Сабақ тақырыбы: §2 Жасуша мен оның органоидтерінің құрылысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жасуша жайлы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру, жасушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы , эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері туралы білімді бекіту
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты
жылдам орындауға және алған білімдерін іс-жүзінде қолдануға, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, «Жасуша құрылысы» суреттер және слайдтар жинағы, оқушының нұсқаулық жұмыс парағы, сызба-нұсқалар т.б.
Сабақтың негізгі идеясы:
-
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
-
Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау,
-
Оқуда АКТ-ны пайдалану
-
Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту
-
Оқытудағы басқару және көшбасшылық
-
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Сабақтың әдісі: Топтастыру, интерактивті, проблемалық, тест сұрақтары, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
1. Оқушалармен амандасу. Сабаққа назарын аудару
2. Оқушыларды топқа бөлу(ғылым салалары бойынша топқа бөліну. Осы ғылым салалары қай ғылымға топталады)
Ботаника: микология, бриология, алгология, бактериология, лихенология, пластид
Зоология: орнитология, маммалогия, ихтиология, гельминтология, герпетология, сүтқоректілер.
Анатомия: стоматология, кардиология, гигиена, морфология, физиология, гистология, эмбриология
Топқа бөлінген соң, әр топ өзінің топ мүшелерімен таныстырып, топ басшысын тағайындайды. Өз ішінде ереже қалыптастырады, не ұранын айту керек. Топ басшысы сабақ барасында өз топындағы оқушылардың тапсырма орындау барысын қадағалап отырады. Сонымен қатар сабақ соңында екі топ бірін-бірі бағалап пікірін білдіреді. Қорытынды бағаны мұғалім шығарады.
3. Психологиялық дайындық
«Ақ тілек»
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.
Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.
І. Қызығушылықты ояту
Интерактивті тақтаға жасушаның суреті қойылады.
Сұрақтар:
1. Суретте не көрсетілген?
2. Жасуша организмнің қандай бөлігі болып табылады?
3. Жасушаны қандай ғылым зерттейді?
4. Жасушаның ашылу тарихы туралы не білеміз?
5. Жасуша теориясының негізін қалаған қай ғалымдар?
ІІ. Негізгі бөлімі
Интерактивті тапсырма арқылы сабақтың тақырыбын анықтап алу. Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырманы орындайды. Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру: 1.Митохондрия, 2. Вакуоль, 3. Нәруыз, 4. Липидтер,5. Майлар, 6. Пластидтер,7. Лизосома, 8. Рибосома,9. Тұздар,10. Ядро, 11.Эндоплазмалық тор,12.Глюкоза ,13. Гольджи жиынтығы,14. Су;
-
Жасуша органоидтары
|
Органикалық заттар
|
1.Митохондрия,
2. Вакуоль,
5. Майлар,
6. Пластидтер,
7. Лизосома,
8. Рибосома,
10. Ядро,
11.Эндоплазмалық тор,
13. Гольджи жиынтығы,
|
3. Нәруыз
4. Липидтер
9. Тұздар
12.Глюкоза
14. Су;
|
( интерактивті тақтада тапсырманы бір оқушы орындап, интерактивті қаламның көмегімен сөздерді орналастырады да, әр бағанға тақырып қойып, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықтайды) Сабақтың тақырыбы анықталған соң, осы тақырыпты негізге ала отырып, оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын айқындап алады.Мақсаты интерактивті тақтаа жазылады.
І
Жасуша органоидтары
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің түсіндіруі:
Мембраналы:
Эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, Пластидтер, Лизосма, Митохондрия, Ядро
Мембранасыз
Рибосома, Центриолдар, мүкротүтікшелілер, Кірпікшелер, Талшықтар
1. Мағынаны тану:
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, өз топтары арасында талдап, пікір алмасады.
І топ. «Ядро мен цитоплазманың құрылысы, қызметі»(оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау)
ІІ топ: «Эндоплазмалық тор, лизосома құрылысы мен қызметі» (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау)
ІІІ топ: «Митохондиря мен жасуша қабықшасының құрылысы»(оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау)
2. Проблемалық сұрақ:
1. Не себепті Жасуша барлық тірі организмдердің негізгі құрылымдық және қызмет атқарушы өте кішкентай жүйесі дейді, дәлелде, мысал келтір.
(Әр топтың мүшелері өз ойларын ортаға салып, ауызша жауап береді)
3. Тапсырма:
1-топ: Жасушаның құрылысы көрсетілген сурет бойынша интерактивті тапсырма беріледі. Бірінші тапсырмадағы органоидтерді жасуша құрылысы бар суретке, сандар бойынша (жұмыс парағында) орналастыру қажет. (бір оқушы интерактивті тақтада жасуша құрылысының органоидтері жазылған сөздерді сәйкес сандарға апарып, орналастырады)
2-топ: Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.
-
1. Митохондрия
|
А. Заттарды қорытатын органоид
|
2. Жасуша орталығы
|
Б. Нәруыз биосинтезі жүреді
|
3. Лизосома
|
С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады
|
4. Рибосома
|
Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады
|
5. Гольджи жиынтығы
|
Е. Энергия түзіледі, жиналады
|
6. Ядро
|
Ж. Лизосоманы түзеді
|
( барлық оқушылар ақпараттық жұмыс парағында орындайды,ал бір оқушы интерактивті тақтада екі бағанды байланыстырады)
4. Шағын танымдық-ізденушілік жұмыстар.Салыстыру, талдау, қорытынды.
1-топ: Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. (Оқушылар бұл тапсырманы, бактерия мен жануар немесе өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)
Қорытынды: Ядросы бар және ядросы жоқ жасушалар мен ағзалар .
2-топ: Өсімдік және адам жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.
(Оқушылар бұл тапсырманы, жануар және өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)
Қорытынды: Жасушалардың ұқсастығы құрылыс бірлігінде, ал айырмашылығы жасушалардың эволюциясы туралы айтады
3-топ: Жасуша құрылысына сай сұрақтар құрастыру
Сергіту жаттығулары
5. Қорытынды.
1. Тест тапсырмасын орындау (интерактивті тақта арқылы)
1. Құрылысы мен қызметі әр түрлі, ағзаның ең кіші құрылымды бөлігі бұл ...
а) Жасуша в) Ұлпа с) Мүше д)Ағза
2. Жасушаның барлық органиодтерін біріктіріп, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ететін органоид?
а) Ядро в) Рибосома с) Гиалоплазма д) Лизосома
3. Лизосоманың қызметі қандай?
а)Нәруыз синтездеу в)Ақпарат тасымалдау
с) Жасушаға қажетсіз заттарды ыдырату д)Жасушаны сыртқы ортадан қорғау
4. Жасушаның “энергетикалық станциясы” деп қандай органоидты айтамыз?
а)Ядро в) Лизосома с) Митохондрия д) Рибосома
5. Жасушаны не қаптайды?
а) Жасуша мембранасы в) Цитоплазма с)Ядро мембранасы д) Ұлпа
6. Жасушалардың көбеюі қандай органоидтардың бөлінуімен жүзеге асырылады?
а) Лизосома, рибосома с) Эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі
в) Митохондрия, хромосома д)Ядро, цитоплазма
7. Жасушаны ашқан ғалым.
а) Робет Гук + в) Ивановский с) Левенгук д)К.Линней
8. Жасуша ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат
а) Рибосама в) цитоплазма+ с) мембрана д) вакуоль
2. Рефлексия
-
Бүгін сабақта қандай жаңа тың мәселер туралы білдіңіз?
-
Сіз үшін ең пайдалы болғаны не?
-
Қандай ақпарат Сіз үшін күтпеген болды?
Бағалау:
Екі топ бір-бірін бағалап, ойын білдіреді. Бағаны не себептен олай қойғанын түсіндіреді. Ал мұғалім оқушылардың бағалауын ескере отырып, қорытынды баға шығарады.
Үй тапсырмасы:
§2 Жасуша мен оның органоидтерінің құрылысы
«Жасуша - қала», «Жасуша - завод» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру;
Оқушының жұмыс парағы
Оқушының аты-жөні______________________________
-
Жасушаны зерттейтін ғылым - .................
-
Жасуша - .........................................................................................................
..........................................................................................................................
-
Интерактивті тапсырма. Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру қажет: 1. Митохондрия, 2. Вакуоль, 3. Нәруыз,
4. Липидтер, 5. Майлар, 6. Пластидтер, 7.Лизосома, 8.Рибосома, 9.Тұз, 10. Ядро, 11. Эндоплазмалық тор,12.Глюкоза ,13.Гольджи жиынтығы, 14. Су;
-
4. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, өз топтары арасында талдап, пікір алмасады.
І топ. «Жасуша мен оның органоидтарының құрылысы»(оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау)
ІІ топ: «Жасуша мен оның органоидтарының құрылысы» (мәтінді оқып, мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастыру )
5. Не себепті Жасуша барлық тірі организмдердің негізгі құрылымдық және қызмет атқарушы өте кішкентай жүйесі дейді, дәлелде, мысал келтір.
6. Интерактивті тапсырма. Жасуша құрылысы, сурет бойынша талданады.
Жасуша органоидтерін жасуша ішіне орналастыру.
7. Интерактивті тапсырма. Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.
-
1. Митохондрия
|
А. Заттарды қорытатын органоид
|
2. Жасуша орталығы
|
Б. Нәруыз биосинтезі жүреді
|
3. Лизосома
|
С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады
|
4. Рибосома
|
Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады
|
5. Гольджи жиынтығы
|
Е. Энергия түзіледі, жиналады
|
6. Ядро
|
Ж. Лизосоманы түзеді
|
8. Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.
-
Жасыл эвглена
ерекшелігі
|
ұқсастықтары
|
Бактерия
ерекшелігі
|
|
|
|
9. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.
-
Өсімдік жасушасының
ерекшелігі
|
ұқсастықтары
|
Жануар жасушасы
ерекшелігі
|
|
|
|
10. Тест тапсырмасын орындау.
1. Тест тапсырмасын орындау (интерактивті тақта арқылы)
1. Құрылысы мен қызметі әр түрлі, ағзаның ең кіші құрылымды бөлігі бұл ...
а) Жасуша в) Ұлпа с) Мүше д)Ағза
2. Жасушаның барлық органиодтерін біріктіріп, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ететін органоид?
а) Ядро в) Рибосома с) Гиалоплазма д) Лизосома
3. Лизосоманың қызметі қандай?
а)Нәруыз синтездеу в)Ақпарат тасымалдау
с) Жасушаға қажетсіз заттарды ыдырату д)Жасушаны сыртқы ортадан қорғау
4. Жасушаның “энергетикалық станциясы” деп қандай органоидты айтамыз?
а)Ядро в) Лизосома с) Митохондрия д) Рибосома
5. Жасушаны не қаптайды?
а) Жасуша мембранасы в) Цитоплазма с)Ядро мембранасы д) Ұлпа
6. Жасушалардың көбеюі қандай органоидтардың бөлінуімен жүзеге асырылады?
а) Лизосома, рибосома с) Эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі
в) Митохондрия, хромосома д)Ядро, цитоплазма
7. Жасушаны ашқан ғалым.
а) Робет Гук в) Ивановский с) Левенгук д)К.Линней
8. Жасуша ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат
а) Рибосама в) цитоплазма с) мембрана д) вакуоль
Адам, негізінен, дене пішіні, мүшелерінің орналасуы және олардың кызметі бойынша ұқсас болады. Адам денесі көп жасушалы организмдер сиякты жасушалық құрылысты болады. Оны құрылысы мен атқаратын қызметі әр түрлі миллиардтаған жасушалар құрайды. Біз әр түрлі әдемі кірпіштен —жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар тітіркенуге белсенді жауап кайтарады, зат алмасуға катысады, өседі, көбейеді, регенерацияға (кайта калпына келуі) және тұқым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге кабілетті.Біздің организміміздегі жасушалар пішіні (форма) бойынша әр түрлі: жалпак, дөңгелек, ұршық тәрізді, кейбіреулерінің өсінділері бар. Жасушаның пішіні организмдегі орны мен атқаратын қызметіне байланысты. Олардын мөлшері де өр түрлі: бірнеше микрометрден (кішкентай лейкоцит) 200 микрометрге дейін (жұмыртқа жасушасы). Құрылысы мен аткаратын қызметтері әр түрлі болғанымен, жасушалардың жалпы құрлысы ұқсас, олар: жасуша мембранасы , цитоплазма және ядродан тұрады.
Ядро нәруыз (белок) түзілуді реттейді. Ядродағы ДНҚ молекулаларында түқым қуалаушылык ақпараты болады хромосоманың негізгі болігін құрайды . Адам денесіндегі әрбір сомалык жасуша ядросында 46 хромосома, ал жыныс жасушаларының ядросында 23 хромосома болады.
Ядроны сыртынан ядро мембранасы қоршайды. Ядро ішінде ядро шырынымен мен рибосомалар түзілетін бір немесе бірнеше ядрошық болады.
Рибосомалар жасушада нәруыз-дарды синтездейді. Ядро пішіні әр түрлі жасушаларда ғана емес, бірдей жасушаларда да жай-күйіне байланысты өзгергіш. Олар сопақша, дөңгелек, таяқша тәрізді, кейде сегменттелген болады.Ядро гиалоплазмадан (мелдір матрикс), ондағы органоидтер мен қосындылардан тұратын цитоплазмада орналасады.
Жасуша органоидтеріне тұрақты жасуша құрылымдары жатады. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) цистерна-қалта-шық, көпіршік, қуыстар, өзектер, ұсак көпіршіктер торы. болып табылады. Эндоплазмальщ тордың тегіс және туйіршікті түрлері бар. Түйіршікті ЭПТ мембранасында рибосомалар орналаскдн. Тегіс ЭПТ мембранасында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалык тор жасушалар-дағы заттардың тасымалына қатысады. Түйіршікті ЭПТ-да нәруыздар, ал тегісінде — майлар мен көмірсулар (гликоген — жануар крахмалы) синтезделеді.
Лизосомалар — ферменттері (биологиялык. белсенді заттар) бар, жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырататын, бір мембраналы, шар төрізді құрылымдар. Лизосомалар, әсіресе фагоцитозға қатысатын жасушаларда көп болады.
Голъджи комплексі — ретті орналаскан қуыстардан, түтікшелер мен көпіршіктерден тұратын жүйе. Ол осы жүйені жасушаға күміс иондарын енгізіп ең алғаш ашқан италиялық ғалым К.Гольджидің күрметіне аталған. Гольджи 1898 жылы осы органоидті сипаттап, онын жасушадагы қызметін анықтаған.
Митохондриялар – жасушаның энергетикалыө станциясы. Оның негізгі қызметі – энергия бөле жүретін органикалық қосылыстарды тотықтыру. Бұл энергия АТФ синтезіне жұмсалады.
Жасуша мебранасы жасуша ішіндегі заттарды қоршаған ортадан шектейді. Негізгі қызметі: жасушаның ішкі және сыртқы ортасының өзгерісіне қорғаныш реакциясы, мембраналық потенциал жасау, жасушаларды ұлпаларға біріктіру, көрші жасушалармен байланысын қамтамассыз ету.
Ботаника: микология – саңырауқұлақты зертттейді
Бриология - мүктерді
Алгология – балдырларды
Бактериология – бактерияны
Лихенология - қынаны
Зоология: орнитология - құстарды
Мамалогия – сүтқоректілерді
Ихтиология – балықтарды
Гельминтология – құрттарды
Герпатология - жарғалаушыларды
Ботаника: микология – саңырауқұлақты зертттейді
Бриология - мүктерді
Алгология – балдырларды
Бактериология – бактерияны
Лихенология - қынаны
Зоология: орнитология - құстарды
Мамалогия – сүтқоректілерді
Ихтиология – балықтарды
Гельминтология – құрттарды
Герпатология - жарғалаушыларды
Ботаника: микология – саңырауқұлақты зертттейді
Бриология - мүктерді
Алгология – балдырларды
Бактериология – бактерияны
Лихенология - қынаны
Зоология: орнитология - құстарды
Мамалогия – сүтқоректілерді
Ихтиология – балықтарды
Гельминтология – құрттарды
Герпатология - жарғалаушыларды
Микология Бриология
Бактериология Лихенология
Орнитология Мамалогия
Ихтиология
Гельминтология
Герпатология Алгология
Достарыңызбен бөлісу: |