|
Ауыстырып құюға жəне өлшеуге арналған логикалық есептерді шығару.
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
Есептердің шығарылу ретін тізбектей түсіндіру.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар игереді:басқатырғының не екенін, «сиқырлы шаршылар» қалай құрастырылғанын.
Пəндік лексика жəне терминология:
Сандық есептер, құрамында əртүрлі сан бар басқатырғылар, ауыстырып құюға жəне өлшеуге арналған логикалық есептер.
|
Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы
Талқылау:
|
Литрдің ізделінді мөлшерін қалай табуға болады?
|
Жазу:
|
Есептердің шығарылу жолдарын жазу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Логикалық есеп.
|
Жоспар
|
Жоспарла н-ған
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
0-3
|
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім математиканың адам өміріндегі маңызы жөнінде əңгімелеседі. Математикалық жəне тұрмыстық есептерді шығару үшін логиканы, қызықты есептерді қолдана білу жөнінде əңгіме-дүкен құрады.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Есептерді шығарыңыздар:
Достары Алинаға туған күніне бұған дейін ода қанша қуыршақ болса, соншасын сыйлады. Енді Алинада 12 қуыршақ бар. Оған достары қанша қуыршақ сыйлады?
Бүгін – Санжардың туған күні. Ол өзінің 6 жасқа толған əпкесінен кіші.Санжардың жасы нешеде болуы мүмкін? Мына есептердің біз сабақтарда шығарған есептерден айырмашылықтары бар ма? (Бұл – тапқырлыққа берілгенесептер).
|
|
7-11
|
Мақсат қою.
5 литрлік шелектің жəне 3 литрлік банканың көмегімен кастрөлге 4 литр суды қалай құюға болады?
Бізге қандай 2 өлшем берілген?
Кастрөлдегі судың мөлшері қандай? Не істеу қажет?
Балалардың жауаптары).
Есептің шығарылу нұсқаларын ұсыныңыздар. (Балалардың жауаптары).
Ауыстырып құюға арналған есептерді шығаруды, ең дұрысы кесте түрінде көрсеткен ыңғайлы.
|
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
Мұғалім дəптердегі 1- тапсырманы топтық немесе жұптық практикалық жұмыс түрінде ұйымдастырады.
Суды литрдің мөлшеріне қарай фишкалармен (түймелермен,
моншақтармен) алмастыруға болады.
|
|