Педагогика институты



бет1/15
Дата11.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#128864
түріАнализ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4 (2), 2007





ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР

ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ


ХАБАРШЫ
ВЕСТНИК

ПЕДАГОГИКА СЕРИЯСЫ


СЕРИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК

ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ


ХАБАРШЫ

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ


ПЕДАГОГИКА СЕРИЯСЫ


КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

ИНСТИТУТ
ВЕСТНИК

НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ
СЕРИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ


АЛМАТЫ № 4 (2) 2007


2006 жылдан бастап шығады

Шығару жиілігі – жылына 6 рет





МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінде

08.08. 2005 жылы тіркелген

№6204 - Ж




Құсайынов А.Қ. Теледидардың бала психикасына және тәрбиесіне кері әсері............................................................................



    1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ

Арзанбаева Б. Анализ профессиональных функций и умений старшего воспита-теля дошкольной организации…………




    1. Әмірова Ә.С. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫП-ТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ…………………...............

Байназарова Т.Б. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде «Бейнелеу өнері» мен «Дүниета-ну» пәндерін кіріктіре оқытудың ерекшеліктері .......................................................

Қожагелдиева С. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқыту процесінде оқушыларды адамгершілік қарым-қатынасҚА үйретудің жолдары................

Қоқымбаева Т.И. Бастауыш мектептегі мұғалімдердің дидактикалық дайын-дығын жетілдіру жолы.....................................
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА, БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА
Алимбекова А.С. НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РОСТА УЧИТЕЛЕЙ В УСЛОВИЯХ ПЕРЕХОДА К ПРОФИЛЬНОМУ ОБУЧЕНИЮ................................................................
Бекмухамедов Б.М., Шиндаулова Р.Б. О СПЕЦИ-ФИКЕ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВ МУЗЫКАЛЬНО-ПЕДАГОГИЧЕС-КИХ ФАКУЛЬТЕТОВ……………………………….

5

13



17

21

24


27


31

36





Бас редактор

профессор Ш.К. Беркімбаева




Бас редактордың орынбасары

п.ғ.д., проф. Қожахметова К.Ж.




Редакциялық алқа

Қараев Ж.А. - п.ғ.д., профессор

Шаханова Р.А. - п.ғ.д., профессор

Таубаева Ш.Т. -п.ғ.д., профессор;

Құнантаева К.Қ. - ҚР ҰFA академигі, п.ғ.д., профессор;

Құсайынов А.Қ. - п.ғ.д ., проф.;

Калиев С.К. - п.ғ.д., профессор;

Аймағамбетова Қ.А.-п.ғ.д.,проф.;

Халитова И.Р. - п.ғ.д., профессор;

Рысбаева А.Қ. - п.ғ.к., п.м.а;

Әмірова А.С. - п.ғ.к., доцент; Левченко Т.А. - п.ғ.к., доцент.


Жауапты редактор

физика - математика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.А.Қ.Искакова


Редактор п.ғ.к. Б.А.ҚИЯСОВА

© Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты



050000, Алматы қаласы,

Әйтеке би көшесі, 99.

Тел. 233-18-32, 233-18-55 (120)

Факс 233-18-35.






Ерғанатова А. М. МАҚАТАЕВ МҰРАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.....................................

40

Даулетбаева З. Қазақстандағы мектептердің дамуын зерттеудің кейбір мәселелері................................................................................................................................

45


Жумаканова Р.А. Профилактика социальных отклонений в школьной среде в процессе изучения спецкурсов по гражданскому образованию…………………………………………………………………………………

48


Икрамова А.Ш. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының маңызы...............

53

Іліпов М.Т., Елжанова П.А. ТәуелсіздікТІҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РОЛІ..............

56

Қалиев С.Қ., Нұрмұхамбетова А.А. Адамгершілік тәрбиесі бағытындағы зерттеулерге сипаттама...................................................................................................

60


Қиясова Б.А. ХІХ ғасырдағы Кореяның білім беру жүйесіне жалпы сипаттама ................................................................................................................................

63


Қоңырбаева С.С. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК қарым-қатынастарДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚТЫ САҚТАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ........................................................................................................................................

66


Майгаранова Ш.М., Тусупбеков Н.Ж. ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ВОЗМОЖНОСТИ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В РАЗВИТИИ ПОЛИКУЛЬТУРНОЙ ЛИЧНОСТИ……………………………………………………………………………………….

72


Манапова Г.К. , Манапов Е.К. Логико-коммуникативные программы при обучении монологическому высказыванию…………………........................

77


Манкеш А.Е. Педагогикалық инновациялар негізінде оқушыларға экологиялық білім берудегі мұғалім шеберлігі..................................................

81


Рысбаева А., Қиясова Б. Жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа технологияларын қолдану мәселелері..................................................................

85


Смайлов И. Студенттер тәжірибесіндегі педагогикалық технология-ның маңызы.............................................................................................................................

89


Сураншиева М.К. ВНЕШНИЕ И ВНУТРЕННИЕ СТИМУЛЫ САМОРАЗВИТИЯ ЛИЧНОСТИ ………………………………………………………………………………………

93


Сыпырындиева Г.Қ. Қытай халыҚ республикасындағы ҚазаҚ мектептерiнің даму мӘселесі.......................................................................................

96


Тәжібаева С.Ғ. Қазақ баласының ҰЛТТЫҚ келбетін қалыптастыруда мектептегі оқу-тәрбие процесінің орны...............................................................

99


Төлебаева Ж.А. Педагогикалық практиканың тұлғаға бағытталған моделі..........................................................................................................................................

103


Рысбаева А.К., Утеева К.Ж. Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері.............

107

Халитова И.Р. Абай мұрасының бала тәрбиесіндегі маңызы..........................

110

Шағырбаева М.Д. Болашақ мұғалімдерді оқушы қыздарға қазақ халықтық педагогикасы арқылы тәрбие беруге даярлау...........................

115


Абенова Ж. МИРОВОЗЗРЕНИЕ ЛИЧНОСТИ ПЕДАГОГА-МУЗЫКАНТА……………….

122

Төлеу С. Е. Математикалық есептерді программалау.......................

125



СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕТӘРБИЕСІ
Абдыкадырова Д.Р., Новикова О.М. Профессионально-прикладная физическая подготовка студентов..........................................................................

132


Твердовская Г.А. , Оразбекова Н.Т. Красота и гармония женского тела……

136








ТеледидардЫҢ бала психикасына және тәрбиесіне кері әсері
Құсайынов А.Қ. – п.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қазіргі уақытта теледидардан көптеген зорлық-зомбылық көріністер көрсетіліп, қан өзен суындай «ағып» жатады. Күніне балаларымыз орта есеппен 17 өлім, 37 мейрімсіздік көріністер көреді екен. Мұндай эпизодтардың қандай сөздермен көрсетілетінін болжау қиын емес. Және бұл көріністер таңертең де, күндіз де көрсетіле береді. Мұндай хабарлар балалардың дүниетамының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсер ететіні сөзсіз.

Бала тәрбиесі – аса күрделі, әрі ұзақ процесс. Олардың мінез-құлықтары мен жеке қасиеттерінің қалыптасуына отбасы мен жақындары, бала бақша мен мектеп, қоршаған орта мен көше әсер етеді. Соңғы он жылда оған теледидардың да әсері қосылып отыр. Балалардың кітап оқуға деген құмарлықтары жыл өткен сайын төмендеп келеді, соның салдарынан телефильмдердің көптеген кейіпкерлері олар еліктейтін, ең беделді тұлғаларға айналды. Сонымен, отбасы мүшесіне айналған теледидар, балалардың тәрбиешілері қатарына қосылды.

Статистикалық есептер балалар мен жас өспірімдер телеаудиторияның, аудиобейнелік медиатекстердің ең белсенді бөлігі және көрушілері екенін көрсетіп отыр. «Балалар мөлшермен 2 жастан бастап теледидар көре бастайды. Нағыз американдық бала өз уақытының шамамен 30% теледидардың алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат экран алдында отырады», дейді американдық зерттеушілер (Dodrill R. Violence, Values and Media, Sacramento, 1993, p.51).

Өсе келе жас адам біртіндеп, «үлкендердің» әлеміне кіргісі келелі. Бала, шынай өмірді білуге әрі түсінуге, ондағы құндылықтар мен мінез-құлық ережелерін қабылдауға талпынады. Үлкендер өмірін бала тек отбасы мен көшеден ғана көрмейді. Теледидар да олардың үлкендердің өмірі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер етеді, оның белгілі бір бейнесін қалыптастырады.

Теледидар қалыптастыратын үлкендер өмірі туралы экрандық түсінік, балалар кіретін шынайы өмірге қаншалықты сәйкес келеді? Теледидардың балаларға тең оң әсері ғана емес, теріс әсері де болатын болса, онда балаларымыздың бойында қандай қасиеттер қалыптасады? – деген сұрақтар кімді болса да мазаламай қоймайды.

Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары материалдарына жасалған шолулар, теледидардағы, мәселен Шығыс елдерінде қылмыстың өсуіне үлкен әсері бар екенін дәлелдеп отыр. Зорлықты насихаттау, әсіресе теледидардан, кино мен компьютерлік ойындардан анық байқалады. Психологтары мен эксперттер БАҚ- да зорлық-зомбылық көріністердің көрсетілуі мейрімсіздік пен қатыгездіктің өсуіне тікелей әсер ететінін дәлелдеп отыр. Төменде АҚШ-та «Зорлық, медиа және балалар» деген тақырыпта жүргізілген зерттеулердің қорытындылары берілген:



1951 ж. Америкада зорлық көріністері бар хабарлар теледидар уақытының 10%-ын қамтыйды.

1954 ж. Алғаш рет Конгрессте телезорлықтың көрушілерге әсері жөнінде мәселе талқылау ұйымдастырылды.

1956 ж. Ғалымдардың тұжырымдамасы: теледидар кіші жастағы балаларға өте залал болуы мүмкін. «50-ші жылдары барлық телехабарлардың 2/3-тен 3/4 бөлігінде зорлық көріністер - сағат сайын 6-дан 10-ға дейін зорлық актылар көрсетілді».

1961 ж. Теледидардағы зорлық көрінісі бар хабарлардың көлемі ұлғайды және олардың көпшілігі балалар экран алдында отырғанда көрсетілетін болды.

1965 ж. Зерттеушілердің тұжырымдамасы: теледидардағы зорлықтар кәмелетке жетпегендердің қоғамға жат қылықтарынан байқалады.

1969 ж. Зерттеушілердің тұжырымдамасы: жас көрермендер агрессиялық мінез-құлық тәсілдерін теледидар хабарларынан үйренеді.

1972 ж. 50 америкадық жетекші маманның 5 томдық зерттеу есебі медиазорлық пен кәмелетке жетпегендердің агрессивті мінез-құлықтарының арасында байланы бар екенін көрсетті.

1980 ж. Үш маусым бойы көрсетілген телесериалдар талданды. Жүргізілген зерттеулер оларда сағат 8 бен 9 аралығында кем дегенде 9 рет, сағат 9 бен 11 аралығында – кем дегенде 12 рет және балалар хабарларында (сенбі күні таңертең) сағат сайын 21 реттен аса зорлық актылары көрсетілетінін анықтады.

1982 ж. Психикалық денсаулық ұлттық институты (National Institute of Mental Health) дүние жүзінде жүргізілген 2 500 зерттеуге шолу жасады. Қорытынды: жасөспірімдердің агрессивті мінез-кұлықтары мен теледидар зорлығының арасында тәуелділік бар.

1984 ж. 22 жыл бойы 875 американдық 8 жастағы кыз және ұл балалар мен үлкен жастағы адамдарды қадағалау нәтижесінде, ұл балалар теледидардағы зорлықтарға еліктейтіндігі, олардың қылмыскер болуға қыз балаларға қарағанда, 4-5 есе бейім екендіктері анықталды. Экрандағы зорлық қатты қызықтыратын балалар, ер жеткенде, өздерінің балаларын күшпен жазалауға бейім екендіктері байқалды.

1985 ж. Американдық психологтар ассоциациясы ата-аналарға балаларының не көретіндігін қадағалау қажеттігін ұсынды; индустрия өкілдерін теледидар зорлықтарын азайтуға шақырды; медиазорлық саласында зерттеу жұмыстарын дамыту қажеттігін айтты. Американдық бала 1984/1985 жылдары теледидардан сағат сайын 27 зорлық көрініс көреді. Бейнеклиптердің жартысынан көбі зорлықты көрсететіні дәлелденді.

1990 ж. АҚШ Конгрессінде теледидар және оның балаларға әсері жөнінде заң жобасы тыңдалды.

1992 ж. Американың психология ассоциациясы федералдық үкіметтерді қоғамды медиазорлықтан қорғауға шақырды.

1996 ж. 1996 жылы ақпан айында АҚШ Президенті «Телекоммуникациялар туралы» заңға қол қойды. Бұл заң V-чиптер, теледидар хабарларын сүзетін компьютерлік микропроцессорлар шығару қажеттігін айқындады.

1997 ж. ЮНЕСКО аумағында «Балалар және экрандағы зорлық» атты Халықаралық палата құрылды. Оның іс-қимылының бастапқы нүктесі Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бала құқығы жөніндегі Конвенциясы» болды.

1997 ж. АҚШ-та телебағдарламалардың жас мөлшеріне негізделген жаңа рейтинг жүйесі қабылданды.

1998 ж. Ұлттық телеарнаның теледидар зорлығын зерттеуге байланысты құрылған тобының есебінде, телехабарлардың 60%-ында зорлық болатындығы және «телеэкраннан көрген зорлықтың кері әсер етуінің қаупі тіптен жоғары екендігі» айтылды. Лос-Анжелесте теледидар және балалар денсаулығы мәселелеріне байланысты медиаиндустрия өкілдері мен зерттеушілердің конференциясы өтті.

1999 ж. Сенатор Дж. Либерман балаларды медиазорлық қаупінен қорғау және ойын-сауық индустриясы жауапкершілігін арттыруға арналған жаңа заң жобасын ұсынды. Заң жобасы, сонымен бірге, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, олардың жұмыс жасау сапасын арттыру және балаларды зиянды медиаөнімдерден қорғау мақсатында, олардың іс-әрекеттерінің қаталырақ кодекісін жасау үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

2000 ж. Төрт ұлттық ассоциация – Американың педиатрлар академиясы, Американың медицина ассоциациясы, Американың психологтар ассоциациясы, Американың балалар және жас өспірімдер психатрия академиясы – біріккен үндеу жариялады. Онда: «Медициналық қоғамның 30-жылдан аса жүргізген зерттеу нәтижесі, зорлық «ойын-сауықты» көру, әсіресе балалардың агрессиясының өсуіне, олардың қарым-қатынастарының, құндылықтары мен мінез-құлықтарының бұзылуларына әсер ететінін көрсетті» - деп тұжырым жасалған.

2000 жылдың қаңтар айынан бастап американың теледидарлары (экрандары 13 дюймнан үлкен) ата-аналарға балаларының көрмегені дұрыс деп есептейтін бағдарламаларды жібермейтін V-чиптармен сатыла бастады. АҚШ Конгрессінде «Зорлық және медиа» деген тақырыпта тыңдау болды.



2001 ж. Зерттеу америка балаларына арналған жексенбілік хабарларда 20-дан 25-ке дейін зорлық актылары болатынын анықтады.

2002 ж. Американың балалар және жас өспірімдер психиатрия академиясы зерттеулерінің нәтижесі:

  • медиазорлықты шамадан тыс көретін балалардың көпшілігі, зорлық конфликті щешудің ең тиімді жолы деп есептейді;

  • медиазорлықпен активті контактыда болғандар, шынайы өмірде зорлықты эмоционалды түрде қабылдамайды;

  • зорлық «ойын-сауықпен» активті әуестену, баланың бүкіл әлем тек зорлық негізінде құрылған деген қорытынды шығаруына әкеліп соқтыруы мүмкін;

  • сонымен бірге балалардың бойында зорлықтың құрбаны болу қаупі де күшейе түседі;

  • медиазорлықпен активті әуестену шынайы өмірде зорлық жасауға дайын болумен байланыста болады.

2003 ж. АҚШ Конгрессінде 14 қаңтарда «Балаларды, зорлық көрсетілетін, бағдарламалардан қорғау » заң жобасының тыңдауы болды.

2003 ж. 11 ақпанда Өкілдер палатасында «Балаларды видеоойындарда сексуалдық қатнастардан және зорлықтан қорғау» заң жобасының тыңдауы болды.

Бұл мәліметтерден, американ үкіметі балаларды медиазорлықтың кері әсерінен қорғауға шынай қызығушылық танытып отырғанын, сонымен бірге, зорлық көрсетілетін хабарларды сөткенің балалар теледидарды аз көретін уақыттарына ауыстыруға күш салып отырғанын көреміз. 2003 жылы Конгресске тапсырылған «Балаларды видеоойындарда секстен және зорлықтан қорғау» заң жобасында: «секс және зорлық көрсетілетін видеоойындарды пайдалану және көру кәмелетке толмағандарға зиянды болады... әсіресе балалардың агрессивті мінез-құлықтарын арттырады, қарым-қатынастары мен құндылықтарының өзгеруіне соқтырады. Ойластырылып қойылған тосқауыл мұндай ойындарды пайдаланатын балалардың санын азайтады»   деп, көрсетілген.

2003 жылы Сенатқа ұсынылған «Балаларды, зорлық көрсетілетін, бағдарламалардан қорғау» заң жобасы да осы бағытты ұстанған. Заң жобасында: «Жас кездерінде зорлық көрсетілетін телебағдарламаларды көрген балалар кейінгі өмірлерінде, ондай бағдарламаларды аз көрген балаларға қарағанда, қатал және агрессивті мінез-құлық көрсетуге жақын болатынын көрсететін эмпирикалық дәлелдемелер бар» - делінген. Бұдан басқа да негативті факторлардың ішінен, заң жобасында, балалардың агрессивті мінез-құлық көрсетуге талпынатындары, зорлықтың құрбаны болудан қорқатындары, адамдарға ешуақытта сенбейтіндіктері және т.б. айтылған.

Бірақта АҚШ-та, әлі күнге дейін, зорлық көріністерді көрсетуге уақтылы шектеулер койылмаған: олар ешқандай шектеусіз кешкі/түнгі уақыттарда да, таңғы/күндізгі уақыттарда да көрсетіле береді. Соңғы уақыттарда Аннаберг жалпы коммуникация мектебі жүргізген зерттеулерде: «балалар телехабарларында зорлық көрсететін көріністер тіптен көбейіп кеткен – бір сағатта 32 зорлық актысы... 18 сағаттан бастап американдық теледидар арқылы 1 845 зорлық көрініс көруге болады, бұл шамамен сағатына 100 агрессия актысы, немесе 36 секунд сайын бір көрініс... барлық телехабарлардың 80%-ында күш көрсететін көріністер бар. Ал зорлық – наша сияқты: көрермендер оған үйреніп кетеді, сондықтан медиа біртіндеп оның дозасын арттыра береді, арттыра береді»   деп, қорытынды жасалған (Lamson S. Media Violence Has Increased the Murder Rate. In: Violence in the Media. Ed. by С.Wekesser. San Diego (CA), 1995, pp. 25-27).

Соңғы 40 жылда дүние жүзінде балаларға теледидар мен кинематографияның тигізетін әсерін зерттеуге арналған мыңнан артық зерттеулер жүргізілген. Зерттеулер дүние жүзінің көптеген елдерінде, әр түрлі нәсілдерге, ұлттар мен әлеуметтік топтарға жататын ер балалар мен қыз балалардың арасында жүргізілген. Бұған қарамай, зерттеу нәтижелері іс жүзінде бірдей болып щыққан: экрандағы агрессия балалардың адамдарға және жансыз заттарға агрессивтіліктерін арттыра түседі.

Барселона. Үш жасөспірім теледидар көріп, өздерін таңдандырған трюкті жасаған. Кешке қарай олар көшеге пластикалық лента байлап койып, ол лентаның өтіп бара жатқан мотоциклистің мойнын кесіп түсіргенін байқап тұрған. Мотоциклист сол жерде қаза тапқан.

Осло. Бес-алты жастағы бір топ бала үйлерің жанындағы көк шалғында өздерінің дос қыздарын жан тапсырғанша ұрған. Бұл ойында ол қыз бала, соңғы көрген хабарларындағы бәрі ұрған, ниндзя тасбақасы ретінде қабылданған.

Литлтон. 1999 жылы екі оқушы өздерімен бірге оқитын 12 баланы өлтіріп және 23 жаралап, соңынан өздерін өздері атып тастаған. Зерттеу, олардың бұл қылмысты телехабарлар мен видофильмдердің тікелей әсерінен жасағандарын дәлелдеді.

Мұндай фактылар өмірде өте көп. Балалар көптеген жағдайларда шынайы өмір мен телеэкраннан көргендерінің айырмашылығын аңғара бермейді. Олар телеэкран-дағы медиазорлықтың құрбандары болып жатады.



Ресейде медиазорлықтың балаларға кері әсерін азайту мақсатында қандай іс-шаралар жасалған? «Бұған сену қиын, бірақ Ресей азаматтары заң жүзінде телеэрандағы азғындық пен зорлықтан ешқандай да қорғалмаған! Ресей теледидары бәріне де ерік берілген, аморальдықтың шегі жоқ аралы ретінде қалып отыр» - дейді С.Скатов өзінің «Некрофилы. Тема смерти и насилия стала ведущей на российских телеэкранах» - атты мақаласында.

«Көптеген балалар аурулары мен өлімдерінің себебі – Ресей отбасыларының тұрмыстық қиындықтары мен экономикалық проблемалары. Бірақ мұндай проблемалар біздің елімізде бұрын да көп болған... Ғалымдар мен педагогтар бала психикасының қалыпты дамуы үшін баланың психологиялық қорғалу жағдайы, оған тосыннан қауып-қатер, агрессия, қауыптілік туғызбайтын өмірді сезінуі ерекше маңызды екенін ескертеді. Ата-аналары үй ішінде балаларына қандай жақсы жағдай жасаса да, телеэкраннан қардай борап жатқан күнделікті негатив пен агрессияны бала қоршаған ортаның негізгі атрибуты деп қабылдап жатқанда, оны эмоционалды-психологиялық қорғау өте қиын болады.

Теледидар күні бойы негізінен «үлкендерге» арналған, зорлық пен драматизмге, адамды шошындыратын бейнелік және дыбыстық импульстарға толы, баланың қалытаспаған дүниетанымына кері әсер ететін хабарлар көрсетеді. Балалар бүгінгі күндері, шындығында, олардың балалықтарына жау, информациялық ортада өмір сүруде», - деп жазады Л.Оганова мен А.Короченский өздерінің «Вид через замочную скважину: дети и телевизионный «взрослый» мир» - атты мақалаларында.

«Дума, теледидардағы зорлық мәселелерімен шұғылданбас бұрын, ұзақ ойланды. Ол «ойланғанша», шынайы өлімді кинодағы өлімнен, нағыз қанды мүк жиде морсынан ажырата алмайтын бірнеше ұрпақ өсіп шықты. Енді ғана депутаттар бұл аса маңызды мәселеге қарап, БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізуді қарастыра бастады. Депутаттардың шыдамдарының шектен шығуына не себеп болды?» - деп, А.Бройдо өзінің «Насилие на экране» атты мақаласында жазып, бір топ депутаттардың сөздерін келтіреді.

Г. Гудков - Мемлекеттік думаның Қауыпсіздік комитетінің мүшесі, Халықтық партияның жетекшісі: «Бізде зорлық тек қана көп емес – бізде экранда шындығында одан басқа ештеңе де қалған жоқ. Қазіргі уақытта отандық теледидар парасаттылық деңгейде емес, физиологиялық инстинкт деңгейінде қалып отыр. Ресей жастарына оларға тән емес қөзқарастар, принциптер, мінез-құлық моделдері зорлап міндеттендірілуде – бұл өте қатерлі жағдай».

В. Алкснис - Мемлекеттік думаның депутаты, «Родина» фракциясы: «Ресейге жақсы ойластырылған информациялық саясат аса қажет: бұл цензура енгізу керек деген сөз емес, бірақ бізге телеарналар көрсететін хабарларға мемлекеттік бақылау қажет. Фильмдер мен хабарларға елдің көңілін бұрамыз деген оймен, оны жасаушылар оларды қанмен, зорлықпен толтырып жіберді. Ал жастар болса ондай көріністерге біртіндеп бейімделіп алады, - міне адамды аяқпен бастан теуіп жіберді, оған ештеңе де болған жоқ, ол орнынан атып тұрып қайтадан төбелесуге кірісіп те кетті! Мұндай айуандықты, менің ойымша, тек қатаң заң қабылдап қана тоқтатуға болады».

2003 жылы 23 қарашада Ресей Мемлекеттік Думасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Федеративтік заңға, зорлық пен қатыгездікті көрсетуге байланысты өзгертулер енгізуді қарастырады. Өзгертудің авторы – Халық партиясының депутаты В.Гальченко электрондық және басылымдық БАҚ-да зорлық пен қатыгездікті көрсетуге кей жағдайларда тыйым салынып, кей жағдайларда шектулер енгізу өте маңызды екенін, адамдар өлігін, адамдар мен жануарларға зорлық жасағанды, сонымен бірге, қаскүнемдерді жағымды кейіпкер етіп көрсетуге тыйым салу қажеттігін айтты. Бірақ жоба дауыс беру жәтижесінде өтпей қалды.

2004 жылдың 10 қарашасында Ресейдің Мемлекеттік Думасы бірауыздан, бірінші оқылымның өзінде-ақ, теледидардан зорлық пен қатыгездік көріністерді көрсетуге тосқауыл кою туралы заң жобасына өзгеріс енгізуді қолдады. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 4-ші бабына («Ақпарат құралдарының еркіндіктерін теріс пайдалануға жол бермеу») төмендегідей өзгеріс енгізу ұсынылады: «Таңертеңгі 7-ден кешкі 22-ге дейін адамдар өлігін, кісі өлтіру көріністерін, қатты соққыжа жығу, адам денсаулығына ауыр, орташа және жеңіл залалдар келтіру, зорлау және сексуалдық мінездегі зорлық әрекеттерді теле-, видео-, кинохроникалық бағдарламаларда жарнамалауға, теледидарлық фильмдер мен фильмдерде көрсетуге тыйым салынсын».

Мемлекеттік Думаның екінші оқылымына В.Путиннің хаты түсті, онда бұл өзгерісті қабылдамау туралы ұсыныс айтылған. Президенттің пайымдауынша, бұл жағдайда ресей азаматтарының бірнеше ұрпақтары тәрбиеленіп өскен фильмдерді көрсетуге тыйым салынатын болады.

Мемлекеттік Думаның Президеттің ұсынысын қабылдамауға лажы болмады. Сонымен халық қалаулыларының, ең болмағанда, ұлттық телеэфирді толтырып кеткен шетелдік мультфильмдерді реттеу туралы талпыныстары да аяқсыз қалды.

2005 жылы 7 шілде күні телеарна жетекшілері – К.Эрнст (Бірінші канал), О.Добродеев (Ресей), О.Попцов(ТВЦ), В. Кулистиков (НТВ), А.Роднянский (СТС) және И. Лесневская (REN TV) бірлесіп «Зорлық пен қатыгездікке қарсылық» Хартиясына қол қойды. Балаларға қамқорлық мәселесі мұнда жеке айтылған. Телеарна жетекшілері өмірдегі болып жатқан жағдайларды және басқа да материалдарды көрсеткенде «балалардың ақыл-ойы мен моральдық қасиеттерінің дамуына ерекше нұқсан келтіретін» көріністерге шектеу қоюға келісті. Олар, мұндай материалдарды тек жаңалықтарды бергенде ғана, немесе оқиға болған жерден хабар бергенде ғана, көрсетуге шешім қабылдады. Сонымен бірге, «балалардың қызығушылығын бағдарламалар саясатын жасағанда да есепке алатындарына және фактылар мен болған жағдайларды балаларды жеке өмірге дұрыс дайындау мақсатында беретіндіктеріне» уәделесті.

Мемлекеттік Думаның бірінші вице-спикері Л.Слиский бұл Хартияны: «Ресей қоғамының тәуелсіз хабар беру саясаты мен қоғамда туындаған қоғамдық өнегелікті заңдық негізде қорғау қажеттігінің арасында компромис табу мақсатында жасалған қадам» - деп бағалады.



Европа елдері мен жақын шетелдерде қандай іс-шаралар жасалған?

Барлық Европа елдерінде дерлік күндізгі уақыттарда зорлық пен эротика көріністерін теледидардан көрсетуге тыйым салынған. Мысалы, Германияда, 16 жасқа толмаған балалардың адамгершілік қасиеттері мен психикасын сақтау үшін мұндай хабарларды таңертеңгі сағат 6-дан кешкі сағат 23-ке дейін көрсетуге тыйым салынған.

Латвияның 1995 ж. қабылдаған «Телерадиохабар туралы» заңының 18-бабында: «Сағат 7-ден 22-ге дейін дене және психологиялық (көріністі және сөз түрінде) зорлық, қан шығатын және қорқынышты көріністерді, сонымен бірге, наркотиктер пайдаланылатын көріністерді көрсутуге тыйым салынады. Хабарлардың мәтіндерінде дөрекі және әдепсіз сөздер айтылмауы керек, сонымен бірге секуалды іс-әрекетке апаратын көріністер болмауы керек. Егерде техникалық блоктау құралдары қолданылатын болса, онда бұл шектеулердің кабельдік телеарналарға қатынасы болмайды» - деп жазылған.

Грузияда осындай тыйым телеарналарға сағат 7-ден 24-ке дейін салынған. Ондағы мақсат, 18-ге толмаған грузин азаматтарын, олардың көздері мен құлақтарына арналмаған қандай да болмасын хабарлар мен фильмдерден сақтау.

Украинада 2003 ж. қабылданған «Қоғамдық моральды сақтау жөнінде» заң бар. Оның өнімдерді шығару және таратуға тыйым салу жөніндегі 2-ші бабында, егерде: «ұлттық және религиялық құндылықтарды жоюды, бүлдіруді, қадірлемеуді насихаттайтын; адамдарды кемітетін, мүгедек және қартайған адамдарға қиянат жасалатын; нашақорлық, таксикомания, алкоголизм, темекі шегу және басқа да жағымсыз қылықтарды насихаттайтын көріністер мен хабарларды көрсетуге тыйым салынады» - деп жазылған. Украинаның телерадиохабарлар жөніндегі Ұлттық Кеңесі елдің барлық теле- және радиоканалдары орындауға міндетті телехабардардың жас ерекшелігі ескерілген арнайы градация жүйесін жасаған.

Молдовада 150-ге тарта кабельдік хабар беру операторлары жұмыс жасайды. Молдованың Теледидар мен радионы үйлестіру кеңесі барлық операторлардың өз хабарларын заң талаптары негізінде жүргізулерін талап етеді. Елдің теледидар және радио туралы заңы порнографиялық тұрғыдағы және зорлықты насихаттайтын материалдарды көрсетуге тыйым салады.



Шығыс елдерінде қандай іс-шаралар жасалған? Шығыс елдерінде балаларды медиазорлықтың теріс әсерінен қорғау үшін көптеген іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, Жапон елінде Өнегелік туралы кеңес жұмыс жасайды. Кеңес елдегі барлық телеарналардың жұмысына талдау жасап отырады. Егерде, қандай да болмасын бір арна балалар уақытында балалар көруге болмайтын фильм немесе бір көрініс көрсететін болса, онда ол арнаға өте көп мөлшерде айыппұл салынып, арна ойсырау жағдайына түседі.

Жапондықтар тіпті мобильдік телефондарды да қолға ала бастады. Мобильдік сайттарды мұқият зерттеу нәтижесінде олар зорлықты насихаттайтын, немесе порнографиялық мазмұны бар ерекше ресурстар тобын айқындады. Жапонияның Байланыс министрлігі, өз тарапынан, «қорғалмаған абоненттерді» порнография және басқа да қажетсіз информациялардың түсуінен қорғау үшін, балалар мен жас өспірімдердің телефондарын блоктау жүйесін жасаумен шұғылдана бастады.



Бізде, Қазақстанда, балаларды медиазорлықтан қорғау үшін қандай іс-шаралар жасалған? Бір сөзбен айтар болсақ, ешкандай да тиімді іс-шаралар жасалмаған.

Еліміздің 1999 ж. 23 шілдеде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 25-бабында Бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері немесе бас редакторлар… қатыгездік, зорлық пен порнографиялық хабарлар мен материалдар тарататын болса, оларға еліміздің заң актыларында бекітілген негізде жауапкершілік жүктелетіні айтылған. Заңның бұл бабының қаншалықты «нәтижелі» жұмыс жасап отырғанын бәріміз де көріп отырмыз.

Қазіргі уақытта елімізде өзін-өзі сыйлайтын бірде бір адам өз балаларымен бірге отырып теледидар көрмейді. Себебі, аяқ астынан, бір зорлық немесе порнографиялық көрініс көрсетіледі. Күн өткен сайын мұндай көріністер мен телехабарлардың саны да, көлемі де ұлғайып келеді. Қазақстанда кімде болса мұндай хабарлар көрсететін ондаға каналдардан ешқандай да қорғалмаған.

2002-2003 жылдары біз мектеп оқушыларының әлеуметтік бейнесін жасау үшін көлемді социологиялық зеттеу жүргіздік. Зерттеуге республиканың түпкір-түпкірінен 15 мың оқушы, 5 мың ата-ана, 5 мың мұғалім қатыстырылды. Бұл зеттеудің қорытындылары туралы Егемен Қазақстан кезінде көлемді мақала жариялады (19.11.2003). «Алкогольді ішімдіктерді пайдаланасың ба?» деген сұраққа 35% баланың күн сайын, аптасына бір рет немесе мереке сайын ішетіні анықталды. «Есірткі қолданасың ба?» деген сұраққа, есірткі 15% оқушының қолданыс затына айналғаны, олардың ішінде 3%-ы үздіксіз қолданатындары белгілі болды. Әр бір 13 баланың екеуінің есірткі қолданатыны өте қауыпты көрсеткіш. «Неге сен зиянды заттарды пайдаланасың?» деген сұраққа 21% бала – әдетке айналғандықтан, түрлі қиындықтарды ұмыту үшін, басқалардан ерекше көріну үшін, өзімді ересек сезіну үшін, достарымның бәрі қолданатындықтан – деп жауап берген.

Мұғалімдер мен ата-аналарға бірдей сұрақтар да берілді: «Есірткі мен ішімдік қолданатын оқушылардың санының өсу себебі неде?» деген сұраққа, мұғалімдердің 27% – өзін-өзі еліту үшін, 11% - серпілу үшін, 8% - келемеж болып қалам ба деген қорқыныштан – деп, жауап берсе, ата-аналардың 10% - өзін-өзі еліту үшін, 6% - серпілу үшін, 17% - достары арасында келемеж болып қаламын деген қорқыныштан – деп, жауап берген.

Бұл сұрақтардың жауабын мұқият қарайтын болсақ, онда оқушылардың көптеген пайызы алкоголь мен есірткі қолданатындарын және оны олардың саналы түрде жасайтындарын көреміз. Мектеп оқушыларының, яғни біздің балаларымыздың арасында мұндай жағдай неге осынша етек алған? – деген орынды сұрақ туады. Біздің ойымызша, оның негізгі себебі, бұл балалар 10-15 жыл бойы теледидардан мыңдаған-он мыңдаған наркотиктер мен алкоголь пайдалану, зорлық пен қатыгездік жасау көріністерін көрген және бұл оларға әбден үйреншікті болып кеткен.

Елімізде жастар арасында қылмыстың өсу себебін де біз осыдан деп есептейміз. Мұндай пайымдауларды жоғарыда келтірілген зерттеу нәтижелері негізінде де жасауға болады.



Халықтар Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Патриотизмді бүкіл қоғамның жалпы күшімен, әсіресе жастар арасында, біздің балаларымыздың бойында қалыптастыруымыз керек» - деген болатын.

Балалар мен жастардың бойында патриоттық қасиеттер қалыптастыру үшін, қоғамда олардың адами қасиеттерінің, психологиясы мен логикасының, мінезі мен тұлғасының қалыптасуына кері әсер ететін барлық факторларды шама келгенше шектеу қажет. Мұндай факторлардың ең ауыры, дүние жүзінің көптеген елдерінің үлкен ғылыми-зерттеу институттарының жарты ғасыр бойы жүргізген мыңдаған зерттеулерінің нәтижелері көрсетіп отырғандай – медиазорлық болып табылады. Сондықтан, еліміздің Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына, дүние жүзінің көптеген елдерінің заңдарында бар, күндізгі уақытта теледидардан зорлық және порнография көрсетуге тыйым салатын қосымша бір баб енгізілуі қажет.

Біз, қазақ халқы, шығыс халқы екенімізді ешуақытта да ұмытпауымыз керек. Ел басының қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы да, бүгінгі ғаламдау заманында қасиетті терең тамырымыздан айрылып қалмай, содан сусындаудың қажеттігінен туындаған дүние екенін әсте естен шығармағанымыз абзал. Бұл үлкен ғылыми бағдарлама. Ал шынайы өмір шындығы қандай? Біз бүгінгі күндері неге ата-баба тәлім-тәрбие дәстүрінен мүлде қол үзіп қалдық? Осы орайда бір сәт ойланып көрейікші. Егер де қасиетті бір бабамыз бір сәт жанымызға келіп, бізбен бірге теледидар көрсе, онда ол басын шайқап, қарақтарым, деп бізге сұрақ қойған болар еді. Сонда біз, басқа шығыс елдері сияқты медиазорлыққа ешқандай тосқауыл қоймай отырғанымызды немен түсіндірген болар едік?!

Атадан балаға мирас болып келе жатқан тәлім тәрбие дәстүрін Жапон елі күні бүгінге дейін қатаң сақтап қана отырған жоқ, олар жас ұрпақ алдына оны дамыту міндетін жүктеп отыр. Осыдан Жапон елі ұтылып отыр ма? Жоқ, ешқандай да ұтылып отырған жоқ. Тәрбие негізінде мектепте сапалы білім беріп отырған елдің ғылымы мен экономикасы да ғарыштап дамып отырғанын бәріміз де жақсы білеміз.

Қазіргі уақытта, елімізде, оқушылардың білім сапасын көтеру мәселесі аса маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінің дамыған елдерінің зерттеулері мен тәжірибелеріне жүгінетін болсақ, онда оқушыларға алдымен тәрбие беріп, тәрбие негізінде білім беріп отырған елдердің білім сапасы көш ілгері озып отырғанын байқаймыз. Өмірдің өзі – білім алды тәрбие қағидасының өміршеңдігін көрсетіп отыр. Елімізде білім сапасын көтеруге де медиазорлық кері әсер етіп отырғанын ашық айтуымыз керек.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Гонконгта Азия және Гонконг салыстырмалы білім беру қоғамдары ұйымдастырған Халықаралық ғылыми конференция өтті. Сонда сөйлеген сөзімізде, біз, Қазақстанның педагог ғалымдары, конференцияға қатынасушыларға зорлық пен қатыгездікті көрсететін телехабарлардың балалардың өміртанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына кері әсер ететінін талқылап, дүние жүзінің барлық елдерінің үкіметтері мен телеарналары басшыларына, жеткіншек ұрпақтардың келешегі үшін, медиазорлықты азайту жөнінде шешім қабылдауға шақыруды ұсынған едік.

Біздің ұсынысымызды конференцияға қатынасушылар толық мақұлдап, бұл мәселені быйылғы жылы қыркүйек айында Сараевода «Біртұтас әлем. Білім беру және мәдениет аралық диалог» деген тақырыпта өтетін Дүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің ХІІІ Конгресінде арнайы талқылау туралы шешім қабылданды.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада балалар мен жастардың психологиясы мен логикасының, мінезі мен адами қасиеттерінің қалыптасуына кері әсер ететін факторлар, соның ішінде медиазорлық мәселесі қарастырылған.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются проблемы медианасилия и факторы, влияющие на психологию и характер подрастающего поколения.
М Е К Т Е П К Е Д Е Й І Н Г І Ж Ә Н Е Б А С Т А У Ы Ш Б І Л ІМ Б Е Р У


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет