мәдени индустрияның маңызды сипаты. Өнердің коммерциаландауы. В.Беньямин және механикалық репродуцияландыру идеясы. Бұқаралық мәдениет өнер шығармаларын механикалық түрде ұдайы өндіру ретінде. Шығармашылық индустрия ХХ ғ. қол тумасы. Бұқаралық мәдениет және бірөлшемді адам феномені. ХХ ғ. батыс технократиикалық қоғамның иесіздендіру және заттандыру феномені. Г.Маркузе бұқаралық мәдениетті жалған қажеттілік өндіретін индустрия ретінде қарастыруы. Үндестіру және бір үлгіге салу. Франкфурт мектебінің мәдениеттанушылық зерттеулерінің бұқаралық мәдениет зерттеуінде мағынасы.
Тақырып 7 Бұқаралық мәдениеттің семиотикалық талдауы
Структурализм және мәдени құбылыстардың талдауының негізгі қағидалары. Бұқаралық мәдениеттің структуралистік зерттеулері. У.Эконың Я.Флемингтің Джеймс Бонд туралы романының семиотикалық талдауы. Инвариантты ережелерді анықтау. Бұқаралық мәдениет өнімінің оппозиция және инвариантты құрылымдар сипаттамасы. Романның нарративті машинасы. Оппозицялардың талдауы. Джеймс Бонд туралы романдар мен фильмдердің табыстылық себбептері. Бонд және «батырлар туралы ертегілер» сюжеттердің универсалдылығы. Бұқаралық өнер қарапайым примитивизм ретінде.
Тақырып 8 Феминизм және бұқаралық мәдениет феномені
Феминистік қозғалыс және бұқаралық мәдениетті талдау. Масс-медиа мәдениетінде әйелдерді ұсыну түрлері. Гендерлік теңсіздік пен қысым әйелді маргиналды жан ретінде әділетсіз репрезентациялау. Бұқаралық мәдениетті феминизмнің сынау көзбен талдау. Бұқаралық мәдениет тәжірибесінде әйел жанын маргиналдық пен тривиалдық тұрғыдан пайдалану. Бұқаралық мәдениет тәжірибесінде «әйелді рәміздік ретінде жою». Медиа әйел бейнесін әлеуметтендіру және стереотиптеу агенті ретінде. Ер адамен әйел адамның жарнама, кинода репрезентациялау. Т.Модлески зерттеулері. «Еркек» мәдениеттің биік сферасы ретінде. «Әйел» бұқаралық мәдениеттің сферасы ретінде. Элитарлық мәдениет және еркектікті жоғарлату. Бұқаралық мәдениет және феминдіктікті маргинализациялау.
ҰСЫНЫЛҒАН Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Негізгі:
-
Адорно Т. Социология музыки // Избранное. – М.; СПб., 1999.
-
Беньямин В. Произведение искусства в эпоху его технической воспроизводимости // Киноведческие записки. – 1988. – №2.
-
Бовуар С. де. Второй пол. – М., 1998.
-
Маркузе Г. Эрос и цивилизация. Одномерный человек. – М., 2002.
-
Лебон Г. Психология толп. – М., 1998.
-
Московичи С. Век толп. – М., 1998.
-
Мережковский Д.С. Грядущий Хам // Мережковский Д.С. Эстетика и критика: В 2-х т. Т.1. – М., 1994.
-
Ортега-и-Гассет Х. Эстетика. Философия культуры. – М., 1991.
-
Фрейд З. Психология масс и анализ человеческого «Я». – М., 1999.
-
Фромм Э. Душа человека. – М., 1992.
-
Фромм Э. Анализ человеческой деструктивности. – М., 2002.
-
Хоркхаймер М., Адорно Т. Диалектика Просвещения. – М.; СПб, 1997.
-
Шапинская Е.Н. Формирование эстетического сознания в контексте современной массовой культуры (некоторые западные теории последних лет) // Современные концепции эстетического воспитания. – М., 1998.
Қосымша
-
Барт Р. Мифологии. – М., 2000.
-
Лосев А.Ф. Диалектика мифа. – М., 1991.
-
Молчанов В.В. Миражи массовой культуры. – Л., 1984.
-
Круглов А. Массовая культура // Здравый смысл. – 1997. – № 5.
-
Разлогов К. и др. Дар или проклятие? Проблемы массовой культуры. – М., 1994.
-
Руднев В. Словарь культуры ХХ века. – М., 1999.
-
Русский авангард. – СПб., 1996.
-
Султанова Ж.Б. Массовая культура как объект философского анализа: Дис. канд. филос. наук. – Алматы, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |