Сабақтың мақсаты: Рельеф пайда болу факторларын анықтау. Неміс ғалымы А. Пенктің негізгі климаттық типтерін қарастыру. Климаттың рельеф түзудегі маңызы туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Үгілу түрлерімен танысу. Жоспары



бет1/7
Дата02.05.2023
өлшемі6.54 Mb.
#473143
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
№7 дәріс


Дәріс 7
Тақырыбы: Жер бедерінің пайда болуы мен қалыптасу факторлары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Сабақтың мақсаты:
Рельеф пайда болу факторларын анықтау . Неміс ғалымы А.Пенктің негізгі климаттық типтерін қарастыру. Климаттың рельеф түзудегі маңызы туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Үгілу түрлерімен танысу.
Жоспары:

Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары. Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа — ішкі (эндогендік) және сыртқы күштерге (экзогендік) жіктеледі. Ішкі күштер әрекеті. Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында тay тузілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады. Тау түзілуі жер қыртысындағы катпарлықтардың түзілуіне, терең тектоникалық жарықтардың пайда болуына және осы жарықтар бойымен жекелеген жер қыртысы бөліктерінің тік қозғалыстарға ұшырауына, магманың сыртқа шығуына әсер етеді.
Тербелмелі қозғалыстар жер қыртысының біртіндеп көтерілуі мен төмен түсуіне, соның нәтижесінде мұхит деңгейінің көтерілуі мен төмендеуше себепші болады. Тербелмелі қозғалыстар қайтымды сипатта болады, яғни жоғары көтерілген жер қыртысы қайта төмен түсуі немесе майысып, төмен түскен жерлер қайта көтерілуі мүмкін. Ал тау түзілуі кезінде қатпарлануға ұшыраған жерлер, сондай-ақ жарықтар бойымен жылжып кеткен бөліктер енді қайтып қалпына келмейді. Жанартау атқылауы мен жерсілкінуі де осы ішкі күштердің нәтижесі болып табылады. Демек, литосфералық тақталар қозғалысқа түсіп, материктер пішіндері мен мұхиттар айдының өзгертуші басты күш те осы ішкі күш болып табылады. Материктердегі ірі жазықтар мен таулар, мұхит табанындағы қазаншүңқырлар мен суасты орта жоталары да ішкі күш әрекеті нәтижесінде түзілген жер бедерінің ірі құрылымдары болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет