Сабақтың тақырыбы : Қысқы киімдер Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қысқы киімдерімен таныстыру



Дата09.06.2016
өлшемі26.44 Kb.
#125436
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

Қаракөл елдімекені

Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна

Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  Қысқы киімдерімен таныстыру.

2.Дамытушылық: жаңа сөздер арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін арттыру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылыққа, әдептілікке, әсемдікке, киімді ұқыптап киіуге үйрету.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, сто стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: киімдердің суреттері, жыл мезгілдерінің сюжеттік суреттер




Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері

Армысың, ару күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым дос.




ІІ. Қызығушылықты ояту

Топтастыру.

  • Қандай жыл мезгілдерін білесіз?















  • Қыс айларын атаңыз.

  • Көктем айларын атаңыз

  • Жаз айларын атаңыз

  • Күз айларын атаңыз

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай?

  • Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

  • Қыс мезгілінде қалай киінеміз?



  • Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қысқы киімдер»



ІІІ. Мағынаны тану

Дидактикалық ойын «Қай мезгілде киеміз?»

  • Балалар Әсем жаз бен қыс киімдердің суреттерін шатастырып алды, Әсемге көмектесейік жаз бен қыс киімдерін бөліп берейік.





  • Қыста қандай киім киеміз?


Сөздік жұмыс

Пима-


Тон-

Ішік-


Байпақ-
Сергіту сәті

Ішік, пима, қолғаптар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай

Біз тоңбаймыз алақай.
Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ

Су өтеді қолғаптар.


Әліппе-дәптермен жұмыс

Әңгіме құрастыру

«Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.



«Кімнің киімі» ойыны.

Мақсаты: Ұл бала мен қыз бала киімдерін танып білу, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз киімдерін ажыратуға үйрету. Жүру барысы: Ұл бала мен қыз бала киімдерін үстел үстіне тастап, тәрбиеші көрсеткен қуыршаққа өз киімін тауып беру



Санамақ жаттау

Ө.Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» аттты санамақ жаттау

«1» дегенім бөрік,

Кисең бойға көрік.

«2» дегенім – етік,

Киер сәнді етіп.

«3» дегенім – ішік,

Теріден тігер пішіп.

«4» дегенім – тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ.

«5» дегенім – байпақ,

Іші жылы тайпақ.

ІІІ. Ой толғаныс
«Қайсысы артық» дидактикалық ойын

Берілген суретте артық киімді тап. Неге солай ойлайсын?


Сұрақ-жауап

  • Бүгінгі сабағымызда немен таныстық?

  • Қыста қалай киіну керек?

  • Киімдерді қалай киюіміз керек?


Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет