Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау.
Дамытушылығы: Жұмыс барысында оқушылардың жүйелі ойлау,дәлелдеу,тұжырым шығару қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа,ел тарихын құрметтеуге ұлттық намысын ояту, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Карта,тірек-сызбалар, қосымша материалдар, суреттер, слайдтар, СТО стратегиялары т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Өзара оқыту, жұптық, топтық жұмыс, тірек-сызбасын қолдану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарының түгел өз орнында, ұқыпты орналасуын және оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап шығу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларды І-ІІ-ІІІ топтарға бөлу
І. «Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары».
ІІ. «Орта жүздегі хан билігінің жойыла бастауы».
ІІІ. «Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы».
Бағалау парағын тарату.
І топтың сұрақтары
1.Қай жылы патша үкметі «Қазақстанда хандық биліктің жойылуы керек деп ойлайды?
2.Хандық биліктің жойылуының бірінші алғы шартын айт.
3.Хандық биліктің жойылуының екінші алғы шартын айт.
4.Хандық биліктің жойылуының үшінші алғы шартын айт.
5.Кантон сөзінің мағынасы не?
ІІ топтың сұрақтары
1.1817,1819 жылдары Орта жүзде,Ішкі Ордада қандай оқиғалар болды?
2.1822 жылы тарихта қандай оқиға болды?
3. Жарғы сөзінің мағынасы не?
4. Орта жүздің әкімшілік құрылымын ата.
5.Батыс Сібір генерал- губернаторына ьағындырылған жерлерді ата.
ІІІ топтың сұрақтары
1.Кіші жүзде қандай оқиға орын алып отырды,Орта жүзде хандық билік жойылған кезде?
2.1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы кім және Кіші жүз ханы Шерғазыға қандай жарғының жобасын жіберді?
3. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуына байланысты жарғыны кім бекітіп,қай жылы қолданды?
4.Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғының әкімшілік құрылымы қалай болды?
5. Дистанция сөзінің мағынасы.
Түймедақ стратегиясы.
1.Орталық басқару нығайтылды.
2.Табиғат байлықтарын кеңінен итеруге мүмкіндік туды.
3.1824 жылы Кіші жүздің сонғы ханы Шерғазы Орынборға қызыметке шақырылып,Кіші жүздің хандық билігі жойылды.
4.1845 жылы Бөкей ордасындағы хандық би лік жойылды.
5. Реформа бойынша Кіші жүз, Орта жүз өз мемілкеттілігінен айырылды.
6.Жарғы бойынша көшіп-қонып шеңбері тарылды.
7.Бұрынғы көптеген рулар бір-бірімен араласып кетті.
8.Көшпелі мал шаруашылығы малдарының саны азайды.
9.Патша үкіметі халыққа қатаң түрде салықтың түрін белгіледі.
10.Елден жиналған салық патшаныңқорын молайтты.
11.Патша осы рефора арқылы өзін жақтайтын сұлтандарды өз жағына тартып отырды,өз айтқанын істетті.
12.Қазақтың сұлтандары шен,атақ алу үшін орыс шенеуніктеріне сыйақы беріп тұрды.
13.Сұлтандар мен рубасыларды жұмысқа тағайындау патша үкіметінің қолында болды.
14.Неміс зерттеушілерінің бірі Шварц былай деп жазды:Округ басшылары неғұрлым тиімді де пайдалы болыс лауазымын параны кім көп берсе,соған сатудан тіпті де тартынбайды.
Бекіту
Ол кім? ойыны
Уәли;
М.М.Сперанский
Г.С.Батеньков;
Бөкей;
П.К.Эссен;
Шерғазы.
Сандар сөйлейді ойыны
1781; 1815; 1817;
1819; 1822; 1824; 1845.
Әкімшілік құрлымы
Орта жүздің Әкімшілік құрлымы:
ОКРУГ
(15-20болыс)
Басқарушысы-округтік приказ және аға сұлтан үш жылға сайланды.
Майор-әскери шені,10жылдан кейін дворяндық атақ берілді
|
Болыс
(10-12ауыл)
Басқарушысы-болыс сұлтаны өмірлікке сайланады.Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді
|
Кіші жүздің әкімшілік құрлымы
БӨЛІКТЕР
(батыс,орта,шығыс)
Басқарушысы-сұлтан
|
ДИСТАНЦИЯ(54)1831 жылы
Басқарушысы –ру шонжарлары
|
АУЫЛ
Басқарушысы-ауыл старшыны
|
Үй тапсырмасы бойынша қортындылау сұрақ-жауап арқылы болды.
Жаңа сабақ .
Жоспары:
1.Жаңа округ ашуға әзірлік.
2.Ақмола округтық приказының ашылуы.
3.Ақмола –аймақтағы ірі сауда орталығы.
4.Ақмола қала мәртебесінің берілуі.
5.Қала халқы санының өсуі.
1.Картамен жұмыс. Ақмоланы көрсету.
2.Тірек-сызба.
Ақмола шатқалы неге таңдап алынды,себебі?
Есілдегі жүк тиелген сауда керуендері тоқтай алатын Қараөткел атты өткел болғандықтан
|
Өзеннің екі жағын алып жатқан жердің шөбі шүйгін,малға жақсы,сол қызықтырды
|
Экспидиция мүшелерін қызықтырғаны,отын етіп жағуға тал көп болды
|
Орта жүздің ең ірі рулары көшіп-қонғанға стратегиялық жағынан да қолайлы болды
|
Округтық орталықтың аты ежелден-ақ белгілі Ақмола1830ж
|
3. Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі.
Кітаптағы мәнді бағыттап оқыту стратегиясы бойынша оқыту.Оқушыларға мәтінді таратып беру.
Мәтін:1862ж.26қыркүйекте Ақмола ресми түрде округтық қала болды.1868жылы қаланы Ақмола уезі етті.Бірақ негізгі басты мекемелер Омбы қаласында қалып қойды,себебі:
1.Ақмола қаласына көшіріп әкелуге қаржы жетіспеді;
2.Батыс Сібірдің басшылары ашықтан-ашық қазақтың даласында Ақмола обылыстың орталығы болмасын деді.
1870 жылы қаланың қалалық басқармасы құрылды.
1875 жылы ақмолада полиция басқармасы құрылды.
1876 жылы қазақ балаларға арналған интернат ашылды.
1880 жылы қалада қазақтарға қырғыз беретін қаржы кассасы ашылды.
Қаржы кассасы ашаршылыққа ұшырағанда,жұт болған кездерде адамдарға берілетін ақшаның мөлшері 10сомнан 300сомға дейін.1893 жылы уезд бастығы подполкоаник Тройдцкийдің басшылығы мен бақ орнатылды.Көктемнің жауын-шашын кезінде жаяу жүргіншілерге өте қиын болды.Қала тұрғындары Пушкин атындағы қалалық көпшілік кітапхананың қызыметін кеңінен пайдаланады.Оның кітап қоры,негізінен,көркем әдеби шығармалардан тұрад.Ақмола қаласының маңында төменгі ауылшаруашылық мектебі,оның тәжірбие жасайтын алаңы мен бау-бақшасы болды.Көшеге кей-кейде керосин шамдар жарық түсіріп тұрды.
Қалада өнер кәсіп дами бастады.Сабын қайнататын,тер илейтін,май шайқайтын,сыра ашатын және тәтті тоқаш пен нан пісіретін зауыттар,сондай-ақ көптеген темір ұстаханалар мен диірмендер жұмыс істеді.
Оқушылар үш минут оқиды.
РАФТ стратегиясы бойынша осы мәтінге байланысты хат жазамыз.Тақырыбы:ХІХ ғасырдағы қала.
Хатты Ақмола қаласындағы жаңалықтар;
Ақмола қаласында ашылған қаржы кассасына хат;
Ақмола қаласындағы дәріханаларға хат;
Ақмола қаласындағы қазақ балаларына хат және т.б.тақырыптар.
Оқушылар өздері таңдайды.
4. «Араласқан оқиғалар».
-1862ж. 26 қыркүйекте Ақмола ресми түрде округтық қала атанды.
-1870жылы Қалалық дума және оның атқарушы органы қалалық басқарма құрылды.
-1875жылы Ақмолада Полиция басқармасы құрылды.
-1880жылы қалада қазақтарға қарыз беретін қаржы кассасы пайда болды.
-1893жылы уезд бастығы подполковник Троицкийдің тікелей күш-жігер жұмсауымен калалық бақ отырғызылды.
-1882жылы Ақмолаға саяси жер аударылғандар келе бастады.
-1890жылы Ақмолада 5640 адам тұрды.
-1914жылы тұрғындардың саны 16,5 мың адамға жетті.
Сабақты бекіту: “Тарихи домино” ойыны.
Мынадай сөз шығуы керек: 1862ж. 26 кыркүйекте Ақмола ресми түрде округтық қала болды.
(1862 жылы қаланы Ақмола уезі етті).
( Ақмолада 1880жылы қазақтарға қарыз беретін қаржы кассасы ашылды)
Қорытындылау:
Тест (ауызша);
Тарих пәнінің мұғалімімен бағалау парағын алып оқушылардың күнделігіне баға қою.
Үйге тапсырма: &18 Мазмұнын айту.
Тест құрап келу:
І топтың сұрақтары
1.Қай жылы патша үкметі «Қазақстанда хандық биліктің жойылуы керек деп ойлайды?
2.Хандық биліктің жойылуының бірінші алғы шартын айт.
3.Хандық биліктің жойылуының екінші алғы шартын айт.
4.Хандық биліктің жойылуының үшінші алғы шартын айт.
5.Кантон сөзінің мағынасы не?
ІІ топтың сұрақтары
1.1817,1819 жылдары Орта жүзде,Ішкі Ордада қандай оқиғалар болды?
2.1822 жылы тарихта қандай оқиға болды?
3. Жарғы сөзінің мағынасы не?
4. Орта жүздің әкімшілік құрылымын ата.
5.Батыс Сібір генерал- губернаторына ьағындырылған жерлерді ата.
ІІІ топтың сұрақтары
1.Кіші жүзде қандай оқиға орын алып отырды,Орта жүзде хандық билік жойылған кезде?
2.1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы кім және Кіші жүз ханы Шерғазыға қандай жарғының жобасын жіберді?
3. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуына байланысты жарғыны кім бекітіп,қай жылы қолданды?
4.Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғының әкімшілік құрылымы қалай болды?
5. Дистанция сөзінің мағынасы.
Ақмолада
1880 жылы
беретін
Ақмола
Достарыңызбен бөлісу: |