11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
Қазақ АКСР-нің Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы болып қайта құрылуы, оның тарихи маңызы, Республиканың экономикалық өрлеуі туралы түсіндіру;
Белсенділігін арттырып, тарихқа қызықтыру білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: интерактивті,топтық тапсырма
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырмасы
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінісіңдер?
Кеңес билігі түсында қуғын сүргіннің қайталанып отыру себебі неде деп ойлайсыңдар?
Қаз АКСР-нің одақтас республика болып қайта құрылуының қазақ халқының тарихында қандай маңызы болды?
Одақтас республиканың мәртебесі және оның Кеңестік жағдайда іс жүзіне асырылу мүмкіндігі туралы ойларыңды ортаға салыңдар.
Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақ АКСР-нің одақтас республика болып құрылуы.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше ҮІІІ съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі Заңын-КСРО Конституциясын қабылдады.
Бұған дейін Ресей Федерациясының құрамында автономия болып келген Қазақстан енді одақтас республика болып қайта құрылып, бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қаз КСР-і) деп аталатын болды.
1937 жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдады.
Қазақ КСР Конституциясында Қазақ КСР-нің саяси негізі-еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен жабдықтарына социалистік меншік болып табылатыны жарияланды.
Қазақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
Соғысқа дейінгі кезеңде экономиканың дамуы.
Сабақты бекіту:
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
1936 жылы КСРО-ның 1937 жылы қазақ КСР-нің Конституциялары және олардағы Қазақатснның мемлекеттік мәртебесінің өзгеруі туралы ақпараттарды саралау.
Қазақ АКСР-нің одақтас республика болып қайта құрылуының қазақ халқының тарихында қандай маңызы болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §
Тест құрау
Достарыңызбен бөлісу: |