ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Кенжебаева Құттықыз
Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар»
Сабақтың мақсаты: Күрделі заттар туралы қосылыстар арасындағы генетикалық
байланыс алпы ұғымды тереңдетіп, бейорганикалық
туралы алған білімдерін жүелеп тереңдету.
Сабақтың мәні: Бейорганкалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын заттардың
құрамын, қасиеттерін салыстыра білуге заттарды жіктеп, талдап,
қорытындылау.
Сабақтың жаңалығы: Есеп шығару біліктерін дамытып, техникалық қауіпсіздік
ережелерін сарамандық жұмысына қолдана білу.
Қажетті құрал- жабдықтар: Сынауықтар, штатив, ерітінділер, спирт шамы,
индикаторлар, күкірт қышқылы, алюминий, мыс,
мырыш, таразы, калий перманганаты, кесте, кеспе
қағаздары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ сайыс түрінде өтті. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлаймыз.
Топ жетекшілері өздері құрастырған тапсырмаларын айтады.
«Оксидтер» - тобы. Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға,
Сәлем бердік халайық жалпыңызға.
Жеңіс деген біздерге сол емес пе,
Беріктігін білдіріп салтымызға.
«Негіздер» - тобы. Күшейтеміз химияның сапасын,
Берер бізге болашақ ақ батасын
Ғылымдардың негізгі бір саласы,
Химиямыз мәңгі бақи жасасын.
«Қышқылдар» - тобы. Терең білім алған соң арқасында,
8 «А» сынып партасында
Қанаттанып келеміз бізде міне,
Ұстаздарды снайды халқы асылға
«Тұздар» - тобы. Білімді ұрпақ бұл мектепте екніңді,
Көңілдері әрдайым көтерулі
Дәлелдігін «Тұздар» тобы бүгін көпке,
Тобы жақсыны етер үлгі.
ІІ. Бейорганикалық қосылыстарға анықтама.
ІІІ. Сұрақ – жауап
-
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
-
Өршіткіш дегеніміз не?
-
Бейтараптану реакциясы.
-
Индикаторлар.
-
Қалыпты жағдайда газдар қандай көлем алады?
-
қандай индикаторларды білесіңдер?
-
Қанның құрамына кіретін металл.
-
Тұздардың жіктелуі.
-
IV. Әр топқа тапсырма. Қышқылдық оксидтерді теріп жазыңдар:
Екі негізді қышқылдарды теріп жазыңдар:
Суда ерітмейтін негіздерді теріп жазыңдар:
Орта тұздарды теріп жазыңдар:
V. Топтардың мақал – мәтелдер жарысы.
-
Темірді қызған кезде соқ.
-
Алтын – күміс тас екен, арпа – бидай ас екен.
-
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
-
Темірсіз – халық, тұзсыз – тағам болмайды.
-
Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір
-
Ақыл арылмас, алтын шірімес
-
Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер.
-
Тылтықтың күмісін айтпа, тиісін айт
-
Аспанда ай әкім болса, жердегі адамның әкімі күміс.
VI. Өзгерістерді жүзеге асыру.
-
-
-
-
VII. Сергіту – жұмбақтар шешу.
-
Табылса бар там – тұмнан,
Қазір көп әрбір өлкеде
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеден (Алюминий)
-
Қыздырып соқсаң иеленеді,
Балға мен төстен именеді. (Темір)
-
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас қайнатсаң да, отынды үйіп
Көрсететін зат, құрал жасар соны құйып (Сынап)
-
Өзім темір, өзім шалбар,
Егер теріс қарай оқысаң,
Болармын бір қазба байлықтың,
Айтшы, мен сонда кіммін? (Мыс – сым)
VIII. Тақтамен жұмыс
Ерітінділерге есептер шығару. (кеспе – қа,аздар)
«Оксидтер» тобы.
-
Массасы 20г тұзды 180г суда еріткенде, түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есепте.
«Қышқылдар» тобы
2. 60 г суға 20 г ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша?
«Негіздер» тобы
-
Тұздың массасы 100 г судағы ерітіндісін суалтқанда ыдыста 15 г тұз қалды.
Ерітіндідегі тұздың массалық үлесін тап.
«Тұздар » тобы
-
Массалық үлесі 10 % - тік ерітіндіні дайындапу үшін 100 г қантты неше грамм суға
еріту керек?
ІХ. Сарамандық жұмыс
Оқушылардың теориялық білімін, практикамен ұштастыру.
Х. Кім жылдам? Кестемен жұмыс
Әр топ кестеге өз формуласын жылдам теріп ілу керек.
Қышқылдар
Оттекті
|
Оттексіз
|
Бір негізді
|
Екі негізді
|
Үш негізді
|
|
|
|
|
|
Оксидтер
Қышқылдар
|
Негіздік оксид
|
Екідайлы оксид
|
|
|
|
Негіздер
Суда еритін
|
Суда ерімейтін
|
Екідайлы оксид
|
|
|
|
Тұздар
Орта тұздар
|
Қышқыл тұздар
|
Негіздік тұздар
|
|
|
|
ХІ. Сабақтың қорытындысы.
Әділ – қазылар алқасы топтардың ұпай сандарын жинақтап, үздік топты анықтады. Жүлделі орындарға марапаттарын тапсырды.
Қорытынды.
Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытуды жаппай енгізу жоспарлануда. Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ мамандық бағытын таңдау қажеттілігі туады. Химиялық білім басқа да іргелі ғылымдар сияқты, тіршілікте өзімізді қоршаған заттармен құбылыстар әлеміне, ондағы заңдылықтардың қалыптасуына бүтіндей қарап мәдениетті ойлауды, түсінуді, парасатты болуды орта мектептен бастайды.
Жыл сайын химия пәнінің алғашқы әліппесін бастайтын 8 –сыныпқа келген мұғалім мен оқушыдан үлкен жауапкершілік талап етіледі. Химия әлемінің беймәлім тылмысына оқушылар үлкен қзығумен қараса да, қорқыныш сезімі болмай қалмайды.
Өйткені бұл пән жаратылыстану пәндерінің ішінде оқушы үшін «қиын» пәндер қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Сондықтан оқушының пәнге қызығуын арттыру мақсатында жаңа әдіс – тәсілдерін кеңінен пайдалану қажет.
Оқу барысында оқушылар келесі нақты біліктерге ие болады:
-
Заттардың қасиеттерін зерттеу және бақылау;
-
Бақылаулардың нәтижелерін түсіндіре білу;
-
Гипотезаларды ұсыну;
-
Қажетті құралдар, химиялық ыдыстар және реактивті таңдай білу.
-
Өлшеулерді орындау;
-
Эксперимент нәтижелерін талқылап, сұхбаттасу;
-
Қорытынды шығара білу;
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Химия 8 - сынып
Н. Нұрахметов, К. Сарманова, Қ. Жексембина
2. Химия 10 – сынып
О.С. Габриелен, Ж.Ә. Шоқыбаев, Р.Н. Жұмаділова.
3. Химия мектепте №2 2008 ж
4. Химия мектепте №3 2008 ж
5. Химия мектепте № 2005 ж
6. Химия. Ә.Темірболатова, Алматы «Мектеп» 2008 ж
7. мектеп журналы № 4 2005 ж
8. Энциклопедический словарь юного химика.
Москва «Педагогика» 1982 г
9.Лабораторные работы по общей и неорганической химии
Москва «Химия» 1979 г
Достарыңызбен бөлісу: |