Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық
Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.
Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.
Саяхатқа шығайық тақырыбына жазылған бір шығарманы орындату.
Біріккен сөз дегеніміз не?
Мысалдар келтірту.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Құрмалас сөйлем.
Себеп салдар мәнді құрмалас сөйлемдер.
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б)Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:
Мысалы, Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сүр аспан жиі түнереді. (М. Әуезов) деген сөйлемде 9 сөз қолданылып, бір ғана ойды білдіріп тұр. Сөйлемде бір баяндауыш (не істеді?)— түнереді, бір бастауыш (не түнереді?)— аспан қолданылған, қалғандары — тұрлаусыз мүшелер: жиі (қалай түнереді?)— кимыл-сын пысықтауыш, Ералы, Ойқұдық үстінде (қайда түнереді?)— мекен пысықтауыш, сұр (қандай аспан?)— анықтауыш, жауынды бүркер (қай аспан?)— анықтауыш.
Төбесінде көзі қанталаған қарақұс отыр, іргесінде ініне жүгірген суыр ғана жүр. (3. Қабдолов) деген сөйлем екі жай сөйлемнен құрылған, өйткені бұнда екі бастауыш және екі баяндауыш бар: отыр (не істеді?)— баяндауыш, қарақұс (не отыр?)— бастауыш және жүр (не істеді?)— баяндауыш, суыр (не жүр?)— бастауыш. Сөйтіп, екі жай сөйлем кұрмаласып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.
Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |