Сабақтың мақсаты: кәсіпкерлік бастаманың табыстылығы мен идеяның ерекшелігі қалай байланысатынын түсіну



бет4/4
Дата23.09.2023
өлшемі60 Kb.
#478417
түріСабақ
1   2   3   4
0107. Кейс Rocket Study каз

6-тақырып.
Ойланыңыз, қандай бизнес-сабақтар сіз Rocket Study кейсінен алуыңызға болады? Арслан жобасы сізге ұнады ма? Неліктен?
Rocket Study мысалы тіпті бастапқы капиталсыз-ақ бизнес құруға болатынын және ол тек бір қаланың тұтынушыларының мәселесін ғана емес, сондай-ақ кеңею әлеуетіне де ие болатынын көрсетеді.
Осының бәрін бір адамның күшімен жасауға болады, егер бизнесті прототиптерден бастап және соңғы шешім дұрыс болып, өзін ақтағаннан кейін ғана бизнесті кеңейтіп арттыруға болады.
Жиі Rocket Study мектептері қаланың ең қолайлы емес аудандарында ашылып жатады, бірақ адамдарды тарта алып әрекет етіп жатады. Өйткені, маркетинг қандай маңызды болмасын, бизнес негізін қалайтын - өнім болып табылады. Егер ол өнім клиенттерге ұнаса, локация маңызды емес.
Арслан өз миссиясын адамдарды ағылшын тілінде сөйлеуге үйреткеннен әлдеқайда кең көреді. Ең бастысы, Rocket Study негізінде не жатқанына байланысты – яғни бұл жеке өсу. Кез келген адам ағылшын тілін үйреніп, соның арқасында әлемнің жетекші мамандарының интернет арқылы тегін дәрістерін тыңдай бастайды, әлемнің кез келген нүктесінде жаңа танысуларды жасай алады, Қазақстанға келетін бизнес немесе өнер әлемінің танымал тұлғаларымен кездесіп, сөйлесе алады. Rocket Study адамдарды мүмкіндіктер іздеуге және өзіне сенуге үйретеді. Оның өнімін Қазақстан шегінен тыс (өйткені Rocket Study жүйесін әлемнің кез келген елінде оңай қолдануға болады) және тілдік мектеп шеңберінен тыс шығаруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет