Сабақтың көрнекілігі



Дата08.07.2016
өлшемі48.92 Kb.
#184675
түріСабақ
Ақтөбе облысы.Шалқар ауданы.Мөңке би ауылы. М.Тәжин атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі Кемалова Бакиза

Тақырыбы : Салат түрлерін дайындау

Мақсаты:

1.Оқушының білімін,дүниетанымын кеңейту,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге,оқушыларды ұйымшылдыққа,іскерлік,шеберлікке үйрету.

2.Тамақ әзірлеу кезінде тазалық және техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.Салат жасау жолдарын және әшекейлеу тәсілдерін үйрету. 3.Оқушылардың логикалық ойлау,есте сақтау,дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:таблица,плакат,жеміс-жидектер,ыдыс-аяқтар,құралдар. Көрме: «Қолөнері - ой өнері», «Күз – ел байлығы».

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: биология,технология,әдебиет, қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен,бейнелеу өнерімен байланыстыру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын еске түсіру. 1.Техника қауіпсіздік ережесі: 1.Техника қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауды естен шығарма; 2.Сулы қолмен электр тоғын ұстама; 3.Пышақ,шанышқы,қасықтармен ойнама; 4.Пышақты екінші адамға ұсынғанда сабын қаратып бер; 5.Пышақпен жұмыс істегенде абай бол; 2.Тазалық талаптары: 1.Отырған орнымызды таза,жинақы ұстау; 2.Әрбір оқушының өзінің алжапқышы,бас орамалы болуы керек; 3.Салат жасар алдында қолымыз жуылып,тырнақ болмауы керек; 4.Жасайтын салаттың көкөністері және ыдыстары,құрал-жабдықтар таза болуы керек; 5.Столда дастарқан болуы керек; 6.Қажетті заттарымыз дастарқан басына қойылып,мұғалімнің рұқсатымен басталып жасалады. 3.Оқушыларды үш топқа бөліп,ат қою. Ι - топ «Қиял» тобы.Салатты төртбұрыштап турайды. ΙΙ - топ «Ажар» тобы.Салатты дөңгелектеп турайды. ΙΙΙ - топ «Әшекейлі күмбез» тобы.Салатты таяқшалап турайды.

Сайыс шарттары 1.Топтың аты. 2.пайдалы кеңестер. 3.Салатты әшекейлеу. 4.Салатқа ат қойып қорғау. 5.Ас туралы мақал - мәтелдер. 6.Көрме «Қол өнерлі-ой өнері», «Күз – ел байлығы». 7. «Өзіңді өзің емдей біл» ақыл - кеңестер.

4.Топтар салатты турап,дайындағанша әр топтан бір оқушы шығып, «Пайдалы кеңестер» туралы мағұлмат береді. Ι – топ 1.Сүтті пісіргенде азырақ қант қосса,ыстық күндері ашымай,бірнеше күн сақталады. 2.Шайды тым ыстық күйінде ішкен организм үшін өте зиян. 3.Жұмсақ ыстық нанды пышақты 1-2 мин ыстық суға батырып алып тураса,әдеміленіп кесіледі. ΙΙ - топ 1.Картоптың қабығын аршып,оны үккіштен өткізіп бетіңізге маска жасап жағасыз.15 мин,кейін жуып тастасаңыз бетіңіз ағарады,әрі әжім түспейді.Күніне 1 рет. 2.Сәбіз,картоп,пияз аршығанда қол сарғайып кетеді. Сондықтан да жұмысқа кіріспес бұрын қолды асхана-лық сірке суына батырылған шүберекпен сүртіп алу керек. 3.Пияз,әсіресе,сарымсақ аршығанда қолда иісі қалып, көпке дейін кетпей қояды.Сондақтан әуелі құрғақ тұзбен ысқылап,содан кейін жылы сумен жуу керек.

ΙΙΙ –топ 1.Қазтамақ гүлін үйде өсірсе үйге бақыт,жақсылық әкеледі. 2.Осы гүлді жаздың күндері ашық тұрған балонның алдындағы терезеге,ашық тұрған терезе желдеткішінің алдына жақын қойсаңыз үйге маса кірмейді. 3.Осы гүлді үйде өсірсе,үйге қара күйе (моль) түспейді.

Әр топтан бір оқушыны шығарып,салат бетін әшекейлеудің түрін көрсетеді. Ι топ.Қызанақтан раушан гүлін жасау тәсілі. ΙΙ топ.Алмадан құс бейнесін жасау тәсілі. ΙΙΙ топ.Жұмыртқа мен қызанақтан,саңырауқұлақ және жұмыртқадан балапан жасаудың тәсілін көрсетеді.

Әр топ өздері жасаған салаттарына ат қойып қорғайды: 1. Салат құрамы. 2.Дайындау тәсілі.

Ас туралы мақал-мәтелдер 1.Ас адамның арқауы. 2.Жаман ауруға жақсы ас. 3.Асың барда ел таны, Атың барда жер таны. 4.Ет етке,сорпа бетке. 5.Айран ішсең,ас болады. 6.Ас атасы - нан. 7.Асқа барсаң, аш бар, Тойға барсаң, тойып бар. 8.Асы бар аяқ - әдемі. 9.Ас - елдің құты. 10.Жылқы етін жесең тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді. 11.Ас иесімен тәтті. 12.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

13.Ас үстінен аттама,

Астан үлкен емессің. 14.Жиен ел болмас, Желке ас болмас. 15.Жақсы ас қалғанша, Жаман қарын жарылғанша.

Өзіңді – өзің емдей біл.Енді біз сіздерге өзіңізді дәрісіз емдеуге ақыл – кеңестер береміз. 1.Бас ауырғанда жас капустаның жапырағын шекеңіз-ге,самайыңызға жапсыра қойсаңыз тез жазылады.

2.Шалқанның (редка) сөлін бір ас қасықпен күніне 3 рет ішсе тұмауды,бауыр,бүйрек,асқазан ауруларын тез жазады.

3.Ұлтабардың ойық жарасын жазу.Бұл жараны опера-ция жасап алып тастау міндетті емес.Күн сайын шикі капустаны үзбей және ұзақ уақыт жесеңіз,одан оңай құтылуға болады.Бұған үгітілген жас сәбізді қосақолдансаңыз,емнің нәтижелілігі арта түседі.Егер ішек жолдары ауырып, қатты мазаласа,оған абыржымаңыз.Бұл емнің қонған белгісі. 4.Өріктің құрамында А,С,В витаминдері бар. Сондай-ақ өрік калий тұздары мен темірге бай.Өрік қан тамыр-лары,жүрек,бүйрек ауруларына пайдалы.Өрік құрамын-дағы темір қаны азайған адамдар үшін өте пайдалы.

5.Алма С,В,Р (рутин),Е витаминдеріне бай.Алманы ішек ауруларына,жүрек,бүйрек,гипертония,семіздік,қан азаю ауруларына ем ретінде жеуге болады. 6.Құяң,ревматизм ауруларын емдеу үшін қайың ағашы-ның жапырақтарын қайнатып,күн сайын жатарда бу-лану керек.10 күн жасап,5-6 күн демалып,емді қайта-дан бастап,барлығы 30 ванна алса,құлан таза айығып кетесіз.

«Күз – ел байлығы» оқушыларды салып әкелген суреттері бойынша сөйлету. Көрме: «Қол өнері – ой өнері» Сабақты қортындылау: 1.Көкөністердің адам өміріндегі маңызы қандай? 2.Витаминге бай көкөніс қайсысы? (Алма)3.Құрамында суы көп көкөніс қайсысы? (Қияр)

11.Бағалау

12.Үйге тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет