ШЖМ- тегі сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу
|
Мектеп:
|
|
Күні: 15.10.2020 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ерлан.Г Айелбекова.М
|
|
Сынып: 3 пен 4
|
|
|
Қатысқандар саны: 9
3 – сынып: 4 4-сынып: 5
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
3 – сынып
Несіпбек Айтұлы «Ата сөзі – алтын сөз»
|
4 - сынып
Бауыржан Момышұлы «Ата – баба тәрбиесі»
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар жасай алады:
• Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма,әңгіме,өлең түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.
|
Ресурстар
|
Оқулық, жеке тапсырмалар,қима қағаздар, суреттер, кері байланыс, стикер, слайд, бейнематериалдар
|
Бастапқы білім
|
Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің мағынасын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Жаңа сабақ
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Психологиялық ахуал.
Әдебиетім ардақтым,
Дамытар мені жан – жақты.
Өз тілімде сөйлесем
Ойым менің салмақты.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны күлегештер арқылы мадақтау,
толықтыру жасап, бағыттау.
|
3 – сынып:
|
4-сынып:
|
Үй тапсырмасын тексеру екі сыныпқа да, қима қағаз таратамын.
|
Дерт деген не ?
|
Ауру, науқас
|
Қазбек би туралы не білесің?
|
Мемлекет басқару ісіне белсене араласқан, шешен.
|
Шешендік сөз деген?
|
Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан сөз өнері.
|
«Қазыналы қарттың тәлімі» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Асан
|
Қамқор, адал дос.
|
Қасен
|
Қамқор, адал дос.
|
Асанның қызы
|
Ай десе аузы, күн десе көзі бар.
|
Қасеннің ұлы
|
Ер жеткен жігіт, өте қайратты.
|
Шәкірттердің біреуі.
|
Ақылды, қарапайым.
|
«Адами асыл қасиеттер» тақырыбы бойынша қима – қағаз сұрақтарына жауап береді.
|
Балалар бүгінгі біздің мақсатымыз мынандай:
Дескриптор
|
-Бата сөздің белгілерін білеміз.
|
-Өз ойымды, сезімімді салыстырамын. Оқу түрлерін қолданамын.
|
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін,сыныпқа ата қонаққа келеді.
Бата береді.
Төле би бабамыздың Қойгелді батырға берген батасы
Жүрген жерің жаз болсын,
Айдыныңа қаз қонсын.
Ұйқың-күлкің аз болсын,
Мерейің мақтанып,
Елің-жұртың мәз болсын.
Жая берген жапырақ,
Атсын таңың жарқырап.
Әумин!
«Сұрақ менен,жауап сенен» ойыны арқылы екі сыныпқа бірдей бата туралы сұрақтар қоямын.Дұрыс жауап берген оқушыларға күлегештер таратамын.
Бата дегеніміз не?
Батаны кімдер береді?
Батаның қандай түрлерін білесіңдер?
Бата бергенде қандай қимыл жасаймыз?
Өздерің бата беріп көрдіңдерма?
Балалар, тақтаға назарымызды аударып, бата туралы білімімізді толықтырып алайық.
-Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі.
-Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген.
-Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |