Сабақтың тақырыбы: 1905-1907жылдардағы революция кезіндегі Қазақстан



Дата25.02.2016
өлшемі51.5 Kb.
#19447
түріСабақ
Мухамеджанова Айжан Абдулиқызы

Жамбыл облысы

Талас ауданы

Талапты орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі

9-сынып

Тел: 87754551214

Сабақтың тақырыбы: 1905-1907жылдардағы революция кезіндегі

Қазақстан

Мақсаты: Білімділік: 1905-1907жылдардағы революция және оның

Қазақстанның саяси дамуына әсері туралы түсінік

беру

Дамытушылық: Мемлекеттік Дума және ондағы қаралған



мәселелер туралы ойларын дамыту

Тәрбиелік: Отаншылдыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу



Көрнекілігі : Қазақ зиялылары портреттері

Әдісі: 1 Баяндау

2 Сұрақ-жауап



Түрі: Аралас сабақ

Типі: : Жаңа сабақты меңгерту

Барысы: І Ұйымдастырукезеңі
а/ сәлемдесу

б/ Зейінін сабаққа бұру

Сынып екі топқа бөлінеді

І топ – Барыс

ІІ топ – Самұрық

Әр дұрыс жауап 10 балдық жүйемен есептеледі және жеке оқушының жауабына қарай баға қойылады.



ІІ Үй жұмысы

І топ


1 Ресей әкімшілігінің Қазақстандағы 1867-68 ж реформаны жасаудағы

мақсаты.

2 1868ж көтерілістің алғышарттарын және шығу себептерін ата.

3 Көтерілістің барысы және жеңілу себептреін айт.

ІІ топ

1 Көтерілістің қозғаушы күші



2 1870 ж Маңғыстау көтерілісінің шығу себептері.

3 Көтерілістің қозғаушы күштері



Үй жұмысын бекіту:

Сонымен көтеріліс 1867-68 ж реформаға байланысты шықты. Бұл реформа қазақ даласының жер пайдалану құқығына қайшы келді. Бұл көтерілістің бұрынғы көтерілістерден ерекшелігі әлеуметтік құрамы жағынан әр түрлі болуында және ұйымдастырушылықтың болуында.

Жаңа сабақ

Миға шабуыл

І топ

1 ХХ ғ басында Қазақ жері неше генерал- губернаторлыққа бөлінді?



2-ге бөлінді. Түркістан және Дала г/ г

2 Қазақ өлкесі неше облыстан тұрды? 6

3 Сырдария, жетісу облыстарының орталығы қай қала болды? Ташкент

4 Ақмола, Семей, Орал, Торғай обыстарының орталығы қай қала? Омбы

5 1853- 1905ж қанша десятина жерді Ресей империясы тартып алды? 4 млн

ІІ топ


1 1906-1907ж қанша десятина жерді Ресей империясы тартып алды?/ 17 млн

2 Отарлық ұлт отарларының «ұйқыдан оянуына» негіз болған 1905ж оқиға?

Ресейдегі «Қанды жексенбі»

3 1896ж қазақ өлкесіндегі алғашқы маркстік үйірмені ашқан кім? / Ушаков

4 1902 ж осындай үйірме қай қалада ашылды? /Орынборда.

5 Дума деген не? Ресей заң шығару органы



ІІ Жаңалықтар

Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып , кіріптарлық күйге түскен қазақтардың ауыр халі, патшаның отарлық саяаты қазақтың оқыған азаматтарын а ой салды. Күрес сахнасына : Ә Бөкейханов, А Байтұрсынов, М Тынышбаев, Х Досмухамедов, Ж Ақбаевтар шықты.

Егер орыс азаттық қозғалысының мақсаты :

Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын жойып, экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса,



қазақ ұлт зиялылардың бастаған ұлт-азаттық қозғалысының мақсаты ұлттық еркіндік және теңдікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең құқықты өркендеуге жол ашу болды.

1905ж желтоқсанда – Успен кенішінде 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

1905ж ақпанда - Түркістанда

1905ж мамырда - Верный, Перовскі, Қостанайда ереуілдер болды.

1905ж шілде – Семейде 500 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

1905ж қараша – Семейде почта- телеграф қызыметкерлері ереуілі болды.

1906ж Семей, Жетісу, сырдария облыстарында толқулар болды.

Ұлт зиялылары патшаның саясатына қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп салықтың көбейуіне, жаппай қоныстандыру саясатына қарсы шығып, өз көзқарастарын баспасөз беттеріне жариялап отырды.

М Тынышбаев: «сахарадағы толқудың басты себебі саяси, рухани, діни, экономикалық езгі» деп ашық айтты. Көтерілістер Шымкент, Әулиеата, Семейде басталды. Қарқаралы жәрмеңкесінде атақты петиция / арыз-тілек/ дүниеге келді. Оған 14,5 мың адам қол қойды.

Қазақ қоғамындағы тағы бір жаңалық 1905ж 6 тамыздағы Мемлекеттік Думаға депутат сайлау туралы манифиест болды.

І Мемлекеттік Думаға 1906ж үш депутат қатысты.

1 Торғайдан -Ахмет Бірімжанов-заңгер

2 Семейден - Ә Бөкейханов агроном -статист

3 Оралдан – Алпысбай Қалменов- заңгер

Бұлар жоғарғы білімді мамандар еді. Бр болғаны 72 күн өмір сүрген ! Думаның 182 депутаты, ішінде Ә Бөкейханов бар Выборг манифиестіне қол қойып наразылық танытты.

1907ж 20 ақпанда ІІ Мемлекеттік Думаға бес депутат сайланды

1 Оралдан – Б Қаратаев –заңгер

2 Жетісудан – М Тынышбаев –инженер

3 Сырдариядан – Б Құлманов – заңгер

4 Семейден – Т Нұркенов

5 Ақмоладан – Қошығұлұлы

Бұлар 53 адам қол қойған Мәлімдемме жасап Дума төрағасына тапсырды.

Осыған байланысты 1907ж 3 маусымда үкімет»Көшпелі бұратаналар сайлауға қатыса алммайды» деп заң қабылдады.Сөйтіп ІІІ және ІҮ Думаға депутаттар сайланбады.

Жеңілу себептері:



  • Қазақ жұмысшыларының аздығы

  • Қазақ ауылдарының орталықтан алыс болуы

  • Тәжірибиенің аздығы

Тарихи маңызы:

    1. Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибиеден өтті

    2. Күрес барысында революционерлер тәрбиеленді

    3. Қазақ еңбекшілері оянды.

Сабақты пысықтау:

ІІІ Тарихи жұмбақ

Шарты : Берілген оқиғаның не туралы екенін табу керек



10 Ол дала өлкесінде көп дабыра туғызды, Оған 14,5 мың адам қол қойды .

Қарқаралы арыз- тілегі



20 Бұл бойынша қазақ еліне Мемлекеттік думаға депутат сайлау құқығы берілді. / 1905 ж манифиест

30 Бұған қазақ елінің атынан үш депутат сайланды. І Мемлекеттік Дума

40 Б Қаратаев: «130 000 помещиктің мүддесін қорғау үшін үкімет жерсіз қалған орыс шаруаларына жарамды қазақ жерлерін тартып әперіп отыр».

/ Б Қаратаев

ІІ Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінен



50 Көшпелі бұратаналар сайлауға қатыса алмайды. / 1907 ж үкімет заңы

60 Ақмола, Семей облыстарында жергілікті халық жер тапшылығын көріп

отыр. /ІІ Мемлекеттік Думадағы мәлімдеме

ІҮ Композиция құру

1Болған оқиға -1906-07ж революция

2 Шығу себебі- отаршылдыққа қарсы

3Қозғаушы күші – жұмысшылар, шаруалар, зиялы қауым

4 Оқиғаның шиеленісуі – қазақ жеріне қоныстанушылардың келуі

5 Оқиғаның кейіпкелері – патша, патша үкіметі, қазақтар

6 Жағымды кейіпкерлер – қазақ зиялы қауымы мен орыс революционерлері

7 Жағымсыз кейіпкерлер- патша және оның үкіметі

8 Нәтижиесі – жеңілді

9 Жеңілу себептері- Ұйымшылдықтың аздығы.

10 Тарихи маңызы – Қазақ елі оянды

Ү Сабақты бекіту:

Бұл кім?


1 Қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым – лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы, зерттеуші, оқулықтар авторы. Қуғын-сүргінге түсті- мұқалмады; түрмеге қамалды- жасымады;Мұғалім боп бала оқытты, газет шығарып мақала жазды. Бұл кім? /А Байтұрсынұлы

2 Қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш темір жол инженері, тарихшы ғалым, Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссары ,Қоқан автономиясының премьер- министрі,Түркістан-Сібір теміржолын салушы Алашорда үкіметінң мүшесі.Бұл кім? /М Тынышбаев

3 Қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалыстың теориялық негізін салушы,, қазақтың тұңғыш партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасы,Шыңғыс ханның балсы Жошының ұрпағы, Қазақ автономиялы республикасының төрағасы Ресейдің І Думасының депутаты, ІҮ мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы.Бұл кім?

Ә Бөкейханов

4 Санкт-Петербург Әскери- медициналық академиясын алтын медальмен бітірген, 1924ж Ресей академиясының Орталық өлкетану бюросының мүшесі, Қазақ педогогика институтының проректоры, Қазақ мемлекеттік университетін ашуға үлес қосқан, осы университеттің бірінші проректоры, Табиғаттану, оқушылардың денсаулығын сақтау, адамның тән тірлігі, сүйектілер туралы атты еңбектердің авторы, Сана журналының редакторы, саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, тілтанушы, табиғаттанушы, әдебиетші,ауыз әдебиетін жинақтаушы, аудармашы.Воренежге жер аударылып, Мәскеу, Алмат түрмесінде отырған, 1937 ж атылған. Бұл кім?

Х Досмухамедұлы

5 Қазақтың аса көрнекті қайраткері, ағартушы, ақын, көсемсөз шебері, ауылда туып ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызымет еткен, аыл мұғалімі атанған, өз бетінше ізденіп, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген. Ол кім?

М Дулатов

6 қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушы,ауыл молдасынан оқып, Баянауылдағы орыс мектебін бітірген,Семейдегі мұғалімдер мектебін бітіргенАлаш партиясының мүшесі, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары, Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қазақ тілі газетінің редакторы, Шымкент педтехникумының директоры, 1931 ж ату жазасына кесілген.

Сабақты қорыту:

Сонымен біз бүгін 1905-07 ж қазақ даласындағы көтерілістер мен оны ұйымдастырушы зиялы қауым және олардың еліне сіңірген еңбектері жайында оқып үйрендік.

Топтардың ұпайларын айту.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Берілген тақырыпты оқу.

Бүгінгі сабақ кейіпкелері жайында реферат жазу



«Қазағымның көгіне өрмелеп шығып күн болам»

тақырыбына эссе жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет