Сабақтың мақсаты:



Дата26.06.2016
өлшемі28.48 Kb.
#158901
түріСабақ

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.


Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Сабақтың мақсаты:
«Жанартау», «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуы мен байланыстылығын және жанартау әрекетінің литосфераға, гидросфераға және атмосфераның қалыптасуына әсері туралы білім беру. Жанартаудың пайдалы жағы мен зиян жақтарын түсіндіру..
Сабақтың дамытушылығы:
Оқушылардың ойлау қабілетіне, жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру, білімін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
Оқушылардың өздігінен білім ізденуге, әрекеттерін тудыру және ойлау, сөйлеу, қабылдауға байланыстыра отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, жанартаудың құрылысы, интерактивті тақта, «Даналық ағашы» слайд арқылы жасалған суреттер.
Сабақтың пән аралық байланысы: Әдебиет, тарих, бейнелеу.
Сабақтың әдісі:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау.
§20. Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.
1) Зымыран сұрақтар.
Оқушыларға интерактивті тақтадан сұрақтар беріледіСол сұрақтарға тез жауап беру керек.Жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріліп отырады.

2) Сандар да сөйлейді,Мұнда өткен сабаққа байланысты жер сілкіну болған жылдарды,ондағы болған оқиғаларды айтып шығады.Табиғи апат жайында атап өтеді.Дұрыс жауап берген оқушыға ұпай беріліп отырады.

1. 1908 жылы -
2. 1911 жылы -
3. 1923 жылы -
4. 1948 жылы -
5. 1988 жылы -
6. 1999 жылы -

3)Еске түсіру стратегиясы,

Оқушылар Жер сілкіну күшін 12 балдық шкаланы жіктеп шығады.


1)1-2-3-4-балдық елеусіз,әлсіз сілкінулер

2)5-6 күшті сілкінулер

3)7-8 өте күшті қиратушы сілкіну

4)9-10 жойқын сілкіну

5)11-12 апатты сілкіну
ІІІ Жаңа сабақ: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
6) Психологиялық дайындық
а) Оқушылардың толғанысын ояту мақсатында «Жанартауға байланысты жұмбақ жасырамын.. Жұмбақтан кейін оқушылардың ойын тыңдау.
7) Мағынаны тану стратегиясы.
а) «Жанартау, гейзерлердің» суреттері арқылы құрылысын таныстыру.
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндірмесі. Жанартауды не үшін зерттеу қажет екендігі жайында түсіндіру. Жанартаулардан келетін табиғи апаттар жайында мәлімет беру. Картадан жанартауды белгілеудің шартымен таныстырып, жанартауларды көрсетемін.
IV Сергіту сәті.

Оқушыларды жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін бір сәт денесін ширатып,көңілін серпілту мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырамын.


V.Зерделеу стратегиясы

Оқушылар сабақта тыңдаған,естіген мәліметтерін пайдаланып тақтадағы жанартау жайлы сұрақтарға жауап береді.Оқушылар бағаланып отырады.


VI.Дәптермен жұмыс.

Сәйкестігін табу.

Гейзер,Лава,Жанартау,Кратер сөздерінінің нақты сәйкес анықтамасын табуы шарт.



  • 1.Жанартау көмейі а Кавказдағы Эльбурс пен Казбек

  • 2.Сөнбеген жанартау б Ұшпа заттарынан айрылған магма.

  • 3.Гейзер в Магма ошағынан жоғары қарай

  • 4.Сөнген жанартау г Мезгілімен ыстық су мен бу шапшып тұратын көз.

  • 5.Лава д Камчаткадағы Ключи шоқысы.

  • 1-в / 2-д / 3-г / 4- а / 5-б


А)Біліміңді толықтыр.

Картамен жұмыс.

Оқушылар мұғалім түсіндіріп өткен жерлерді картадан көрсетіп береді..



Ә)«Даналық ағашындағы» сұрақтарға жауап беруі керек.Берген жауабына қарай бағаланады.

Б) Географиялық диктант

1.Жанартаулардың көпшілігі .......................жағалауында орналасқан.

2.Тынық мұхиттағы Куриль аралдары............ ...........болып табылады.

3.Жер бетіне шыққанда ............ .............магма лава деп аталады.

4.............. арқасында жанартаулардың атқылайтын мерзімін болжауға

болады.


5....... мен ...... аралығындағы аралдар тобының кішкентай бір аралындағы

........... .......... ...... жылы өте қатты атқылады.

6.Жанартау атқылаған кезде ..... ...... мен ...... шығады.
А)Рефлексия.

Білемін,білгім келеді,білдім т.б.Оқушылар сабақта алған әсерлерімен стикерге жауап жазу арқылы білдіреді.

Үйге: §21: Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып “Жанартау”жайлы қызықты мәлімет дайындау.


Бағалау.


4 ұпайдан 7 ұпайға дейін- “3”
8 ұпайдан 14-ға дейін- “4”
15ұпай және одан жоғары- “5”
Жауап берген оқушыларға таратылған парақшалар арқылы бағалау.
Сабақты бекіту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет