Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып



бет24/36
Дата15.04.2022
өлшемі480 Kb.
#456694
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
кәсіби қазақ тілі

Сочетание послеслогов с падежами:

Атау септікті меңгеретін септеуліктер

Үшін Сайын СияқтыТуралыАрқылы
Бойы, бойымен Шамалы, шақты, қаралы
Ғұрлы (ғұрлым)

Барыс септікті меңгеретін септеуліктер

Дейін (шейін) Қарай, таман Салым, тарта, жуық, таяу

Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер

Гөрі Бері Кейін Соң Бұрын Бетер

Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер

Қатар Бірге Қоса



Мысалы (Пример):

  1. университетке дейін - до университета

  2. жыл бойына - в течение года

  3. айтуы бойынша - по его рассказам

  4. сабақтан соң - после урока

  5. түстен кейін - после обеда

  6. сен арқылы - через тебя

  7. шаруашылық туралы - о хозяйстве

  8. сен үшін - ради тебя

  9. оқу үшін - для учебы

  10. былтырдан бері - с прошлого года

  11. менен бұрын - раньше меня

  12. әрі отыр - сядь подальше



Жалғаулықтар — сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады.
Союзы служат для связи слов, словосочетаний, частей сложного предложения, а также предложений друг с другом.
Жалғаулықтар түрлері:

Ыңғайластық (соединительные)

  • Және Әрі Мен/бен/пен

  • Да/де, та/те

Талғаулықты (разъяснительно-разделительные)

  • Әлде Біресе Бірде Не Немесе

  • Я Яки Болмаса Кейде

Қарсылықты (противительные)

  • Бірақ Алайда Дегенмен Әйтпесе

  • Әйткенмен Сонда да

Себеп-салдарлық (причинно-следственные)

  • Себебі Өйткені Сондықтан

Шарттық (условные)

  • Егер Онда

Ұштастырғыш (смыкающие)

  • Ендеше Демек Яғни



Мысалы (Пример):

  • Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. - Выходные дни - суббота и воскресенье.

  • Ол қатал, әйткенмен әдiл адам. - Он строгий, однако справедливый человек.

  • Не мен барамын, не сен бар. - Или я пойду, или ты иди.

  • Ол таңертең телефон соқпайды, себебі уақыты болмайды. - Он не позвонит утром, потому что у него не будет времени.

  • Жаңбыр көп жауды, сондықтан егін жақсы шықты. - Дождя много было, поэтому урожай был хороший.

  • Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз. - Если они не придут, тогда мы сами пойдём.



Демеуліктер өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.
Частицы не изменяются, придают словам или предложениям различные значения.
Демеуліктер түрлері:

Сұраулық (вопросительные)

  • Ма/ме, ба/бе, па/пе

Күшейткіш (усилительные)

  • Ау, ай, ақ

Нақтылық (уточняющие)

  • Ғой, қой

Шектік (ограничивающие)

  • Ғана, қанаТек

Болымсыздық (отрицательные)

  • Түгіл Тұрсын Тұрмақ

Болжалдық (приблизительные)

  • Мыс/міс екеш

Мысалы (Пример):
Сен киноға бардың ба? - Ты ходил в кино?
Ол айтты ғой. - Он ведь сказал.
Сөзде ғана, істе жоқ. - Лишь на словах, но не на деле
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.
Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.
Үй тапсырмасы 5-минут
Әдебиеттер:

  1. А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

  3. Источник: http://yznaika.com/hints/22-usteu

  4. Жоғарыға көтеріліңіз Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3

Сабақтың жоспары


Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі
І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Еліктеу сөздер. Еліктеу сөздердің түрлері.
Лексикалық тақырып:
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімдлік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыпппен байланыстыру.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке дағдыландыру
Б) Ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың еліктеу сөздерді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру
ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық
Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.


Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  2. Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.



Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Сабақтың барысы:


Еліктеу сөздер (слово имитации)– айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға (явления ), қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне (изображающие) еліктеуден туған сөздер. Мысалы, жалт-жұлтетеді, сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті.Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер және бейнелеуіштер.
Еліктеуіш сөздер – табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы, сарт-сұрт ете қалдыгүрс ете түстіжымың-жымың етеді, жарқ ете қалды, т.б.
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеунәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы, жалт қарады, маң-маң басады, желп-желпетеді, жарқ-жарқ етті.
Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір болып бөлінеді.


1. Негізгі еліктеу сөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.
2. Туынды еліктеу сөздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т.б.
3. Күрделі еліктеу сөздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т.б.
қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.


Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасалады:
1. Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақтар:
-ыл, -іл, -л – тарс-ыл, сарт-ыл, дүрс-іл, күңк-іл, бүлк-іл, арс-ыл., т.б.
-ақ, -ек – бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.​​​​​​​
-ғыр, -гір – даң-ғыр, дүң-гір, т.б.​​​​​​​
2. Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақтар:
-ыра, -іре – салб-ыра, үлб-іре, т.б.​​​​​​​
-ла, -ле – дабыр-ла, күбір-ле, т.б.​​​​​​​
-да, -де – қоқаң-да, ербең-де, т.б.​​​​​​​


Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады.Дір-дір етеді, жалт қарады – қайтті? – баяндауыш.
Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы,Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан – неден? – толықтауыш.
Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. Тарс-тұрс еткен қандай? анықтауыш. 
Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті. Сәби томп-томп жүгіріп жүр. Томп-томп, күмп беріп қалай? – пысықтауыш.


Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сөздер дефис арқылы жазылады.Мысалы, қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т.б.​​​​​​​


Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері
Соғып алу—жұмсақ тіндердің бұзылуы, көбінесе құлау немесе бір нөрсеге ұрьш алу кезінде пайда болады; бұл кезде тері, ұсақ тамырлар зақымданады; тіндерде кан қүйылуы немесе жиналуы (канды ісік) пайда болады.
Белгілері: ауру сезімі, ісуі, қанталау, қол-аяқтың козғалысының аздап шектелуі, тек кейбір жағдайларда (ішті, жұмыртқаны соғып алу) шок кұбылысы немесе дене кызуының аздап көтерілуінің байкалуы мүмкін.
Буынның шығуы — буын айналасындағы сүйек ұш-тарының жылжып кетуі, иық, шынтак жөне жамбас буындарының жиі шығуы, ал кейбір жағдайда қол саусақтарының жөне теменгі жак сүйек буындары шығып кетеді. Буьш қапшығының жарылып кетуі мүмкін, буын айналасындағы байламдардың, бұлшык еттін, сіңірдің, терінің, тамырдың, жүйкенің, сүйектің зақымдануы.
Белгілері: зақымданған буынның ауыруы, қол-аяктың қозғалысқа келмей қалуы, буынның өзгеруі, буын басы-ның баска жерден табылуы, тексеру кезінде созылмалы болуы.
Буын аралығының созылуы мен үзілуі — буын тұсындағы шұғыл козғалыс кезінде буын аралығының созылуы жөне үзілуі мүмкін көбінесе аяқ-басы — балтыр буынынын тұсында, ал баска жерлерде (тізе, көрі жілік, білезік буынында жөне т.б.) сирек болады.
Белгілері: соғып алу кезіндегідей, бірақ буын аралығы бекітілген жерлерде жанға батарлық жөне қатты ауру: кол-аяқ козғалысы шектеліл, кейде буьш қуысына кан күйылуы (канды буын) мүмкін.

Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.


Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.
Үй тапсырмасы 5-минут


Әдебиеттер:

  1. А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

  3. Источник: http://yznaika.com/hints/22-usteu

  4. Жоғарыға көтеріліңіз Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет