Сабақтың тақырыбы «Жарқыра, жайна Жаңа жыл» Мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі24.09 Kb.
#455224
түріСабақ
Жарқыра жайна жаңа жыл

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_______ C.Суттикожанова

«____»_______________

Тақырыбы: «Жарқыра, жайна Жаңа жыл»


Сынып: 5 «А»

Сынып жетекшісі: Ж.Алимжанова

2021 – 2022 оқу жылы









Мұғалімнің аты - жөні

Алимжанова Ж.М.

Күні

27.12.2021

Сабақтың тақырыбы

«Жарқыра, жайна Жаңа жыл»

Мақсаты

Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Сабақ түрі :


Танымдық сабақ

Сабақ әдісі :


сұрақ—жауап , талдау, іздендіру, түсіндіру 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері



Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе


Психологиялық ахуал

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.



Құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Жарқыра жайна Жаңа жыл»

Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

  • Жаңа Жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Жаңа жыл тұңғыш рет Месопотамияда тойланған. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған.Сондай-ақ, Жаңа Жыл көне Мысыр елінде де тойланып келген екен. Ондаған ғасырлар бұрын шаруашылықта жаңа маусымға септік болатын Ніл өзені суының толассуының өмірлік маңызы бар болыпты. Сондықтан сол күннен бастап жаңа күнді тойлау дәстүрге айналып келеді.

  • Бірақ орта ғасырларға дейін көптеген елдерде егін шаруашылығының бастауы мен өнім жинаудың аяқталуына байланысты Жаңа Жыл көктемде немесе күздің аяғында өткізілетін болған. 1600 жылдары аталған мерекенің тойлану уақыты күзден қыстың бас кезіне ауыса бастайды. Кейіннен бірінші қаңтарға ығыстырылғанымен, Григориан күнтізбесі енгізіліп, Жаңа Жыл он үш күнге созылады. Сол себепті әзірге дейін ескі жаңа жыл ресми болмаса да, 13 қаңтар күні тойланып келеді.

Жаңа жылдың салт-дәстүрлері

  • Жаңа жылдағы ең басты дәстүр – үй ішіне шырша қойып, ойыншықтармен безендіру. Алғашқы безендірілген шыршалар қазіргі Франция аумағындағы Эльзаста 1605 жылы пайда болған, деп санайды тарихшылар. Кейін біртіндеп бүкіл Еуропа шырша безендіре бастайды, әлбетте, әуелі дәулетті адамдар мен саудагерлердің үйінде ғана пайда болған. XIX ғасырда барлық жерде шырша қою дәстүрге айналды.
    Шыршаға ілуге арналған алғашқы шар тәріздес шыны ойыншық Тюрингияда (Саксония) XVI ғасырда жасалды. Шеберлер шыныдан әртүрлі пішінді ойыншықтар жасайтын болған: қоңырау, жүрек, аң-құс, шар, бүршік, жаңғақ. Содан кейін оларды көздің жауын алатын қанық түстермен бояған. 
    Келер жылы үлде мен бүлдеге оранып жүреміз деген сеніммен адамдар мейрам қарсаңында жаңа киімдерін киюге тырысады. Жаңа жыл алдында қарыз бермеген жөн. Ал өзіңіз біреуге қарыз болсаңыз, тездетіп қайтару керек.
    Ескі-құсқыдан арылу дәстүрі Италияда пайда болған. Адамдар осылайша жан дүниемізді тазартамыз деп сеніпті. Келе жатқан жыл жақсылыққа толы болу үшін мол дастархан жаю да ғұрыпқа айналған.

  • Жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – тілек тілеу көне ғасырлардан келе жатса да, әлі ұмытылған жоқ. Өйткені "Жаңа жыл қарсаңында қандай тілек тілесең де, әрқашан орындалады".

Жаңа жылдың кейіпкерлері

         Жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз Ата жұрт ойлағандай кәрі емес. Шамамен 150 жыл бұрын Жаңа жыл символына айналыпты.


Бастапқыда Аяз ата жалғыз жаңажылдық кейіпкер еді. 1873 жылы Александр Островский "Қаршақыз" пьесасын жазады. Сөйтіп, аппақ қардай сұлу қыз әуелі Аяз атаның туған қызы, кейінірек немересі болады. Неге бұлай өзгергенін түсіндіру қиын.
Тағы бір жаңажылдық кейіпкер – Аққала – ХІХ ғасырда пайда болды. Сол замандағы аққала қазіргіден айнымайды: қардан жасалған үш шарды бірінің үстіне бірін қойып, басына шелек кигізеді, мұрнының орнына сәбіз тығып, қолына сыпыртқы ұстатқан.

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.


.


.

Мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.




Негізгі бөлім


Бүгінгі сынып сағатымызды көңілді өткізу мақсатында құрметті оқушылар «Жаңажылдық тілек сайысы» ойынға шақырамын. Ойынымыздың шарты бойынша бұл ойынға бес оқушы қатысуы керек. Әрбеуініңіз кезекпен бір жаңа жылдық тілек айтуларыңыз керек және қайталанбауы тиіс. Ойлануға бес секундтан артық ойлануға болмайды. Әрине соңына жеткен адам жеңімпаз атанады.
Келесі ойынымыз: ортаға өз араларыңнаннан «МЕН ӘНШІМІН» деген бес оқушыны шақырамыз. Сіздермен қазір «Жаңажылдық ән сайысы» ойынын өткізбекпіз. Ойын шарты, мына алдарыңыздағы парақшада қазақ алфавиті жазылған, қай әріп қолынызға іліксе сол әріптен басталатын ән орындауыңыз керек. Ойлануға бес секунд уақыт беріледі. Ойын шарты түсінікті болса бастайық
“Эстафета” ойынын ойнау үшін бізге 4 оқушы қатысуы керек. Ойын 3 бөлімде өтіледі.

    1. Ойынның 1 бөлімі бойынша қорапша ішінен парақшаны алу керек. Парақшада қазақтың салт дүстерлері суреттелген, сол дәстүрлерді ортада көрсетулеріңіз керек.

    2. 2 бөлім бойынша мына үстелдің үстінде логикалық тапсырмалар орналастырылған.

    3. 3 бөлім бойынша сіздерге 2 мақал -мәтелдердің алдыңғы сөздері айтылады, ал сіздер соңғы сөздерін табуларыңыз керек.

Келесі ойынымыз «Ыстық орындық» деп аталады. Ойынды ойнату үшін бізге 4 оқушы керек. Алдарыңызда  3  ғана орындық тұр. Қазір музыка қосылады, сіздер билеп әуен тоқтағанда осы орындыққа отыруларыңыз керек. Орындыққа отырып үлгере алмаған ойыншы ойыннан шығарылады.





Қорытынды


Құрметті балалар! Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет