Атырау облысы Құрманғазы ауданы
Иманғалиева Мазлумат
Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: 10 көлеміндегі сандарға 5-ті қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
-
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, логикалық қабілеьтін, математикалық сөлеу тілін жетілдіру. Шығармашылық қабілетін дамыту.
-
Тәрбиелілігі: Оқушыларды тапқырлыққа, тез ойлауға, өз ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ойын, логикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап
Керекті құралдар: Оқулық, интерактивті тақта, қима қағаздар, суреттер
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын шығарту
ІІ. Психологиялық дайындық
«Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.»
Ж. Баласағұн
Адам өмірге келеді. Адам баласына күн жылуы мен ана махаббатынан басқа киінгі бойға екі ұлы қасиетті меңгерту керек. Олар – мейірімділк пен білім. Алдағы өмірін аңсаған адам білімге құштар болу керек.
- Сондықтан бүгінгі сабағымызда тапқырлықпен білімді ортаға салайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Көңілді қадам». Өткенді еске түсіру. Қанша арзан? Ауызша мысалдар құрап, шешуін табу.
«Қызықты есептеу»
+4 -2 +2 -3 +3 -4 +4 +5 -5 -0
ІҮ. Жаңа сабақ.
– Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз 5 санын қосу және азайту
Оқулықтағы №1 тапсырма арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Қосу, азайту амалдарының компонентін еске түсіру.
- Қосылғышы 5 болатын қосындыларды ата
- Азайтқышы 5 болатын айырмаларды ата
0+5= 5 5-5=0
1+5=6 6-5=1
2+5=7 7-5=2
3+5=8 8-5=3
4+5=9 9-4=5
5+5=10 10-5=5
Ү. №2 Жаңа ұғымды меңгеруіне өзбеттік жұмыс
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
5+5=10 10-5= 5 4+5= 9 9-5= 4
Ойлан, тап! №3
9см
• •
5см
• • 9см – 5см= 4см
5см 5см > 4см
• •
ҮІ. Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім
ҮІІ. Кел, ойнайық!
Құлпынай теріп алайық
7 5 9
4+3-2 2+4+3 10-4+1 7+3-5
7-4+6 8+2-1 9-8+6
ҮІІІ. №4 Есепті шығар
Ою – 9
Боялғаны – 5
Қалғаны - ?
Шешуі: 9-5= 4
Жауабы: 4 ою қалды
ІХ. Білгенге маржан, білмегенге арзан
Ой толғаныс
5 саны туралы санамақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешу, жаңылтпаштар айту.
1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,
Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.
Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма,
Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)
5 баға, бесбұрыш, 5тең, 5 алып, 5тұлпар, 5арыс, 5қару, 5бақыт, 5жігіт, 5жетім, 5тас 5дұшпан, 5асыл, бес саусақ
Балалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.
5 алып
1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,
әнші-сазгер.
2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқын
дүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан
4.Қазақбай қажы палуан
5.Қасымхан палуан
5 тұлпар
(ер қанаты болған бес тұлпар)
1.Қара ат 2.Керкекіл 3.Тайбурыл 4.Көкдөнен 5.Ардакүрең
5 тең
1.Әкеден алған ақылың
Даңғыл қара жолмен тең.
2.Ағайының көп болса,
Сапта тұрған қолмен тең.
3.Жақсы болса ағаңыз,
Асқар асу белмен тең.
4.Елгезек болса ініңіз,
Ерттеулі атпен тең.
5.Көпті көрген қартыңыз,
Жазылған шежіре хатпен тең.
5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.
5 бақыт
1.Астыңдағы атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы.
2.Алған жарың жақсы болса,
Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.
3.Әкең асқар тау.
4.Шешең қайнар бұлақ.
5.Балаң жақсы болса,
Екі көзіңнің шырағы.
5 жігіт
1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт
5.айналып соғар із жігіт
5 жетім
1.Иесіз қалған жер жетім,
2.Басшысыз қалған ел жетім.
3.Аққу-қазсыз көл жетім.
4.Тыңдалмаған сөз жетім.
5.Іздемесе қыз жетім.
5 дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
5 асыл
Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау
5 саусақ
Басбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек
Бес тас
Бестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрттік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.
Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.
«Бес саусақ» (санамақ)
Бас бармағым, Сұқ саусағым,
Бақташы бол! Сауыншы бол!
Қырағы көз, Өнеріңе
Сақ малшы бол! Табынсын ел!
Ортаң қолым, Аты жоғым,
Орманшы бол! Аспазшы бол!
Күллі орманға Өз қолыңнан
Қорғаншы бол! Дәм татсын ел!
Шынашағым,
Бақшашы бол!
Жемісіңді
Мақтасын ел.
Х. Қорытынды
Ойын: «Гүлдер мен аралар»
1+5 6-5 10-5 2+5
4+5 5+5 7-5 3+5
ХІ. Үйге тапсырма
Логикалық тапсырмаларды шешу 127-бет
ХІІ. Бағалау (смайликтер арқылы)
Достарыңызбен бөлісу: |