Бекітемін
Тәрбие ісінің меңгерушісі
____________Л.А.Еришева
Тақырыбы « Ұстаз ұлы тұлға »
Мақсаты: - Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды
құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын
оқушы санасына жеткізу.
Күтілетін нәтижелер: - Оқушылар ұлы Ұстаз есімін қастерлейді, кұрметтейді.
Көрнекіліктер: Интернет ресурстары, интерактивті тақта, ұстаз жайлы ұлағатты сөздер.
Сабақтың өту барысы
Психологиялық дайындық «Шаттық » шеңбер:
Біз сыныпта қашанда,
Бір отбасы боламыз!
Сабақты жақсы оқимыз,
Үлгілі бала боламыз!
- Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда біз аса
ардақты, аяулы, қадірлі, сыйлы мамандық иесі жайлы сөз қозғайтын боламыз.
- Ол кім балалар!
- Әрине, дұрыс айтасыңдар балалар, ол Ұстаз!
«Ұстазым»- әні орындалады.
- Әлемге аты белгілі қылышынан қан тамған,патша, әлемдік державаның басшысы,
адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі Александр Македонский: "Мен өзімнің
ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал ұстазымнан өмірімді
жақсы өткізу туралы білім алдым"-деген екен. Иә, расын да солай секілді.
Біз мектеп табалдырығын аттаған сәтте алдымыздан жадыраған жаздай жылы жүзімен
қарсы алып, партаға отырғызып, қолымызға қалам беріп, әріп үйретіп, кітаптың алғашқы
бетін ашқан сәттен -ақ өмірдің ақ пен қарасын, жақсы мен жаманын,оңы мен солын,
әрқашан жақсы өмір сүріп,жақсы адам болып қалу жолын үйретуге білек жеңін түріп
кірісіп кеткен де осы ұстаз еді.Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам.
Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі..
- Балалар, күні кеше қандай мереке болды?
- Дұрыс айтасыңдар күні кеше ұстаздардың төл мерекесі «Ұстаздар күні келе жатыр»,
ендеше сол мереке қарсаңында, ұстаздарға арнап, ұстаздар туралы тақпақтар айтайық.
- Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман.
Сіздей адам дүниеде көп болсын,
Балалардың бақыты үшін жаралған!
- Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жана берем.
- Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
- Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
- Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
- Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
- Жақсы, балалар! Ұстаздар туралы тақпақты жақсы біледі екенсіңдер! Енді, мен
сіздерге ұстаз туралы мақал-мәтел оқып берейін. Барлығымыз интерактивті тақтаға
назар салайық.
- Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.
- Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
- Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
- Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
- Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт.
- Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.
Мінекей, балалар ұстаз туралы өлең де, нақыл сөзде өте көп. Ендігі кезекті шығармашылық жұмысқа берейік. Олай болса, қазір әрқайсысыларыңыз өздеріңіз қатты жақсы көретін, қатты сыйлайтын ұстаздарыңызға арнап бір тамаша сурет салыңыздар. Салған суреттеріңіздің жанына міндетті түрде ұстазға арналған бір тақпақ немесе бір нақыл сөз жазыңыздар.
Қорытындылау
- Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен
бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып
терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім,
тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған
«Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
«Ұстазым» - әні орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |