22.11.2013ж Математика 6 а сынып Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:Рационал сандарға қосу мен азайту амалдарын қолдануға
есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың теріс сандарды және таңбалары әр түрлі сандарды қосу, азайту тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін практикада еркін қолдана білуін жетілдіру.тиянақтау.
2) Оқушылардың ауызша есептеу қабілеттері мен логикалық ойлауын арттыра отырып, шығармашылығын дамыту
3) Ақыл – ой тәрбиесіне, жауапкершілікке, жұмыс нәтижесіне
жетуге,өз мүмкіндігіне сенуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: презентация, интерактивті тақта, бағалау парағы,ноутбуктар
Үлесітрме материалдар.
Сабақтың түрі: Флипчарт сабақ .
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту,практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу. оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
Бүгінгі сабақтың ұраны:«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім»
М.Әуезов
1) «Қандай сұрақ болса да таппай оны қоймайық!
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру мақсатында сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
Тақырыптың мақсатымен таныстырыпболған соң , өткен тақырыптар туралы алған білімдерімізді жүгіртпе сұрақтардың көмегімен еске түсіреміз: 1:Қандай сандар натурал сандар деп аталады?
2.Қандай сандар бүтін сандар деп аталады?
3.Қандай сандар рационал сандар жиынына тиісті?
4.Теріс сандарды қосу ережесі?
5.Таңбалары әртүрлі екі санды қосу ережесі?
6.Рационал сандарды азайту ережесі?
7.Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы неге тең?
2)Альтернативті жауап парақшасын толтыру:
Сұрақ:
|
Ия
|
Жоқ
|
0 саны бүтін сан бола ма?
|
|
|
Теріс сандар рационал сандар бола ма?
|
|
|
Бөлшек сан натурал сан бола ала ма?
|
|
|
0 санына қарама-қарсы сан жоқ дегенге келісесің бе?
|
|
|
3) Мағынаны ашу!
Сандарды бөліп жазыңдар! Бүтін және рационал сандарды ажырата білу мақсатында бірнеше сандар беріледі, сол сандарды интерактивті тақта көмегімен ажырату.
4)Алгоритмдік деңгей «Білімді мыңды жығады» Білім шыңына жетейік
5)Эвристикалық деңгей «Сөздік лото«Цифр»сөзі шығады, тарихи деректерге көз жүгіртсек.Оқушылар шығармашылығы.
6)Шығармашылық деңгей тестімен жұмыс ( әр оқушы алдындағы ноутбуктардан тест орындайды.)
6)Сәйкестендіру кестесі: теңдеуді шешіп, қандай сандар жиынына сәйкес екенін табу
N натурал сан,
Z-бүтін сан
Q-рационал сандар
7)Оқулықпен жұмыс №473,474
8) логикалық есептер:
а).Дорбадағы 10 асықты 10 балаға бір бірлеп үлестіргенде дорбада бір асық қалып қояды.Бұл қалай?
( бір балаға дорбасымен береді)
б). Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұр. 36 сағат өткен саң күннің жарқырып тұруы мүмкін бе?
(Мүмкін. 36 сағаттан соң таңғы 10 болады)
в) 2 қолда он саусақ. 10 қолда неше саусақ? ( 50 саусақ)
9)математикалық диктант Эйлер-Венн диаграммасы арқылы сабақты қорытындылау
1). Санағанда қолданылатын сандарды .....................................
2). Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар жиынымен 0 саны .......................жиынын құрайды.
3). Бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны ..........................................жиынын құрайды
10) Бағалау парағынан әр оқушы тұсына әр тапсырма бойынша баға қойып отырамын да, сабақ соңында қорытынды бағаны шығарамын.
Еңбекші орта мектебі
6 «А » сынып
Тақырыбы: «Рационал сандарға қосу мен азайту амалдарын қолдануға есептер шығару»
Пән мұғалімі : Масалимова Гулшат Ғалымқызы
2013-2014 оқу жылы
.
Достарыңызбен бөлісу: |