Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу



бет1/3
Дата19.02.2022
өлшемі22.86 Kb.
#455560
түріСабақ
  1   2   3
13 лекция

Бөлім 3. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы


Тақырып 3.4.1 Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі




Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;

  • Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу.



Қазақтардың ұлт азаттық көтерілісін бірнеше кезеңге бөліп көрсетуге болады
Бірінші кезең ХҮІІІ ғасыр соңы мен ХІХ ғасырдың 1ші жартысы
монархиялыққа «жақсы патшаға сену» кезеңі жане хан билігін қалпына келтіру үшін күрес уақыты


Қазақ даласын казактардың отарлауына байланысты жер мәселесі шиеленсуі, жайылымдардың жетіспеушілігі, казактардың қазақ ауылдарына тонаушылық шапқыншылықтары ХҮІІІ ғасырдың соңында қазақтардың көтеріліске ұласқан негізгі себептері болды.
Емельян Пугачев бастаган шаруалар соғысы 1773-1775 жж арасы болды. Қазақ жасақтары бірқатар бекіністерді бақылауда ұстады. Орынборды тіке шабулмен алуга әрекеттенді, алайда көтерілісшілер 1775 жылы қаңтарда Е.Пугачев өлім жазасына кесілгеннен кейін қазақ батырлары қаруларын бірден тастаған жоқ. Пугачевшілерден қорқып қалған ІІ Екатеринаға Жайық пен Еділдің оңжағалауындағы Каспий теңізі Ембі мен Сағыз өзендері бойындағы қысқы қоныстарына қайтып оралуға рұқсат берді. Осының арқасында 1776 жылдың жазына қарай далада уақытша тыныштық басталды. Алайда бұдан кейін казактардың өлкені отарлауы одан әрі күшейіп қазақтардың жаңа көтерілісін туындатты.
Сырым Датулы 1712 –1802 жылы өмір сүрген
Сырым Датулы Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен кіші жүз қазақтарының көрнекті басшысы атақты батыр,шешен, ақылдылығымен би атанды.
Көтеріліс уақыты 1783-1797 жыл аралығы болды.
Көтерілістің алғы шарттары: Патшалық Ресейдің Еділ, Жайық , Ертіс бойларына бекініс салуы, жерлерді тартып алуы. Жайық казактарының қазақтарды өзенге жолатпауы.
Осыдан кейін Нұрал ханның озбырлығы, әлсіз саясаты қазақтардың көтерлуіне әкеп соқты. Олар Нұралы ханды тақтан құлату жане Еділ, Жайық жағалауын өзіне қайтарды көздеді. Қозғаушы күші шаруалар, батырлар, старшиндар, сұлтандар, ақсүйектер. Қазақтар өз жерлерінде дәстүрлі бағыттар бойынша көщіп қоннатын жерлерін Жайық казактарының құнарлы учаскілерін басып алуымен қарама қайшылықтарға тап болды. Алдымен 1782 жылы казактар қазақтарға жерді пайлануға ақы төлеуді талап етті, кейін қазақтарға Жайықтың оң жағалауына өтуге тиым салды. Жылқы мен малдардың тәркіленуі қазақ даласында 1783 жылы аштық тудырған жұт жағдайы қиындата түсті.
Сырым Датулының бастауымен казактардың бекінісіне шапқыншылықтар жасай бастады. 1785 жылдың басында Сырым Датулы қол астында 6000 сарбаздары болды. Котерілісшілер Жайық өзенінің ар жағын қазақтарға қайтаруды казактардың шабуыл жасауын Ресей қойған Нұралы ханның биліктен кетуін талап етті. 1786 жылы хан Орынборға қашты. 1796 жылы орыс өкіменінің ұсынылуымен Есім сұлтан хан болып жарияланды. Бірақ хан билігі отаршылдарды қолдайтын билікке айналды. Хан өзін орыс отаршылдарына адал қызметші ретінде көрсетті. Сондықтан 1797 жылы көктемде Сырым жасақтары Есім ханды өлтірді. Кейін Орынбор әкімшілігі Айшуақ сұлтан бастаған хан кеңесін ұйымдастырды. Осымен Сырым Датулы көтерілісі аяқталды.
Яғни бұл көтерілістің оң нәтижесі Жайықтың оң жағалауына көшіп қонуға мүмкіндік берілгені жане Жайық казактарының қазақ халқына шапқыншылықтарының бәсендеуі болды.

Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. Исатай Тайманұлы қазіргі Атырау облысының Исатай ауданындағы «Тайман жолы» деген жерде 1791 жылы өмірге келген. Исатайдың Тайманұлының жақын серігі әрі досы, ақын Махамбет Өтемісұлы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет