Сабақтың тақырыбы 3-бөлім. Адам жанының құпиясы Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы Оқу мақсаттары



Дата22.02.2024
өлшемі390.75 Kb.
#492852
түріСабақ
9 сынып қазақ әдебиеті Ғ. Мүсірепов «Ұлпан»-4


Суреттердің арасында қандай байланыс бар?
Бұл адамдардың өмірі мен іс-әрекеттерінің ұлт тарихынағы мәні қандай?
Бұл қатарға кімнің суретін қосар едіңіз?

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы

Оқу мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Бағалау критерийлері

«Ұлпан» романын басқа туындымен салыстырады
«Ұлпан» романының тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Ой шақыру:

Ой шақыру:

Әйел теңдігі туралы әлем әдебиеті үлгісінен қандай шығармаларды атай аласыздар?

«Ұлпан» шығармасына ұқсас қандай фильмдер білесіздер?

1 тапсырма. ТЖ

1 тапсырма. ТЖ

«Ұлпан» романын басқа туындымен салыстыру негізінде кестені толтырыңыз.


Дескриптор:
Туындылардың:
- сюжетіндегі ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды, баға береді
- тақырыбындағы ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды, баға береді
- идеясындағы ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды, баға береді.

2 тапсырма Т. «Талдап білу» әдісі

2 тапсырма Т. «Талдап білу» әдісі

Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романын өздеріңіз таңдаған ұқсас туындымен салыстыра талдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіздер.

  • Анықтаушы – шығарманың көркемдік құндылығын дәледейтін аргументтер дайындайды.
  • Талқылаушы – шығарманың тарихи құндылығы бойынша 3 сұрақ дайындайды, басқа топтарға қояды.
  • Байланыстырушы - шығармадағы тарихи шындықты өмірмен байланыстырады.
  • Топ шешені – шығарма идеясын ашатын монолог/өлең шумақтарын/ құрастырады.
  • Қорытындылаушы – топтық жұмысты қорытындылап, Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романының тарихи және көркем құндылығына баға береді.
  • Дескрипторлар:

  • шығарманың көркемдік құндылығын анықтайды;
  • шығарманың тарихи құндылығын анықтайды;
  • романның тарихи және көркем құндылығына баға береді.

Бекіту тапсырмасы
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы келесі сұраққа жауап беріңіз:
«Ұлпан» романының тарихи және көркемдік құндылығы неде?

Менің ойымша...
Себебі, мен оны мен былай түсіндіремін...
Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...
Рефлексия

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет