Бақылау сұрақтары
С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болды: 1783 – 1797 ж.
Уфаға жер аударылып, сол жерде 1790 жылы дүние салған хан: Нұралы
О.А.Игельстром ұсынған реформаның мәні: Кіші жүзде хандық билікті жою
С.Датұлы көтерілісінің алғы шарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі Жайық казак әскерлерінің озбырлығы Нұралы ханның салық саясаты
1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы: Сперанский
Орта жүзде хандық билік жойылған жыл: 1822 жыл
1824 жылы Кіші жүзде болған жағдай: Хандық билік жойылды
1824 жылғы « Орынбор қазақтарының Жарғысы» авторы: Эссен
К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: үш жүзді
1837-1847 жж. Болған ұлт-аззаттық көтерілістің басшысы: К.Қасымұлы
«Кенесарыға көзсiз ерлiк тән едi»,-деп жазған орыс зерттеушiлерiнiң бiрi: Л. Мейер
1847 жылғы сәуiрде Кенесары он мыңдай қолмен жерiне басып кiрдi: Қырғызстанның жері
«Менiң мұнда келгендегі мақсатым, сендермен жауласу, қан төгiсу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту болып табылады» деп қырғыздарға үндеу тастаған: Кенесары
1836-1838 жылдардағы көтеріліс қамтыды: Бөкей Ордасын
1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы көтерілістің басты мақсаты: Хан озбырлығына шек қою
1836-1838 жж. Әшкі Ордадағы шаруалар көтерілісін басқарған қолбасшылар: Тайманұлы, Өтемісұлы
Кіші жүздегі шарулар көтерілісін басқарған, жырларымен көтерілісшілерді рухтандырған ақын: Махамбет
Махамбет Өтемісұлымен жақсы қарым-қатынаста болған орыс ғалымдары: Г.С.Карелин, В.И.Даль
Махамбет Өтемісұлы өз өлеңдерінде жырлады: Хан сұлтандардың озбырлығын
Бөкей Ордасындағы көтеріліс кезінде Жәңгір ханды қолдаған сыбайластары: Қарауылқожа Бабажанұлы, Балқы Құдайбергенұлы
Исатай Тайманұлымен келіссөз жүргізген генерал-губернатор: В.Перовский
Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом
1850 жылдары Хиуалықтармен қоқандықтарға қарсы күресті ұйымдастырушылар: Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы
Достарыңызбен бөлісу: |