Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі



бет5/5
Дата07.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#183231
түріСабақ
1   2   3   4   5

Үйге тапсырма : 188-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Тырнақша

Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, семантикалық карта т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Мағынаға байланысты қойылатын белгінің бірі тырнақша . Тырнақша сөздердің мағынасын даралап, көңіл ауддаруға ықпал етеді.



Тырнақша қойылатын орындар




Астарлы ажуа, кекесін, қалжың мәнде айтылған сөздер тырнақшаға алынады.

Мақал-мәтел, төл сөздің ішінде бұлжытпай алынған өзге біреудің сөзі, дәйексөз тырнақшаға алынады.

Объект етіп алынған сөйлем, сөз тіркесі, сөз не буын, әріптер жақшаға алынып жазылады.

Газет, журнал, кітап, үлкенді-кішілі шығарма, қаулы, т.б. аттары тырнақшаға алынады.

Зауыт, машина, құрал-жабдық және ұйым аттары тырнақшаға алынады.

Мына «кемеңгер» сөзі беретін емес қой тіпті.

«Менің пірім -Сүйінбай» деген екен жыр алыбы Жамбыл.

«Бала» сөзінде екі буын бар.

«Ұлпан» шығармасы ұнайды, «Ана тілі» газетіне жазылдым.

«Боинг 747» ұшағы, «Қазақ тілі қоғамы»


Жаттығумен жұмыс: 191-жаттығу. Тыныс белгілерін өздерің қойып, «Алпамыс батыр» жырын тауып,дұрыс қойылған,қойылмағанын тексеріңдер.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 192-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Көне Отырар
Көне Отырар-екі мың жыл өмір сүрген,Арыс өзенінің оң жақ жиегіндегі екі жүз гектар территорияда орын алған қала. Көне дәуірлерден бұл жерлерде қаңлы, қоңырат тағы басқа тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып,отырықшылықпен танысып,басқахалықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Бидай өсіру жақсы суландырылды. Қалада жақсы су жүйесі болған.

Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрған,сондықтан,өзіне басқалардың назары көп түскен. Оны жаулап алу-таразбен,баласағұнмен,қытаймен, Кавказбен,Волга өзені және Қара теңіз жағалауымен,Бетпақ дала арқылы Сібірмен жалғастырар еді. Отырар туралы араб, парсы саяхатшыларының жазбаларында көп айтылады. ХІ ғасырдың ортасында Сырдария бойындағы жерлерді қыпшақ тайпалары жеңіп алған. Қыпшақтар қаланы кеңейтіп,су жүйесін жөндейді. Мықты қорғанысы бар Отырар 1229 жылы монғол басқыншыларына берілмей қаланы алты ай қорғаған кезде қолды басқарған батыр-хан Қайырхан еді. Отырарлықтарды алты ай мерзімнен кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған,қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала 50 жылдан кейін ғана қайта өмірге келді, бірақ, ол талай рет тағдырдың қаталдығына ұшырайды.

( 172 сөз)

Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма : Қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тоғжан аулында

Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші толы тірелген жүк, буулы тең менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет,алаша, тұс киізбен қоршалыпты.

Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық,кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.

Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы-Әділбек,Асылбекпен- бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге, әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы -Тоғжан. Абай келгеннен бері, Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы,бастағы кәмшат бөркі,білек толған неше білезіктері-баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді,қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай болдып қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас,жүрекке шабар жендеттің жебесіндей,

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса сұлу қастары бір түйіле түсіп,бір жазылып, толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай.

(192 сөз)

Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма : Қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ұрпақ-өмір жалғасы

Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы-сұлулық пен арпалысқа,қым-қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың,халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала-құлалық болғанымен,бәріне ортақ бір түпқазық-ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Өйткені,перзент-жеке адамның ғана емес,ұлыс пен ұлттың ертеңі,келер тарихқа барар аманат.бұл-табиғат-ана қалыптастырған әсем де қасиетті құбылыс. Ұрпақ-саналы өмірдің ең басты кепілдігі.

Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай болары-ғасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген,не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік бауырмалдықты,әрбір ру мен аталықтың,әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі-ұл тілеген. Ұл- берісі өз үйінің отын өшірмесе,әрісі елге қамқор,жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала-ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы,қала берді,қарт ата-ананың сүйеніші.

Дүниеге қыздың келуі-отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата-анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп,жүріс-тұрыс, іс-қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді,қызға қамқор болады.
(173 сөз.)

Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма : Қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қысқы түн

Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы. Ашуы келіп аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы қараған затты жерге қаққандай болып құлшынып тұр. Ысқырып,бұлқынып,жынданып, келе жатқан жолында беті қара жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де, екпіндеп келіп, кеудесімен соғып,ақ түтек боранның қиыршақтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр.

Долы желдің айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтанған ұсақ қар ұйытқып келіп,қуыс жердің бетін басып жатыр.

Шыңтау тентек желдің ашуы мен ойнағына қарап, тұманды ойға батқандай,бас жағы бұлтқа араласып,мұнарланып,түнеріп тұр.

Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай: аспандағы ай-жұлдыз,жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ.Айнала аппақ болып тұтасып алған.

Биік тауға екпіндеп ойнап шығып,шың басында өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде,долы дауыл сай бойында жын-перінің күйіне билегендей болады. Ағындап құтырып келіп,жартасқа соғып қорқытпақ болып,көрігін басып гуілдейді.

Мұхтар Әуезов (177 сөз.)

Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма : Қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Тіл қоғамдық құбылыс ретінде:

А) Қоғамдағы заңдылықтарды реттейді.

Ә) қоғамдағы тарихи оқиғалардың тізбесін жасайды.

Б) қоғамға қызмет етеді.

2. Қазақ тілімен туыстас тілдерді белгілеңдер.

А) араб, француз, түрік

ә) құмық,татар,қарақалпақ.

Б) қырғыз, ағылшын,орыс

3. Тіл-


А) хат жазу көрсеткіші;

Ә) қарым-қатынас құралы;

Б) тыныс белгілері туралы ілім

4. «Тіл туралы Заң» неше баптан тұрады?

А) 27 Ә) 17 Б) 37

5. Мемлекеттік тіл қай салаларда қолданылады?

А) барлық салада Ә) заң шығару,ғылым,білім, мәдениет салаларында

Б) Ол-бұқаралық ақпарат құралдары,ресми іс-қағаздардың тілі.

6. Орхон-Енисей жазуларын алғаш оқыған ғалымдар кімдер?

А) С.Е.Малов,Ж.Баласағұн,Қорқыт.

ә) С.Е.Малов, В.В.Радлов, В. Томсен

б) Әль Фараби, В.В. Радлов, В.Томсен

7. Қазақ тілі кімдердің ана тілі болып есептеледі?

А) әлемдегі барлық қазақтардың

Ә) Тек қана Қазақстан қазақтарының

Б) Қазақстандағы барлық халықтың

8. Шу бойынан және барсығаннан шыққан ғұламалар кімдер?

А) Баласағұни, Қашқари

ә) Әл-Фараби,Қашқари.

Б) Йүгнеки,Қашқари

9. Қазақ тілі қай топқа жатады?

А) Шығыс тілдері тобына Ә) Үнді-еуропа тілдері тобына

Б) Қыпшақ-ноғай тобына

10. «тілсіз қоғам-өлі, мынау дүние» деген жолдар қай ақынның өлеңінен алынған?

А) С.Торайғыров Ә) А.Байтұрсынов Б) М.Мақатаев

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Егер тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса, онда...

А) шығарманың ой-желісі еш өзгермейді.

ә) айтушының көңіл-күйі мен айтылмақ ойын өз дәрежесінде қабылдай алмаймыз.

Б) Ойды дәл, нақты, тұжырымды хабарлайды

2. Мәтіннің тыныс белгісін қою үшін қандай белгілерге сүйенеді?

А) грамматикалық принцип, мағыналық принцип, сөйлем интонациясы

ә) грамматикалық принцип, үндестік заңы, сөйлем интонациясы

Б) буын үндестігі мағыналық принцип, сөйлем интонациясы

3. Қандай тыныс белгілері қойылмаған?

Ол: Батырне жауап қайтарамыз-деп сұрады.

А) жақша, үтір, нүкте Ә)тырнақша,үтір, сұрау белгісі Б) тырнақша,үтір, көп нүкте.

4. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін белгілеңдер.

А) қос нүкте,леп белгісі; Ә) үтірлі нүкте,нүкте Б) сұрау белгісі, нүкте

5. Көтеріңкі дауыспен айтылатын қаратпа сөздерден кейін...

А) сұрау және леп белгісі Ә) леп белгісі және нүкте Б) леп белгісі қойылады.

6) Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгісін көрсетіңдер.

А) қос нүкте, үтір, жақша, нүктелі үтір, тырнақша.

Ә) сұрау белгісі,үтір, сызықша, жақша, тырнақша.

Б) қос нүкте, үтір, нүкте, жақша, тырнақша

7. Өлең жолындағы қойылмай қалған тыныс белгісін белгілеңдер. Кешір шеше Мәңгілік майдандамын.

А) қос нүкте, жақша, Ә) үтір, леп белгісі Б) үтір, нүкте

8. Бірыңғай мүшелердің мағынасын жинақтап,топтастырып тұрған жалпылауыштың алдынан...

А) қос нүкте қойылады Ә) сызықша қойылады Б) үтірлі нүкте қойылады

9. Жалғаулықтары түсіріліп айтылған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын тыныс белгілері

А) қос нүкте,үтір Ә) жақша мен сызықша Б) үтір мен сызықша

10. Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылған сызықшаны тап.

А) –Балалар, келді,-деді ол.

Ә) Абай-ұлы ақын.

Б) Аяқ-арғымақ,қол-қанат.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру т.б

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,таблицалар. т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаттығумен жұмыс: 210-жаттығу Мәтіндерді стиліне қарай топтастырыңдар.


Ауызекі стиль

Көркем әдебиет стилі

Публицистикалық стиль

Ғылыми стиль

Ресми стиль















212-жаттығу. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп, мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылу орны мен мағынасы, дауыс ырғағына әсері жөніндегі өз ойларыңды кестеге толтырыңдар.




Қос нүкте

тырнақша

үтір

сызықша

Сұрау белгісі















215-жаттығу. Мәтіннің стилін анықтаңдар. Шығарма тіліндегі теңеу, суреттемелерді көшіріп жазып, өзіндік пікірлеріңді жазыңдар.




мысал

өзіндік пікір

Күміс қылыштай жарқылдап

Мұндай суреттеу тілін кездестірген емеспін. Мүмкін су асты өмірін суреттеген шығармаларды оқымағаннан болар. Дегенмен балықты жарқылдаған күміс қылышқа теңеуі,су ішіндегі жылдамдығын найзағай жарқылына теңеуі-керемет суреттер.

Найзағайдай ағып келе жатқан

Оқтаудай жұмырланып алған жарау дене


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет