Тақырыбы: «О» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәрбиеленушілерді О дыбысы және әрпімен таныстыру.
О дыбысының сөздердегі орнын ажырату. Сөздерді оқу мен жазуға, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы тәрбиеленушілердің дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Тәрбиеленушілерді ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, теледидар, өз бетімен жұмыс жасау, оқу, жазу, айна.
Оқыту технологиясы: Тәй-тәй технологиясы.
Іс –әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті:
|
Тәрбиеленушінің іс –әрекеті.
|
Шаттық шеңбері.
Таңертең көбелек оянды, тартылды.
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды.
Аз ғана айналып, қонақтарға күлімдеп.
Сәлеметсіз бе! – деп
Қайта гүліне оралды.
|
Қимыл қозғалыспен көрсетеді
|
Қайталау – білім анасы»
Дыбыс дегеніміз не?
• Әріп дегеніміз не?
• Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
• Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
• Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?
Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Анар– А, тарақ –Т, парта – П, нан – Н, лақ – Л, құрт-Қ, йод-Й, ғарышкер – Ғ, орындық-О т.с.с.
|
|
Ойын: «Ғажайып орман».
Берілген жануарлар суреттерінің ішінен орманда тіршілік ететін жануарлардың суретін тауып, атын атап, калай дыбыстайтынын келтіреміз және қандай жануар екендігіне сипаттама береміз.
|
Тәрбиеленушілер кезекпен орман жануарларының суреттерін тауып, атын атайды, сипаттайды, дыбысын салады.
|
Жұмбақтар:
Жүрген жерiн жалмайды,
Тастан басқа қалмайды. (От).
Жайлаған дүниені бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық)
Жердi тырнап,
Бұтаны ырғап.
Шөптi сипап,
Ұшады зырлап,
Жанын қинап,
Ұлиды зарлап. (боран)
- от, орындық сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- от, орындық, боран сөздерінде барлығында бірдей бар дыбыс қайсысы?
О дыбысының артикуляциясын меңгерту, әріпті таныту. Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз,тіліміз ашық,тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз. Айнаға қаратып айтқызу.
О жуан дауысты дыбыс.
Сөздер ойлату. Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі. Сөздің басында, ортасында болады. Баспа және жазбаша әріп таңбасын салыстырып көрсету.
«Сиқырлы дорба» ойыны.
Берілген буынды хормен оқыту, сөз құрастыру.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы суретті атап, «Орман» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Бағандағы сөздерді буындап оқуға үйрету.
1.Хормен оқу
2.Тіл ұстарту жаттығуы.
Ос-ос-ос
Бірге бірді қос.
3.О әрпінің бас және кіші түрін ауада, тақтада жазу. Үлгі бойынша бастырып жазу.
Ойын: « Кім жылдам?»
Ол буынының алдына дауыссыз дыбыс қосып, жаңа сөз жасау.
Ол-қол-жол-сол-тол-бол
Кім суретші: Орман суретін салу.
|
Тәрбиеленушілер кезекпен от, орындық, боран туралы білетіндерін айтады.
Айнаға қарап отырып, О дыбысын дыбыстайды.
Орындық, орамал, от, орақ, орман, оймақ, т.б
бор, ол, ор, ақ, тор, жол
Буындарды оқиды.
Қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Орман суретін салады.
|
Дәптермен жұмыс.
Ос-ос-ос,
Бос қолыңменен тос.
|
Үлгі бойынша бастырып жазады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Қорытындылау.
3. «Ғажайып бөшке» нөмірленген асықтар бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Қандай дыбыспен таныстық?
2. О қандай дыбыс?
3. О дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мадақтау.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: О дыбысы және әрпін білу;
Болу керек: дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету;
Үйрену керек: О дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіреді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |