Электрохимиялық коррозия деп электроөткізгіштікке ие сұйық электролиттермен электрохимиялық әрекеттесу нәтижесінде металдардың өздігінен бүлінуін айтамыз. Мұндай электролиттерге су, қышқылдардың судағы ерітінділері, сілті, еріген тұзарды жатқызуға болады. Электрохимиялық коррозия кең тарлған және оның көптеген түрлері бар.
Электрохимиялық коррозияның себебі –қоршаған ортамен әрекеті металл бетінің әртүрлі жерлерінде өтетін үрдістермен сипатталады. Коррозия өнімі тек анодты бөліктерде пайда болады.
Электрохимиялық коррозия көптеген металдардың термодинамикалық тұрақтылығының төмендігі және олардың иондық қалыпқа кезінде металлдың өтуге ұмтылысы.
Электрохимиялық механизммен коррозиялық үкелесі түрлеі өтеді:
Электролиттегі коррозиялар – электр тогын өткізетін сұйық ортадағы металлдар коррозиясы. Электролиттің түріне байланысты коррозияны қышқыл ертінділерінде, сілтіде және тұзда ажыратуға болады.
Электролит құрамын коррозия үрдісінің механизмі анықтайды, ол оның кинетикасы мен етеді. мысалы, егер электролит құрамында олармен әрекеттесу нәтижесінде металл бетінде баяу еритін тұздар қабығы пайда болатын аниондар мен тотықтырғыштардың болуы коррозия жылдамдығын төмендетеді.
Электролиттерде еріген оттегі металдардың коррозиялық үрдісіне тежеуіш және жылдамдатқыш әсерін тигізеді.
Коррозия үрдісіне электролит концентрациясы да әсер етеді.
Электролиттегі тұздардың консентрациясы өсуіне байланысты барлық табиғи ортада дерлік коррозия жылдамдығы алдымен қандай-да бір максимумге дейін –өсіп одан кейін оттегінің ерітіндісінің төмендеуінің және катодты үрдістің қиындауының нәтижесінде бәсеңдейді. Сонымен қатар электролит температурасы коррозия жылдамдығына әсер етеді.
Бұл температура көтерілуіне байланысты электролиттердің электроөткізгіштігі артуымен түсіндіріледі.
Электролит температурасының өсуіне байланысты коррозия жылдамдығы кейде он немесе жүз есе өсуі мүмкін.
Топырақты коррозия деп – топырақты электролит әсерінен пайда болатын жер асты металлдық жабдықтарының коррозиясын айтамыз.
Топырақты электролиттермен байланыстағы металдық өнімдердің бетінде металдың немесе электролиттің біркелкі ұқсас көптеген коррозиондық элементтер пайда болды.
Биокоррозия деп –әсерінен жүзеге асатын топырақ коррозиясының жеке жағдайын айтамыз. Олардың өмір сүруі нәтижесінде коррозиялық үрдістерді жылдамдататын заттар пайда болады.
Табиғатта қалпына келтіруші оттексіз кеңістікте дамып өмір сүретінбактериялар кеңінен тараған. Олардың әрекеті нәтижесінде темірмен қосылғанда күкіртті темір беретін күкіртті сутек пайда болады. Сульфатты қалпына келтіруші анаэробты бактериялар әдетте суда, батпақта, ағынды суда, мұнай скважиналарында, терең тұнбаларда, топырақта, цементте өмір сүреді.
Бұл бактериялалдың көбеюіне ең қолайлы орта топырақтың 25-30°С –тағы pН=5/9 (оптимальды 6-7, 5).
Темір аэробты бактериялардың тіршілік әрекеті коррозия өнімі ретінде темірдің гидрототығының ерімейтін қабықшасының бөлінуімен қатар жүреді.
Атмосфералық коррозия дегеніміз – ауа атмосферасындағы немесе кез-келген ылғалды газ ортасындағы металдар коррозиясы. Ауадағы ылғалдың жоқтығына байланысты темір төмен жылдамдықпен коррозияға ұшырайды.
Мысалы, шөлде болаттан жасалған бұйымдар ұзақ уақыт жылтырлығын сақтайды.
Атмосфералар ылғалдылығына, температурасына және ластануына байланысты бірнеше түрге бөлінеді, сондықтан атмосфералық коррозия жылдамдығы әр аймақта әртүрлі болады. Теңіз жағалауына неғұрлым жақынырақ болса, ауа соғұрлым болып келеді. Өндірістік облыстарда ауада күкірт қышқылына айналатын SO2–нің айтарлықтай үлкен мөлшері пайда болады.
Қозғалтқыштардың ішкі жануы кезінде атмосфераға бөлінетін NO көп мөлшерде пайда болады.Қалалар мен өндіріс орталықтарында атмосфераға көп мөлшерде бөлінеді.
Атмосфераны оның агрессивтілігіне байланысты төмендегі басты типтерге бөлуге болады: ауылдық және арктикалық.
Атмосфераның агрессивтілігіне әсер ететін ерекше факторлар болып табылатын (газбардан басқа) шаң және ылғал.
Атмосфералық жағдайда пайда болатын таттанған қабықшалардың қорғану қасиеттері болуы мүмкін. Бұл жағдайда коррозия жылдамдығы уақыт өте келе бәсеңдейді.
Электрокоррозия деп электрофицирленген немесе басқа өндірістік электрқондырғылары мен құрылыстарынан тұрақты сызықтары, жерасты металдық құрылыстарға катодты қорғау орнату кеткен ғимараттарға енуінен пайда болатын жерасты металлдық құрылыстардың коррозиясын айтады.
Бұл токтар жылжымалы токтар атауына ие болды және олардың көлемі мен бағыты уақыт бойынша өзгеруі мүмкін.
Электрокоррозия үрдісінің интенсивтілігін сипаттаудың басты мөлшері жер асты құрылысынан топыраққа ағатын және болып табылады. Жер асты құрылысындағы токтың кету мөлшері көптеген факторларға байланысты, атап айтқанда:
- жердің салыстырмалы кедергілері;
- жердегі жылжымалы токтың мөлшері
- жылжымалы токтар мен жерасты құрылыстары көздерінің өзара орналасуы;
- жер асты құрылысындағы оқшауланған сыртқы қабаттың жағдайы;
- жерасты құрылыстарының бойлық қарсыласуы
Байланыстық коррозия дегеніміз - әртүрлі электрохимилық
потенциалға ие екі металдың электрлік байланысынан пайда болған коррозия. Кернеудегі коррозия металда коррозиядлық орнының және механикалық кернеудің біркелкі әсерінен пайда болады.
Саңылаулы коррозия деп тар тесіктердегі арқылы металдың коррозиялық бүлінуінің жылдамдауын айтамыз.
Коррозиялық эрозия деп коррозиялық орта мен үйкелісінің бір мезгілдегі әрекетін айтамыз.
Коррозиялық кавитация дегеніміз – қоршаған ортаның бір мезгілдегі коррозионды және соқпа әсерінен пайда болады (центрден тепкіш насостардың жұмыс дөңгелектерінің күрекшелерінің коррозиясы, кемелердің ескіш винттерінің күрекшелерінің бүлінуі).
Өзіндік бақылауға арналған сүрақтар: 1. Химиялық коррозия дегеніміз не?
2. Химиялық механизм тұжырымын қалай түсіндіресіз?
3.Сәйкестікті растау саласындағы құжат